Instagram-ға арналған видеоларды онлайн жасаңыз

Clipchamp-тің оңай видеоредакторында керемет видео шаблондарды, музыканы және анимациялық мәтіндерді пайдаланып, Instagram-ға арналған контент жасаңыз. Ештеңені жүктеп алудың қажеті жоқ.

Instagram landing page hero

Instagram-да жаңа деңгейге көтеріліңіз!

  • Instagram-ды жаңа пайдаланып жатырсыз ба әлде #шабыт жетіспей жатыр ма?Instagram жайлы бұл нұсқаулықтан түрлі видео форматтары жайлы біліңіз, ұсыныстармен және видеоларды жылдам жасау әдістерімен танысыңыз.

  • Брендіңіз бен өнімдеріңізді жарнамалағыңыз немесе жаппай сатылым туралы жариялағыңыз келе ме?Не сатып жатсаңыз да, Instagram-да видео жарнама жасап, тауарыңызға тұтынушы табыңыз.

  • Бұл трендтегі бағдарламада видеоларыңыз көп көрілуі үшін, Reels-тің, Stories-тің немесе жарнаманың қайсысын жасарыңызды білмей отырсыз ба?Авторлар, маркетологтер және компаниялар үшін таптырмайтын шешімді табу үшін осы мақаланы соңына дейін оқыңыз.

Instagram-да Reels жасау

Ең жақсы Reels-тер өзіне баурап алады!Instagram-ды пайдаланатын адамдардың қызығушылықтары сан алуан болғандықтан, ол – өмірде өз орнын табу туралы пост жариялауға, ниеттері мен мүдделері бірдей адамдармен танысуға және контентіңізді монетизациялауға таптырмайтын әлеуметтік желі.

Авторлар таңертеңгілік тіршіліктен бастап өздеріне ұнайтын өнімдерге дейін түсіріп, қайталанбас контент жасайды, өмірде орын алып жатқан түрлі тенденцияларды талқылайды және танымал брендтердің көзіне түсуге тырысады.

Компаниялар Reels түсіріп, өздерін көрсеткісі келеді, маркетингілік іс-шараларын жүргізеді және өрісі кеңейген сайын өз бренді туралы жағымды пікір қалыптастыруға тырысады.

Instagram-да Reel жасаудың ең жақсы идеялары

Pink large smile icon

Реакциялық Reel

Көңіл күйіңізбен бөлісіңіз! Жаңа авторлар танымал контентке реакция білдірсе, адамдардың көзіне түсіп, өз болмысын көрсетіп, жазушылар жинай алады. Реакциялық видео жақсы шығуы үшін, қызықты, сенімді болуы және кемеңгерлігімен ерекшеленуі қажет. Бастапқы клиппен қатар қойып немесе одан кейін реакция білдіруге болады.Қызықсыз бөліктерді қиып тастаңыз, көрермендерді баурап алу үшін GIF және дыбыс әсерлерін қосыңыз.

Blue music icon

Челленджге қатысты танымал Reel

Трендтен қалмаңыз! TikTok трендтерін барынша қайталайтын Instagram челледждері арқасында видео түсіру идеялары таусылмайды. Видео жақсы шығуы үшін, әдетте өзгеше бұрыштан көрсетілуі немесе креативті идеямен түсіріліп, челленджге қызығушылықты одан да бетер арттыруы қажет. Көрермендерді қызықтыру және көңілін көтеру үшін айналдыру сияқты серпінді өту мүмкіндіктерін қосыңыз.

Purple cart icon

Reels пікірлері

Жаңа пікірлерді бөлісіңіз! Instagram қауымдастығы пайдаланушылар жариялаған пікірлер арқылы тауарларды танымал қылады. Сол себепті бизнестердің Reels-дерді елемеуі — үлкен кемшілік. Жақсы пікірлерде егжей-тегжейлі мәліметтер беріледі, артықшылықтары анық көрсетіледі және бейнежазба сапасы жоғары болады.Тауар бағасы, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мәтіндік анимация қосылса, көрермендерді қызықтыруға болады.

