Бизнеске арналған бейнелер

Сізге шабыт беретін15 түсіндіруші бейне мысалы

2024 ж. 18 маусым күні жаңартылған
Darren Buser жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, type: entry-hyperlink id: 6aywL1ughjDB4YCcquEt1H қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу
Clipchamp-тағы түсіндірме бейненің суреті.

Түсіндіруші бейнелер – күрделі идеяларыңызды қысқа да нұсқа әрі қызықты жолмен жеткізуге мүмкіндік беретін мықты маркетинг құралы.Адамдардың 91%-ы әлденені сатып алмас бұрын түсіндіруші бейнелерді көріп алады екен, сондықтан бейне мазмұнының осындай стилі нағыз маркетинг құралы саналады.Түсіндіруші бейнелердің көмегімен көрермен назарын бірден өзіңізге аударып алыңыз, әңгіме-дүкен құрыңыз және әлеуметтік желіде өзектілікті сақтап тұрыңыз.

Түсіндіруші бейнеге қатысты үздік кеңестерді зерттей отырып, әртүрлі саладағы түсіндіруші бейненің 15 мысалын қарап шығайық та, креативтілігіңізді ұшқындатайық.Түіндіруші бейнелерді Clipchamp бағдарламасымен де оңай әрі тегін жасай аласыз.

15 үздік түсіндіруші бейне мысалы

1.Notion

Санат: өнімнің көрсетілім бейнелері

Өнімнің көрсетілім бейнелері компаниялар үшін тиімді саналады, өйткені оларда өнімнің мүмкіндіктері мен функциялары көрсетіледі, осылайша сатып алғысы келетіндер өнімнің өздеріне қаншалықты пайдалы екенін біле алады.Бұл түсіндіруші бейнеде Notion қызметінің басты артықшылықтары көрсетіліп, пайдаланушыларға жиі тап болатын мәселелер оңай шешіп беріледі.Жағымды әрі сыпайы кадрдан тыс дауыс шырайлы тон беріп, ақпаратты көрермендер үшін түсінікті әрі қызық қылады.

Жақсы тұстары

  • Notion мүмкіндіктеріне қысқаша шолу ұсынады, көрермендерге құралдың мақсаты мен пайдасын жылдам түсінуіне мүмкіндік береді.

  • Notion интерфейсі мен мүмкіндіктерін көрсету үшін визуалды көмекшілерді пайдаланады, осылайша көрермендерге оның функциясын түсіну оңайырақ болады.

  • Жағымды әрі қызықты кадрдан тыс дауыс түсіндіруші бейнелерді әлдеқайда қатысты қылады әрі аудиторияның қызығушылығын ұстап тұрады.

2.Slack

Санат: бренд хикаясын түсіндіруші бейненің пародиясы

Бренд хикаясын түсіндіруші бейнелер компаниялар үшін өте тиімді, өйткені сенім орнату үшін оларда пайдаланушылардың шынайы пікірі мен басынан кешкендері қолданылады.Бұл түсіндіруші бейне көңіл көтеру мақсатында әзілді қолданады, осылайша әлдеқайда қолжетімді көрініп, көрермендермен байланысуға көмектеседі.Осындай көңілді сценарий Slack қызметінің байланыс пен өнімділікті қалай жақсартатынын анық көрсетеді.

Жақсы тұстары

  • Пародия мен әзіл бейнені әлдеқайда қызықты әрі есте қалатын қылып көрсетеді, көрермендерді күлдіре отырып, ескі байланыс әдістерінің тиімсіз тұстарын айшықтайды.

  • Бұл бейнеде бастапқы күмәннің түбінде сейіліп, көңілден шыққан шынайы оқиғасы арқылы көрермендерді баурап алатын шытырманды бренд хикаясы баяндалады.

  • Әзілге толы сценарийлері арқылы бейне Slack қызметінің байланыстағы қиындықтарды қалай шешетінін көрсетіп, тым ресми емес стильдің практикалық маңызын айшықтайды.

3.Dropbox

Санат: анимациялық түсіндіруші бейне

Анимациялық түсіндіруші бейнелер күрделі иядеяларды ықшамдау үшін назар аудартатын визуалды элементтер мен анық баяндау стилін пайдаланады, осылайша көрермендерге түсінікті болады.Dropbox түсіндіруші бейнесінде жаңа өнім мүмкіндіктерін басты назар аудара отырып, компанияның бағыты көрсетіледі.

