Бейнені өңдеу

Жаңа функция! Clipchamp видеоредакторында дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы пайда болды

2024 ж. 27 ақпан күні жарияланған
Christie Passaris жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу
Hình ảnh người dùng đang xóa các khoảng lặng.

Видеолардағы немесе дыбысталған материалдағы ұзақ дыбыссыз тұрған жерлерді және ешкім үндемей қалған бөліктерді әп-сәтте өшіріп тастауыңызға болады және видеоны қайта жазудың немесе кесіп жатудың қажеті жоқ!Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бұл функцияның көмегімен кез келген медиафайлдағы дыбыссыз қалған бөліктерді автоматты түрде тауып, қажетсіз фрагменттерді өшіріп тастай аласыз.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы – подкаст жазбалары мен жиналыс видеоларынан бастап оқу материалдары мен білім беретін видеоларға дейін қолдануға болатын таптырмас құрал, ол видеоны монтаждау процесін барынша оңтайландырып, видеолардың кәсіби деңгейде жасалуына және тартымдылығын арттыруға көмектеседі.

Clipchamp видеоредакторындағы дыбыссыз бөліктерді өшіру функциясының көмегімен аудиодан дыбыссыз фрагменттерді қалай кесіп тастауға болатынын білгіңіз келсе, әрі қарай оқыңыз.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын қолдану жолы

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы видео және аудиоматериалдарды немесе дыбыстық жазбаларды, жасанды интеллект арқылы жазылған дыбыстық сүйемелдеулерді және видеоредактордың ішінде жасалған веб-камера мен экран видеоларын кесіп, тазалайды.

1-қадам. Видео немесе аудиофайлды импорттаңыз немесе өз дауысыңызды жазыңыз

Жеке видеоларыңыз бен аудиоларыңызды импорттау үшін құралдар тақтасының "Медиафайл" қойыншасындағы "Медиафайл импорттау" түймешігін басып, компьютердегі файлдарды шолыңыз немесе OneDrive дискісін қосыңыз.

Кеңес: дыбыссыз бөліктерді өшіру құралының көмегімен видеоңыздың дыбыссыз фрагменттерін өшіру үшін, видеоңызда аудио немесе дауыс болуы керек.

Hình ảnh người dùng nhập phương tiện.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын редактордың ішінде жазылған видеомен де қолдануыңызға болады.Құралдар тақтасындағы "Жазу және жасау" қойыншасын, содан соң Экран және камера, камера, экран, аудиожазба немесе мәтінді сөзге түрлендіру опцияларын таңдаңыз.

Hình ảnh người dùng bấm vào tab ghi và tạo.

Видеоңызды уақыт шкаласына сүйреп апарыңыз.

An image of a user adding a video to the timeline.

2-қадам. "Ұшқын" белгішесінің көмегімен дыбыссыз бөліктерді және үнсіз қалған жерлерді өшіріңіз

Уақыт шкаласының құралдар тақтасындағы "Ұшқын" белгішесі түймесін басыңыз.Жасанды интеллект ұсыныстары пайда болады.

Hình ảnh người dùng bấm vào biểu tượng lấp lánh.

Содан кейін "Кесу және тазалау" түймешігін басыңыз.

Hình ảnh người dùng đang bấm vào nút cắt tỉa và dọn dẹp.

Жасанды интеллект ұсынысы бар қалқымалы терезе дыбыссыз бөліктерді өшіріп, транскрипция жасау керектігін сұрайды.Дыбыссыз бөліктерді өшіре бастау үшін, видеоны мәтінге айналдырғыңыз келетін тілді таңдаңыз, балағат сөздерге сүзгі қолданыңыз, содан кейін "Транскрипция" түймешігін басыңыз.

Hình ảnh người dùng lọc ngôn từ tục tĩu và chọn ngôn ngữ.

3 секундтан артық үндемей қалған немесе дыбыссыз бөліктерді табу үшін жасанды интеллект негізіндегі монтаждау функциясы видеоңызға автоматты түрде анализ жасай бастайды.

An image of the silence remover generating.

Уақыт шкаласында дыбыссыз бөліктер мен үнсіз қалған жерлер күлгін түспен белгіленеді."Кесу және тазалау" терезесінде қанша дыбыссыз бөлік табылғаны да көрсетіледі.

Hình ảnh các khoảng lặng trong video hiển thị trên dòng thời gian.

"Алдын ала көру" түймешігін басып, видеоңызда табылған дыбыссыз бөліктерді қарап шығыңыз.

Hình ảnh người dùng bấm vào nút đánh giá.

Мұнда дыбыссыз бөліктерді қарап шығып, олардың қаншалықты ұзақ екенін көруіңізге болады.Мысалы, видеодағы дыбыссыз бөлік 3,5 секунд болды делік.Егер бұл дыбыссыз бөлікті өшіргіңіз келмесе, жай ғана "Елемеу" түймешігін бассаңыз болғаны.Жасанды интеллект арқылы ұсынылған бөліктерді топпап жойғыңыз келмесе, оларды бір-бірден өшіру үшін "Өшіру" түймешігін басыңыз.