Видео шаблондармен бастау

Reel видеороликтерін жасау жөніндегі нұсқаулық

How to remix Instagram Reels and easily collaborate with creators

2023 ж. 20 сәуір
Want to collaborate with Instagram creators anywhere in the world? With Instagram’s…

How to edit videos like an influencer

2021 ж. 18 қараша
Want to know how to edit your videos like an influencer? Content creators are posting…

Instagram Reels—10 video ideas for any business

2021 ж. 28 наурыз
Move over TikTok, Instagram Reel is the newest member of the must-have Instagram…

Instagram-да сторис жасау

Стористеріңіз қызық болса, оқырмандарыңыз да белсенді болады!Instagram-дағы стористер 24 сағат қана тұрады, сондықтан ол – өзекті оқиғаларды бөлісуге таптырмайтын орын.

Авторлар сторис видеоларын пайдаланып, күнделікті өмірінде болып жатқан оқиғаларды және қандай брендтермен ынтымақтастық орнатқанын бөліседі.Бұл – контент жасаудың және оқырмандарыңызбен қарым-қатынас орнатудың ең жылдам әрі оңай жолы.

Сторис видеолары арқылы компаниялар тұтынушылардың сеніміне кіріп, олармен жұмыс барысындағы видеоклиптерді бөліседі, ерекше сатылымдар жариялап, пікір білдірген тұтынушылардың видеоларын жариялайды.

Instagram-да сторис жасауға қатысты ең жақсы идеялар

Pink hourglass icon

"Өмірімнің бір күні" хикаялары

Көрермендермен саяхатқа аттаныңыз! Жазылушылармен барынша тығыз байланыс орнату үшін күніңізден шағын влог түсіріңіз немесе бизнесіңіздің "сахна артындағы" процесін көрсетіңіз. Хикая видеолары жақсы шығуы үшін, таңертеңгі тіршіліктен бастап кешкі ас дайындауға дейін көрермендерге арналған саяхатқа айналып, кадрдан тыс жағымды дыбыспен немесе уақыт, орын мен әрекетті сипаттайтын мәтінмен қоса жүруі қажет.Оларды мінсіз етіп жасау қажет емес. Сонда ғана хикаялармен көбірек контент жасау оңай болады.

Blue growth icon

Эксклюзивті жеңілдігі бар хикаялар

Жазылушыларыңызға бонус беріңіз! Бизнестер эксклюзивті жеңілдіктер мен купон кодтарын хикаялар арқылы ұсынып, Instagram пайдаланушыларының жазылуына және тиімді мәміле жасауына ықпал етеді. Кейбір брендтер хикаяны бөліскені үшін купон беруге дайын. Осылайша аккаунттардың қатысу деңгейі жоғарылайды.Сатуға арналған хикаялар жақсы шығуы үшін, уақыты, өнімнің қолжетімділігі, сатып алу мен брондау мәліметтері және стикерлер болуы қажет.

Purple smile icon

Ұсынылған хикаялар

Көтеріңкі көңіл күймен бөлісіңіз! Хикаяларда ұсыныстарды қайта бөлісу арқылы сенімге ие болыңыз. Пайдаланушы видеолары мен ұсыныстары жақсы шығуы үшін, селфи видеосының негізгі артықшылықтарын және өнімді шынайы өмірде көрсетуі қажет.Бизнесіңізді жаңадан ашып жатсаңыз, хикаяның көздің жауын алатын үлгісін қолданып, хикаялардағы ұсыныстарды шығара аласыз.Видео өлшемін Clipchamp көмегімен 9:16-ға өзгерту арқылы ұсыныстарыңызды оңай өңдеңіз.

Видео шаблондармен бастаңыз

Instagram-дағы стористер туралы нұсқауларды қарап шығыңыз

How to post TikTok to Instagram

2023 ж. 28 наурыз
Have you created an on-trend TikTok video and want more people to see it? From behind-the-scenes…

How to put music on Instagram Stories

2023 ж. 3 мамыр
From peaceful melodies paired with beautiful sunsets to up-beat tunes on fast paced…

Бейнелерге GIF файлдарын қосу әдісі

2022 ж. 27 тамыз
Бейнелеріңізге көңіл көтеретін контент қосқыңыз келе ме? Әлеуметтік желі және ойын…

Instagram-да видео жарнамалар жасау

Instagram-дағы ең жақсы жарнамалар көргенге жағымды, пайдалы ақпараты мол болады және не істеу керектігін нақты айтады!Компаниялар өз демеушілігімен Reels-терді немесе арнадағы видео жарнамаларды қолданып, қамтылуы керек мақсатты аудиторияны таңдайды да, қалған шаруаны Instagram алгоритміне қалдырады.