Жақсы тұстары

  • Анимациялық түсіндіруші бейнеде көрермен назарын жаулап алатын футуристік таақырыптағы жарқын әрі қызықты анимация қолданылады.

  • Ұзақтығы небәрі 53 секунд болса да, бейне өз идеясын жылдам әрі тиімді жеткізіп, көрерменнің алтын уақытын құрметтейді.

  • Dropbox-тың инновацияға деген және адамдарды басты назарға қоятын ұстанымын айшықтайды, осылайша бейне әлеуетті клиент үшін де, болашақ қызметкер үшін де тартымды болады.

4.Monday.com

Санат: саудадағы түсіндіруші бейне

Саудадағы түсіндіруші бейнелер көрермендерге тауардың мүмкіндіктері мен пайдасын оңай көрсетіп бере алады.Бұл түсіндіруші бейне мысалында тауарды пайдаланудың толық мүмкіндіктері көрсетіледі. Пайдаланушылар оны қайдан пайдалана алатынын және жұмыста қандай пайдасы барын біле адады.

Жақсы тұстары

  • Түсіндіруші бейне Monday.com сайтының негізгі мүмкіндіктерін жан-жағынан көрсетеді.

  • Әртүрлі ұжымдардың платформаны қалай пайдалана алатынын, осылайша әртүрлі салаға бейімделгіштігін айшықтайды.

  • Платформаның автоматтандыру мен бақылау тақтасы мүмкіндіктерін басып көрсетіп, көрермендерге жұмыс ағындарын жеңілдетуге және құнды кеңестер алуға көмектеседі.

5.Nouns

Санат: анимациялық түсіндіруші бейне

Nouns қызметіне арналған анимациялық түсіндіруші бейне Nouns-ты, яғни NFT (өзара ауыстырылмайтын токен) түрін, оның экожүйесі қалай жұмыс істейтінін қызықты әрі әзілге толы жолмен түсіндіріп береді.Бейне Nouns-ты күн сайын жасалып, аукцион арқылы сатып алынатын көңілді әрі жағымды цифрлық актив ретінде таныстырады.

Жақсы тұстары

  • Ойын түріндегі өзара әрекеттестік пен көңілді дауыс бейнені өте қызықты әрі кең аудиторияға жағымды ететін көруге тұрарлық қылады.

  • Бейнематериал жарқын әрі қияли қылып кқрсетіледі, яғни көрермендерді үлкен арманды қууға итермелейді.

  • Бейне сценарийі орталықсыздандырылған шешім шығару процесі мен инклюзивтікті басып көрсетеді.

6.Twillo

Санат: саудадағы түсіндіруші бейне

Twilio түсіндіруші бейнесі тұтынушымен әрекеттестікті басып көрсетеді.Ол брендтің назарын таныстырып, платформаның бірінші рет келіп тұрған тұтынушыларды тұрақты клиентке қалай айналдыратынын түсіндіреді.Саудадағы түсіндіруші бейненің мұндай стилі әлеуетті клиенттердің сенімін оятып, олардың сатып алу туралы шешіміне оң әсер ете алады.

Жақсы тұстары

  • Жарқын әрі анимация мәнерді пайдаланып, көптеген жеке қасиеттерді алға тартады, осылайша мазмұн көруге тартымды әрі есте қалатын болады.

  • Өте жағымды кадрдан тыс дауыс бейнені қолжетімді әрі қатысты етіп, көрермендердің әрекеттесуін жақсартады.

  • Жекелеген әрекеттестіктің нақты мысалдарын келтіреді, мысалы, істеп тұрған бағдарламалардың уақытылы ұсыныстар жіберуі, үй жалдайтын компанияның жоғалған заттарды қайтаруды қолға алуы.

7.Headspace

Санат: анимациялық түсіндіруші бейне

Анимациялық түсіндіруші бейне Headspace қызметін көрерменге жақын жолмен таныстыра отырып, брендтің оның клиенттерінен қалай пайда таба алатынын айтады.

Жақсы тұстары

  • Анимациялық бейне кейіпкерлер мен дыбыстарды қолданады, осылайша сауда мәтінінің мазмұны үзбей көруге жағымды болады.

