Дауыс және аудио жазудың онлайн құралы
Дауысыңызды микрофоннан тегін әрі құпиялығыңыз сақталатынына сенімді түрде жазыңыз.
Жаңа пайдаланушыларға ыңғайлы дауыс жазу мүмкіндіктері
Аудионы қауіпсіз әрі сенімді жазыңыз
MP3 форматында дыбыс жазыңыз, қайтадан жазыңыз және сақтаңыз. Бағдарламалық жасақтама орнатудың қажеті жоқ. Windows және Mac құрылғыларындағы ішкі және сыртқы микрофондарды пайдаланып, дауыстық жазбалар жасаңыз. Әрекеттер саны шексіз.
Дауыстық жазбалардың сапасын арттыру
Жақсарту кеңестерінің көмегімен дыбыс сапасын арттырыңыз, яғни Баяндамашы нұсқаушысы арқылы жазған дыбысыңыздың екпінін, тонын және анықтығын жақсартыңыз. Ұзақ кідірістерді кесіп тастап, баяу сөйлеген жерлердің жылдамдығын арттырыңыз, аудионың дыбыс деңгейін санаулы секундта арттырыңыз.
Субтитрлер мен транскрипциялар қосу
Кез келген тілде субтитрлар қосып, көбірек адамға қолжетімді болатын кадрдан тыс дауыстар жасаңыз. Дыбысыңыздың SRT форматындағы дәлме-дәл транскрипциясын жасаңыз. Ол транскрипцияны жүктеп алуға әрі өңдеуге болады.
Clipchamp құралында дауыс жазу жолдары
- 1
Аудио жазу құралын таңдаңыз
- 2
Микрофон көзі мен баяндамашы нұсқаушысын таңдаңыз
- 3
Жазуды бастау үшін қызыл түймешікті басыңыз
- 4
Дауыс жазбаңызды уақыт шкаласына сақтап қойыңыз
Бейне материалдарды дауыспен баяндаңыз
Табиғат пейзаждары бар тыныш саяхат бейнелерін дауыстық жазбамен сипаттаңыз.
Фоны шулы влогтерге кадрдан тыс дауыспен баяндауды қосу арқылы дыбысын реттеуге болады.
Өз дауысыңызбен мейрамдар мен туған кү ндердің монтаждалған бейнелеріндегі суреттердің оқиғасын баяндаңыз.
Оқу материалдарын кез келген жерден бөлісу
Микрофонмен жазу құралын қолданып, лекциялар мен онлайн оқу материалын жылдам әрі анығырақ жазыңыз.
Маңызды тұстарды ерекшелеп, дауыспен баяндау арқылы оқулықтарды түсініктірек қылыңыз.
Кадрдан тыс дауысты MP3 форматында жазу арқылы корпоративтік түсіндіруші бейнелерді біркелкі әрі кәсіби қылыңыз.
Әңгімені түсіріңіз
Аудиторияңыздың назарын аулау үшін дауысы анық болатын подкасттар жазыңыз.
Аудио жазбалардағы маңызды хабарларды слайд-шоу презентацияларда ерекшелеп қойыңыз.
Қауіпсіз түрде микрофонмен кәсіби сұхбаттар жазыңыз. Ол үшін браузерден шығып керек емес.
Дауысыңызды онлайн жазуға көмек керек пе?
Дауыс жазу құралының пайдалы нұсқаулығына өтіп, аудиоға қатысты қосымша кеңестер пен амалдарды зерттеңіз.
Осыған ұқсас блогтерді оқыңыз
Жаңа! Clipchamp редакторында шуды басу
Аудио жылдамдығын арттыру және баяулату жолдары
Жиі қойылатын сұрақтар
Clipchamp құралындағы онлайн дауыс жазу құралы тегін бе?
Мен қанша дауысты жаза аламын?
Онлайн дауыс жазу құралы жүктеп алуды талап ете ме?
Дауыстық жазбамның дыбысын қалай жақсартуға болады