Басқа жарнамалардың ішінен ерекшеленіп тұруы үшін, логотиптері, түстері және қаріптері бірыңғай стиль таңдаңыз.

Instagram-ға арналған видео жарнамаларға қатысты ең жақсы идеялар

Pink brand icon

Бренд танымалдығы бойынша жарнама

Бренд оқиғасын баяндаңыз! Бизнесіңіз жаңа немесе жаңартылған болса, Instagram видеосы арқылы қызықтырып, мінсіз тұтынушылар табыңыз. Құрылу тарихынан, түсінік беретін видеолардан бастап жұмыс әдістері туралы видеоларға дейін қамтитын жақсы видеолар сатуға негізделген көрнекіліктер мен сөздерге сүйенбей, әңгімені баяндауға зейін қояды.Адамдық факторды есепке алып, қызметкерлерді көрсетіп көріңіз, видео біркелкі ауысатындай етіп өңдеңіз және музыка қосыңыз.

Сатуға арналған проможарнамалар

Instagram арқылы сату жарнамасы брендіңізге жаңа серпін бере алады! Маркетинг процесі жылдам әрі тиімді өтуі үшін, демеушілік жасайтын Reel таңдап, купон кодын қосыңыз. Reel жарнасы жақсы шығуы үшін, әдетте көрермендердің парақтап отыруын тоқтата алатын, көздің жауын алатын монтажы мен анимациялық мәтіні бар фидтегі Instagram видеосы сияқты болуы қажет.Сатылым мәліметтерін, соның ішінде веб-сайтты, уақытты және т.б. қосу үшін субтитрді өңдеңіз.

Purple video file icon

Демо жарнамалар

Демо жарнамамен ел аузында болыңыз, ақпарат беріңіз және сауда жасаңыз! Өніміңіз немесе қызметіңіз клиенттің қандай қажеттілігін толтыратынын көрсетсеңіз, бұл дұрыс таргетинг жарнамасын көрсетуде өте тиімді болады. Демо видеолар жақсы шығуы үшін, егжей-тегжейлі болуы және өнімді жақыннан түсіріп, оны дұрыс пайдалану жолын көрсетуі қажет.Логотип, сатып алу мәліметтерін қосу арқылы видеожазбаны өңдеңіз. Видеоңызды үнсіз режимде де көруге болатындай субтитр қосуды да ұмытпаңыз.

Видео шаблондармен бастау

Instagram-да жарнама жасауға қатысты нұсқауларды қарап шығу

TikTok or Instagram Reels – Which is better for business?

2023 ж. 18 сәуір
Express your brand's personality, mission, and engage with unique marketing opportunities…

How to make video ads for Instagram

2023 ж. 26 сәуір
Want to share a sale announcement or new product launch? Instagram is the one-stop-shop…

8 reasons every business should use video ad templates

2021 ж. 22 ақпан
Running a small business means wearing many hats—but making video ads doesn’t have…

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Иә.Clipchamp бағдарламасымен жасалған видеоны тегін сақтауға және бөлісуге болады.Алайда видеоңызда сток видео немесе аудио сияқты премиум элементтер болса, тіркелгіңізді Essentials жоспарына ауыстыруыңыз керек болады.

  • Clipchamp бағдарламасының пропорция параметрлерінің көмегімен кез келген видеоның өлшемін 9:16, 1:1, 16:9, 4:5 2:3 және 21:9 етіп орната аласыз.

  • Иә.Clipchamp бағдарламасының автоматты субтитрлер функциясының көмегімен кез келген видео жарнамаға субтитрды оп-оңай қосып, транскрипциясын тегін жүктеп алыңыз.

  • Instagram-да демеуші табу үшін оқырмандардың минималды саны бекітілмеген.Оқырмандарыңыздың саны 10 000-нан асса, жетіп жатыр. Instagram ондай аккаунттарға көбірек функция ұсынады.

Нұсқауларды көріңіз

Clipchamp-тің оңай онлайн бейне редакторымен керемет бейнелер жасау әдісін үйренуді жалғастырыңыз.

Instagram-ға арналған видеолар жасаңыз

It looks like your preferred language is English