  • Түсіндіруші бейне эксклюзивтік ұсыныс туралы айтып, әрекетке шақыру функциясын көрсетеді, көрермендерді Headspace арқылы медитация сапарын бастауға шақырады.

  • Ақылы нұсқасына жазылғысы келетін пайдаланушылар үшін ауқымды мазмұн да ерекшелеп көрсетілген.

8.Airbnb

Санат: бренд хикаясын түсіндіруші бейне

Airbnb брендінің хикаясын түсіндіруші бейне тұтынушыға жиі тап болатын қиын сәттерді және оларды Airbnb-мен брондау арқылы жеңуге болатынын сипаттай отырып, компанияның миссиясын атап өтеді.

Жақсы тұстары

  • Бейне үміт беретін әрі бейтарап тіл қолданады, оған жұмсақ әрі жылы музыка қосылғанда, негізгі идея көрермендердің жүрегінен орын алады.

  • Түсіндіруші бейне Bélo атты тиістіліктің әмбебап символын таныстырады, ол компанияның миссиясын алға тарта отырып, Адамдар, Орындар, Махаббат және Airbnb дегенді білдіреді.

  • Бейне басты назарды брендтің миссиясына қоя отырып, қызықты хикаяны өтімді етіп баяндайды.

9.Samsung

Санат: өнімнің көрсетілім бейнелері

Samsung брендінің түсіндіруші бейнесі жаңа Samsung Galaxy S23 смартфондар сериясына тереңінен үңілуге мүмкіндік береді, оның функциялары мен жаңартылған жерлерін ерекшелейді.

Жақсы тұстары

  • Кәдімгі құрылғымен түсірілген нақты уақыттағы әрекеті бар бейне Youtube- ке арнап жасалған шолуға көбірек ұқсайды, яғни түпнұсқалық пен сенімділік береді.

  • Түсіндіруші бейне әр модельдің мүмкіндіктерін ауызша және көрнекі жолмен барынша ашып түсіндіреді.

  • Өнімді нақты уақыттағы әрекетпен көрсету арқылы бейне тауардың бірегей аспектілерін атап өтеді, нәтижесінде көрермендер өздеріне көбірек үйлесімді модельді таңдай алады.

10.Microsoft Teams

Microsoft Teams түсіндіруші бейнесі Teams қызметіне қысқаша шолу жасап, зоның аманауи іскерлік алаңда серіктестік пен байланыстың рөлін жақсартудағы рөлін атап көрсетеді.Teams жұмыс пен серіктестіктің орталық хабы, яғни ұжым мүшелері бір бөлмеде не бір уақыт белдеуінде бола бермейтін гибридтік жұмыс түрі үшін үйлесімді шешім ретінде бейнеленген.

Жақсы тұстары

  • Түсіндіруші бейне бойы басты мүмкіндіктердің бәрі ерекшеленіп көрсетілген.

  • Эмпатия мен байланыс орнату үшін адам беттерін көптеп көрсету арқылы"адам күні адаммен" деген табиғи сезімімізді пайдаланып, мазмұнды түсініктірек әрі қызықты қылады.

  • Түсіндіруші бейне пайдаланушыларға жұмысын қалаған жерден істеуге мүмкіндік беретін икемді жұмыс орнына арнап жасалған Teams қызметін түсіндіру үшін анық әрі қызықты стильді пайдаланады.

11.GoPro

Санат: өнімнің көрсетілім бейнелері

GoPro ұсынған түсіндіруші бейне пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін жасалған GoPro HERO12 Black құрылғысының мүмкіндіктері мен жақсартылған элементтерін атап көрсетеді.

Жақсы тұстары

  • Түсіндіруші бейне таң қалдыратын экшні бар жазбаларға толы. Осылайша әртүрлі экстремалды жағдайларда орындайтын мүмкіндіктерін көрсетеді, яғни брендтің шытырмандық имиджіне сай болып тұр.

  • 10 минутқа жетер-жетпес бейне ескі пайдаланушылар мен әлеуетті пайдаланушылар білуі керек камера мүмкіндіктерін қамтыған.

  • Бейнеде заманауи әрі жылдам орындалатын өңдеу стильдері туралы айтылады, соның арқасында көрермендер бүкіл бейне бойы көз алмастан тамашалайды.

