Жылдам және оңай бейнередактор
Әсерлі бейнелер жасау үшін қажеттінің бәрі бар және оған тәжірибе қажет те емес.
Контентті жасауға көмектесетін интеллектуалдық құралдар
Автоматты субтитр
80-нен астам тілде дәл субтитрлерді автоматты түрде жасаңыз.Біздің сөзді мәтінге айналдыру технологиямыз бейнедегі дыбысты қауіпсіз транскрипциялап, бірнеше минуттың ішінде оқуға болатын субтитрларға айналдырады.
Мәтінді сөзге айналдыру
Бір ғана түймешікті басу арқылы мәтінді сөзге айналдырыңыз. Табиғи дауыстардың кең ауқымын дәл келтіріп айту үшін тілді таңдаңыз, дауысты, екп інді, мәнерді және ырғақты өзгертіңіз.
Бейне өлшемін өзгерту
Бейне пропорцияларын кез келген платформаға сай өзгертіңіз. Бейненің айналасындағы бос орынды толтыру үшін фон түсін және бұлыңғырлық әсерлерін қосыңыз немесе бүкіл экранды толтыру үшін бейнені қиып алыңыз.
Тілді жаттықтыру
Веб-камерадан жазу құралындағы тілді жаттықтыру функциясының көмегімен сұхбаттарды сенімді жүргізіңіз.Өз ырғағыңызды, екпініңізді және сіз қолданатын кірістірме сөздерді қадағалаңыз. Әңгімелесу дағдыларын жақсарту, сенімділікті арттыру және аудиторияны қызықтыра білу жолдарын үйреніңіз.
Автоматты жасау
ЖИ көмегімен бейнелер жасау арқылы өңдеуге уақытты үнемдеңіз.Фотосуреттер мен бейнелерді жүктеп салыңыз, бейне стилін таңдаңыз және медиа кез келген платформа үшін бөлісуге болатын бейнеге айналғанын көріңіз.
Бейнені тегін элементтердің көмегімен түрлендіру
Су таңбасы жоқ бейнелердің шексіз санын жасау
Clipchamp анықтығы жоғары (1080p) бейнелердің кез келген санын тегін жасауға мүмкіндік береді, осылайша бар назарды ең басты нәрсеге, яғни контентке аудара аласыз.Бейнелерді жұмыс үшін жасасаңыз да, жай ермек үшін жасасаңыз да, біздің тегін бейнередакторымыз бюджет шегінде тартымды контент жасауға мүмкіндік беретін таптырмас құрал болмақ.
Қайда болсаңыз да, қажеттінің бәрі өзіңізбен бірге
Браузер бағдарламасы
Біздің шолғыштағы бейне редакторымыз қуатты компьютерді немесе қымбат бағдарламалық құралды қажет етпей-ақ, бейнелеріңізге оңай қол жеткізуге және оларды өңдеуді бірден бастауға мүмкіндік береді.
Жұмыс үстелінің бағдарламасы
Windows 11 жүйесіндегі Бастау мәзірінен Clipchamp қолданбасын табыңыз немесе Microsoft Store дүкенінен Windows 10 үшін жүктеп алыңыз. Премиум мүмкіндіктер Microsoft365 жазылымымен қол жетімді.
Мобильді құрылғы бағдарламасы
Бейнелерді жол-жөнекей жасаңыз. Өз туындыңызды бейнеге жазып, өңдеп, субтитр қосу сияқты әрекеттердің бәрін бір бағдарламада жасаңыз. Clipchamp бағдарамасын енді iOS құрылғылары үшін App Store дүкенінен де алуға болады.
Әрбір адам игере алатын бейнередактор
- 1
Авторларға таптырмас дүние
- 2
Бизнеске пайдалы шешім
- 3
Мұғалімдерге баға жетпес нәрсе
Миллиондаған редакторлардың таңдауы
Тегін нұсқада осы мүмкіндіктердің бәрі болады деп мүлде ойламап едім.Тегін әрі мүмкіндіктерді жақсы қамтыған, сондай-ақ түсінікті бейне өңдеу сайтының болғанына қатты таң қалдым және шын айтсам, қатты ризамын.Пайдалану кезінде әр сәттен ләззат алдым.Clipchamp – әлеуметтік желі контентім үшін қолданатын басты бейне өңдеу құралым.
Маған Clipchamp-ты пайдаланудың оңай болғаны ұнайды. Ол шынымен тәжірибесі мен машығына қарамастан кез келген адам үшін керемет бейне жасау мүмкіндігін ашып берді. Болашақта көп үміт күттіретін автор немесе маусымдық бейнеблогер болсаңыз д а, Clipchamp сізге әрдайым көмектеседі.