TikTok видеоларын онлайн жасау
Айналдыруды тоқтататын TikTok видеоларын жасау үшін Clipchamp видео өңдеу құралының тегін үлгілерін, ЖИ кадрдан тыс дыбысты жасау құралын және бірегей графикаларды пайдаланыңыз. Жүктеп алу қажет емес.
TikTok саяхатын бастағалы тұрсыз ба? Мұны дұрыс жасап, дуэт функциясын ұмытпаңыз.
Өзіңізге ұнайтын барлық нәрселер туралы қысқа, анық және есте қаларлық контент жасаңыз және ұнамды дүниежүзілік желіде видео көріністерінің өсуін қадағалаңыз.
TikTok-қа жаңадан қосылдыңыз ба?Өлшем, видео трендтері, эстетика, жарнамалар және видеоны өңдеуді қоса алғанда, TikTok видеоларын жасау туралы білуіңіз тиіс элементтер.
TikTok-та танымал болғыңыз келе ме?TikTok аналитикасы функциясын пайдалану арқылы көрермендеріңіздің қандай контентті көргенді ұнататынын анықтау арқылы контентіңіздің деңгейін көтеріңіз.
Жасаушыларға арналған TikTok
Кеңейткіңіз келе ме?Ашық болыңыз, трендтерді қадағалаңыз және бірегей әзіл қосыңыз.Қуатты алгоритм және теңдесі жоқ қауымдастық әсері TikTok-ты сізге ұнайтын видеоларды жасау және тіпті жасаушы ретінде ақша табу үшін тамаша әлеуметтік желіге айналдырады.
Жасаушыларға арналған үздік видео идеялар
Қысқаша влогтер
Сюжетке қатысты ешқандай шектеу жоқ!Күнделікті өміріңіз немесе өткен өміріңіздегі естен кетпес сәттер жайлы қысқаша влог түсіріңіз де, оны қызық көретін және сізбен бірге күлетін аудитория табыңыз.Тіс қаққан TikTok авторлары құнды ақпарат ұсынып, керемет цикл жасайды да, влогтерден сериал жасап жібереді.Өмір салтына, әдемілікке, тамақтың рецептілеріне немесе тіпті жұмыс орнындағы әзіл-қалжыңға қатысты влогтерден бастаңыз.Көңіл-күйге сай келетін GIF файлдар және музыка қосыңыз.
Трендтер және челлендждер туралы видеолар
Қапыда қалып, сан соғып қалмаңыз!TikTok # челлендждері, өзіңіз жасап көруге ұсынылған рецептілер немесе трендтегі дауыстар авторлардың контент жасауына шексіз мүмкіндік береді.Тіс қаққан TikTok авторлары өз контенттеріне трендтегі ерекше элементтерді қосып, көрермендердің көз алмай көруіне жағдай жасайды.ЖИ арқылы дауыстық сүйемелдеу жасап, өз трендіңізді жасай аласыз.
Пікір айтылатын видеолар
Өз ойыңызды айтыңыз!TikTok көрермендеріне белгілі бір тауар туралы пікіріңізді және оқу материалынан тұратын видеоны жариялаңыз. Не болмаса, ол тауарды TikTok арқылы сатып алсаңыз, оған қатысты теріс пікірлерді жоққа шығарыңыз.Жақсы контент жасаушылар өздері пікір білдіретін тауарды толығымен зерттеп, бөлінген экран видеомонтажын қолданады.Егер көрермендердің көңіліне сенім ұялата алсаңыз, жарнамалық материалдар жасап беруді өтінетін демеушілер де табыла кетеді.
Жасаушы нұсқаулықтарын зерттеу
TikTok үшін эстетикалық бейнелерді қалай жасауға болады
Clipchamp арқылы TikTok-та кадрдан тыс дыбыстама жасау жолы
Маркетингке арналған TikTok
Күлімсірей сатыңыз!TikTok-тағы керемет маркетинг — бұл "Сіз үшін" бетінде болу және брендіңізге назар аударту үшін шығармашыл болу.Шынайы маркетингті #TikTokMadeMeBuyIt бірге байқап көріңіз немесе UGC және TikTok жарнамаларына қаражат жұмсаңыз.Мүмкіндіктер шексіз — тек видеоны өткізіп жіберуге итермелейтін сатылым процесіне тоқталмаңыз.
Маркетингке арналған үздік видео идеялар
Өнімді шығару туралы видеодар
TikTok пайдаланушылары әрдайым жаңашылдыққа құмар.Қандай тауар болса да, оны пайдаланатындар TikTok-тан міндетті түрде табылады.Жаңа өнімнің шығатыны туралы қызықты жарнамалар 9-15 секундқа созылады, әрекетке шақыратын түйме арқылы веб-сайтқа кіретін сілтемесі болады, сондай-ақ ең маңыздысы – ақпарат арнасына керемет үйлесіп тұрады.Сонымен қатар жарнамалық науқан аясында фирмалық фильтр немесефирмалық конкурс жасауыңызға болады.