12.Tent Partnership for Refugees

Санат: бренд хикаясын түсіндіруші бейне

"Hire Ukrainian Women" ("Украиналық әйелдерді жұмысқа алыңыз") түсіндіруші бейнесі – жұмысқа тұру мүмкіндіктерін іздеп жүрген украиналық әйелдердің үндеуі.Бейнеде әйелдердің машықтары мен жігерін ерекшелеп, бұл әйелдерге мағыналы жұмыс арқылы өмірін қайта жалғастыруға мүмкіндік берудің маңызын атап өтеді.

Жақсы тұстары

  • Бірегей анимациялық өнер туындысы ұйым миссиясының маңыздылығын басып көрсетеді.

  • Украиналық әйелдердің жеке оқиғаларын баяндап, олардың машығы мен бейімделгіштігін көрсетеді, осылайша әлеуетті жұмыс берушілердің жүрегіне жететін үндеу жасайды.

  • Компанияларды нақты әрекеттерге шақыра отырып, Tent.org сайтына өтуге ынталандырады.

13.Microsoft Flight Simulator

Санат: қадамдап түсіндіруші бейне

Microsoft Flight Simulator өз өнімін қалай пайдалану керектігі туралы айту үшін шынайы өмірдегі көрсетілімді пайдаланады.Бұл қадамдап түсіндіруші бейнеде компьютер немесе мобильді құрылғыда орындалатын әрекеттер жазылып, көрсетіледі. Ол үшін экранды жазу құралы қолданылады.

Жақсы тұстары

  • Қадамдап түсіндіруші бейне түсінуге оңай, қадамдарды үйден де, жол-жөнекей де орындай беруге болады.

  • Сурет ішіндегі сурет әсері көрсетілім бейнесінің баяндамашысы мен экранды жазу барысын бір кадрда көрсетеді.

  • Бейне бәрін тереңінен түсіндіреді, яғни пайдаланушының Microsoft өнімін қолдануына қажет әр қадам мен детальды ұсынады.

14.SAP

Санат: бренд хикаясын түсіндіруші бейне

Бұл түсіндіруші бейне SAP компаниясының жүрген жолы мен оның клиенттерге көмектесу үшін инновацияны үздіксіз қолданатын ұстанымын көрсетеді.Бейне SAP-тың түпкі принциптерін, орындап жатқан миссияларын, технологиялық жетістіктерін және болашақтағы жобаларын атап шығады.

Жақсы тұстары

  • Бейне жақсы қарқындағы жоғары сапалы анимация ұсынады, басты ойды жылдам әрі тиімді қамти отырып, көрермендерді де қызықтырып отырады.

  • Бейне SAP-тың қалай құрылғаны туралы ерекше хикаяны баяндайды.

  • SAP-тың технологияларды дамытуға деген нық ұстанымын атап өтеді.

15.Dyson

Санат: өнімнің көрсетілімі түріндегі түсіндіруші бейне

Бәрі білетін Dyson брендінде өнімнің көрсетілім бейнесі де бола алатын сенім тудыратын әрі танымдық түсіндіруші бейнелерінің үздік мысалдары бар.Жаңа өнімді жарнамалағыңыз келсе, көрсетілім түріндегі түсіндіруші бейне көрермендеріңізге ең қажет нәрсе болуы мүмкін.Көрсетілім бейнелері өніміңіздің негізгі артықшылықтарын, оның аудиторияға қалай көмектесе алатынын түсіндіреді және онымен шектелмеуге шақырады.

Жақсы тұстары

  • Бейне жоғары сапалы, ойын-сауық және танымдық элементтері бар, кадрдан тыс дауысты қолданбайды.

  • Көрермендерге шаңсорғышты қораптан ашқан соң қалай жинау керегін, содан соң қалай қолдану керегін көрсетеді.

  • Фондық музыка жұмсақ, алаңдатпайды, түсіндіруші бейнені көріп отырып-ақ тыңдай беруге болады.

Өтімді түсіндіруші бейнелерді жасауға арналған кеңестер

  • Түсіндіруші бейнелеріңізді қысқа да нұсқа етіңіз: бейне ұзақтығы 60-90 секунд арасында болсын, сол кезде көрермендер бейнені көз ілмей қарап отырады.Түпкі айтқыңыз келген нәрсеге ден қойыңыз, артық мәліметті қоспаңыз.Мақсатыңыз ақпаратты жылдам әрі тиімді ұсыну болуы керек.