Hình ảnh người dùng đang xem xét đề xuất của AI.

Видеоңыздағы дыбыссыз бөліктердің барлығын бірден өшіріп тастағыңыз келсе, "Барлығын өшіру" түймешігін басыңыз.

Hình ảnh người dùng bấm vào nút xóa tất cả.

Сонда дыбыссыз бөліктері өшірілген видео уақыт шкаласында бірнеше клипке бөлінген күйде пайда болады.

Hình ảnh video trên dòng thời gian.

Сипаттар панедіндегі "Субтитрлар" қойыншасынан видеоның транскрипциясын көруіңізге де болады.Мұнда субтитрларларды қосуға, .SRT файлында жазылған транскрипцияны жүктеп алуға, субтитрларды жасыруға және мәтінді өзгертуге болады.

Hình ảnh tab chú thích đang mở.

3-қадам. Веб-камера видеосын алдын ала көріңіз, сақтаңыз және бөлісіңіз

"Экспорттау" түймешігін басып, содан кейін 1080p видео ажыратымдылығын таңдап, тазартылған видеоны сақтаңыз. Видеоңызда 4K форматындағы видеоматериал болса, ақылы жазылым иелері 4K видео ажыратымдылығымен сақтай алады. Видео құрылғыға автоматты түрде жүктеп алынады.

Hình ảnh người dùng xuất video.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын қолдануға болатын видеолардың 6 түрі

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын қай кезде қолдану керектігін білмей тұрсыз ба?Дыбыссыз бөліктерін және үнсіз қалған жерлерін өшіріп тастауды қажет етуі мүмкін болатын кейбір видеолардың стильдерін қарастырып көрейік.

  • Біртүрлі үнсіз қалған жерлерін өшіріп тастап, жаңа қызметкерлер үшін тренинг және жұмыс ережелерін түсіндіру видеоларын оңай жасаңыз.

  • Іш пыстыратын оқу материалдары мен не істеу керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілетін демо видеоларды қысқа әрі нұсқа видеоларға айналдырып, оларды әлеуметтік желіде бөлісіңіз.

  • Жазылған жиналыстардың және PowerPoint презентацияларының видеосын бөліскенде, дыбыссыз қалған жерлерін өшіріп тастасаңыз, көрерменді баурап алатын тартымды видео шығады.

  • Маңызды ақпараттың ешқайсысын жоғалтпай, дыбыссыз бөліктерді кесіп тастау арқылы YouTube-ке жүктеп салатын веб-камера видеоларын қысқартыңыз.

  • Үнсіз қалған жерлерді өзіңіз іздеп жатпай, дыбыссыз бөліктерді өшіру құралының көмегімен дауыстық және аудиожазбаларды және подкаст видеоларын монтаждаңыз.

  • Бірнеше түймені басып, Instagram-дағы Reels ұзындығын қысқартыңыз да, уақыт шектеуіне қатысты қағидаларды сақтаңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Егер дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы дұрыс емес фрагменттерді таңдаса не болады?

Жасанды интеллект жұмысының нәтижесіне көңіліңіз толмаса, кез келген уақытта әрекеттен бас тартып, процесті қайталауыңызға боалды.

Не үшін видеомда әлі де дыбыссыз бөліктер бар?

Видеода шұғыл өзгерістер болмауы үшін, жасанды интеллект кішігірім кідірістерді қалдырады.Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы 3 секундқа жетпейтін қысқа бөліктерді танымайды және оларды өшірмейді.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы ақылы ма?

Алдын ала көру режимінде дыбыссыз бөліктерді өшіру функциясы тегін. Толық нұсқасын Clipchamp Premium жазылымының аясында қолдана аласыз.

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын қашан қолдана аламын?

Дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын камера, экран, экран және камера, аудио және аудионы мәтінге түрлендіру сияқты барлық жазу және жасау функциясы қолдана алады.Аудиосы және 3 секундтан ұзақ дыбыссыз бөліктері бар кез келген импортталған медиафайлға дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын қолдана алассыз.

Жаңалықтар бетіне өтіп, Clipchamp видеоредакторындағы жаңа және жақсартылған функцияларды көріңіз.

Clipchamp видеоредакторындағы дыбыссыз бөліктерді өшіру құралын тегін қолданып көріңіз немесе Clipchamp Windows бағдарламасын жүктеп алыңыз.

Clipchamp блогынан қосымша

Жаңалық! Clipchamp бағдарламасындағы роялти төленбейтін музыка

2024 ж. 29 ақпан
Әлеуметтік желіге арналған көңілді бейнемонтаж , кинематографиялық шедевр немесе…

Аудио жылдамдығын арттыру және баяулату жолдары

2024 ж. 25 қаңтар
Фондық музыканы баяулату немесе бейне дыбысының екпінін өзгертпей-ақ MP3 жылдамдығын…

Бейненің дыбыс деңгейін қалай арттыруға болады

2024 ж. 24 қаңтар
Онлайн тегін дыбыс сапасын жоғалтпастан бейнеңіздің дыбысын 200%-ға дейін күшейтіңіз…

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз

It looks like your preferred language is English