Жаппай сатылым туралы хабарландырулар
TikTok-тағы ерекше сату жарнамасы брендіңізге жаңа серпін бере алады! Өз брендіңізге тән видеожарнама жасаңыз немесе Spark жарнамасы ретінде TikTok-тағы видеоларыңыздың бірін қайта пайдаланыңыз.Жаппай сатылым туралы жақсы жарнамаларда динамикалық видеомонтаж және көз тартар графика болуы керек.Қауымдастық әсерін пайдаланып, жаппай сатылым ауқымын кеңейту үшін сіздікіне ұқсас аудиториясы бар басқа авторлармен серіктестік орнатуға болады.
Оқу материалдарынан тұратын видеолар
Мың рет естігенше, бір рет көр!Демо видеолар немесе оқу материалдарынан тұратын видеолар – көрермендерді тартудың ең сенімді жолы.Көптеген демо видеоларда әсерлі ауысымдар, TikTok-тан алынған кадрлар, веб-камера қабаты немесе процесті түсіндіріп және нәтижені көрсетіп тұратын ЖИ дауыстық сүйемелдеу пайдаланылады.Шынайы нәтижелерді көрсетіңіз, әйтпесе брендіңіздің беделіне нұқсан келіп, комментарийлерде нашар пікірлер жазылуы мүмкін.
Бизнеске арналған TikTok
TikTok-пен бірге сенімділікті арттырыңыз!Корпоративтік мәдениетіңізді әзілмен көрсетіңіз немесе күн сайын бизнесіңізде не болып жатқаны туралы қысқаша сипаттама ұсыныңыз.Брендке адал және жаңа көрермендерді де қызықтыру үшін қызметкерлерді немесе клиенттерді көрсетіңіз.Әңгіменің шынайылығын сақтаңыз және оны логотипіңізбен шамадан тыс жүктемеңіз.Қарқынды арттыру үшін тауашаңызға сәйкес келетін тегін дыбыстарды пайдаланыңыз.
Бизнеске арналған үздік видео идеялар
Сахна сыртындағы видеолар
Кәсібіңіздің жұртқа көріне бермейтін қыр-сырын көрсете аласыз ба?Тапсырыстарды қаптап жатқаныңыз, қызметкерлердің қызықты оқиғалары немесе кеңсені көрсетіп, видео түсіргеніңіз адамдарға қызық болуы мүмкін.Сахна сыртындағы жақсы видеоларда әдетте қызметкерлер көрсетіліп, жұмысқа қатысы жоқ сұрақтарға жауаптар беріледі, сондай-ақ GIF файлдармен немесе мемдермен безендіріледі.Егер видеоларыңызды басқа елдерде де көретін болса, субтитрлер қосуды ұмытпаңыз.
Инклюзивті жарнамалық науқан туралы видеолар
Өз позицияңызды бөлісіңіз.ЛГБТ шеруі өтетін айдан бастап Халықаралық әйелдер күніне дейін TikTok дискурске де, активизмге де қатысады.Инклюзистілікті насихаттайтын жақсы видеоларда өзгеріске бет алған бастамалар мен талпыныстар туралы баяндалады.Науқан шынымен де көрерменнің жүрек қылын қозғауы үшін, маркетингілік видеоларға фирмалық таңбаларыңызды қосып қойыңыз.
Автор камераға қарап тұрып сөйлейтін видеолар
Әріптестеріңіздің арасынан жаңа TikTok жұлдызын анықтаңыз!TikTok-тағы видеоларыңызда жүргізуші болса, брендіңіз елдің есінде оңай сақталады.Камераға қарап тұрып сөйлейтін жүргізуші жақсы болса, ол жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін бүкпесіз жеткізеді және кеңседегі қызметкерлерден сұхбат алады.Видеоларыңызда жүргізуші болса, ол брендіңіздің құндылықтарын барынша жақсы көрсетуі керек.Ал егер де ол әзіл-сықаққа жақын болса, нұр үстіне нұр болмақ.
Жиі қойылатын сұрақтар
Clipchamp арқылы TikTok видеоларын жасау тегін бе?
Тегін TikTok жарнамасын қалай жасауға болады?
TikTok-тағы видеома субтитр қоса аламын ба?
Clipchamp қолданбасының TikTok аккаунтымды пайдалануына рұқсат ете беруіме бола ма?
Қайсысында танымал болған оңай, TikTok-ма әлде YouTube-те ме?
Clipchamp бейнелерінде су таңбасы бар ма?
Оқыту нұсқаулықтарын көру
Clipchamp видео өңдеу құралының оңай онлайн видео редакторымен керемет TikTok видеоларын жасау әдісін үйренуді жалғастырыңыз.