  • Сценарийге назар аударыңыз: сенім тудыратын бейне сценарийі – мықты түсіндіруші бейненің негізі.Түсінікті, қысқа әрі қызық болсын.Түсінуге оңай әрі көрермендерге жақын болуы үшін, ауызекі стильде жазыңыз.SRT бейне транскрипциясын жасауға да болады, сол кезде көрермендер бейне көріп отырып, субтитр оқи алады.

  • Жоғары сапалы бейнелер мен суреттерді пайдаланыңыз: жоғары сапалы анимация мен нақты уақыттағы түсірілім қолдану арқылы бейнеңізді көзге тартымды қылыңыз.Көрнекілігі нашар болса, көрермен айтқыңыз келген ойдан ауытқып кетуі мүмкін.Кәсіби келбетті сақтау үшін визуалдық стильдің бүкіл бейне барысында бірдей болғанын қадағалаңыз.Тегін каталогтік файлдарды да пайдалануыңызға болады.

  • Брендіңіздің даралығын көрсетіңіз: брендіңіздің түсін, логотипін және жалпы стилін бейнеге кірістіріңіз. Ол үшін Clipchamp бағдарламасындағы фирма жинағын пайдаланыңыз.Осылайша брендіңіз көбірек танылады.Брендіңіздің дауысы ойнақы болсын, байсалды не беделді болсын, оның бейне тонымен үйлесетінін тексеріңіз.

  • Сенімді түрде әрекетке шақырыңыз: бейнеңізді түсінікті әрі нық әрекетке шақыратын хабармен аяқтаңыз, яғни көрермендерді әрі қарай бағыттайтын, мысалы, веб-сайтқа кіруге, ақпараттық бюллетеньге жазылуға немесе сатып алуға себепкер болсын.Әрекетке шақыру хабарын бейненің соңына қойыңыз, бірақ ерекшеленіп көрініп тұрсын.Әрекетке шақыру хабарын тиімді жасауға арналған кеңестерімізді қарап шығыңыз.

  • Фондық музыка мен дыбыс әсерлерін пайдаланыңыз: фондық музыка мен дыбыс әсерлерін дұрыс қолдану бейненің эмоциялық ықпалын жақсартуы мүмкін.Айтқыңыз келген ойды толықтыратын музыка таңдаңыз.Фондық музыка кадрдан тыс дауыстан қаттырақ болмасын.Баяндағанда дауысыңыз анық, ал мәтін түсінуге оңай болуы керек.Бейнеңізге дәл келетін фондық музыканы Clipchamp бағдарламасындағы роялти төленбейтін мазмұн кітапханасынан тауып алыңыз.

  • Сторителлинг әдісін қолданыңыз: көрермендерді қызықтыратын басы, ортасы және соңы бар қарапайым баяндау құрылымына жүгініңіз.Аудиторияңызға қатысы болатын хикаяларды немесе сценарийлерді кірістіріңіз, сол кезде мазмұн қызық болып, есте қалады.

  • Субтитрлар мен тақырыптары реттеңіз: YouTube сияқты платформаларда оңай табылуы үшін, бейненің тақырыбына, сипаттамасына сәйкес кілтсөздер мен тегтер енгізіңіз.Транскрипция мен субтитр қосу бейнеңізге қолжетімділікті арттырып қана қоймай, іздеуді оңтайландыруды біраз арттырады.

Clipchamp көмегімен түсіндіруші бейнелерді жасау жолы

Экран және веб-камера жазбаларының, тегін фондық музыканың және анимациялық мәтіннің жеткілікті қоспасымен кәсіби түсіндіруші бейнені лезде жасап аласыз.ЖИ кадрдан тыс дауыс және субтитр сияқты жасанды интеллектіге негізделген бейне өңдеу құралдарымыз түсіндіруші бейне жасау барысын тездетуге көмектесе алады.Толық нұсқаулықты көру үшін көрсетілім бейнелерін жасау жолдары бейнелеріне өтіңіз.

Фирмалық бейне жасаудың қосымша жолдарын білу үшін бейне презентация жасаумен және фирма жинағы құралын пайдаланумен танысыңыз.

Бейнелеріңізді бүгін Clipchamp көмегімен өңдей бастаңыз немесе Windows-қа арналған Clipchamp бағдарламасын жүктеп алыңыз.

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз