Осы бетте

Видеоларыңызды жақсартып, көрермендерді көбірек тартқыңыз келе ме?Кадрлардың ауысымдарын және арнайы әсерлер қоссаңыз, видеоңыз көңіл-күйді көрсетіп, оған ырғақ пен стиль береді.Видеослайд-шоулар жасап жатсаңыз да, YouTube-ке жүктейтін күнделікті влог жасап жатсаңыз да немесе Instagram Reels-і үшін жарнамалар жасап жатсаңыз да, видеоауысымдарды пайдаланып, видеоңыздың сапасын жаңа деңгейге көтеріңіз.
Ең жақсы видеоауысымдар туралы және Clipchamp видеоредакторында ауысымдарды қалай қосу керектігін білгіңіз келсе, әрі қарай оқи беріңіз.
Видеоауысымдар деген не?
Видеоауысымдар екі немесе одан да көп видеоклипті креативті түрде жалғайды.Кез келген видеоредактордың құралдар жинағында болатын кадрлық ауысымдар (мысалы, біртіндеп қарайып кету, баяу күңгірттену, панорамалау, масштабтау, кадрдың керет ауысуы, ығыстыру, кедергілер және ауысу кезінде араласып кету) видеоларға ерекше сән береді.Видеоауысымдар видеоның ырғағы мен жылдамдығын басқаруға мүмкіндік береді, тіпті көрермендерді қызықтырып, видеоңызды көру уақытын арттырады.
Төмендегі 16 видеоауысымды міндетті түрде қолданып көргеніңіз жөн
1. "Сұйық жолақтар" және "Тамшылар" видеоауысымдары
TikTok трендтері және Instagram Reels сияқты әлеуметтік желідегі видеоларыңызды қазіргіден де қызықты еткіңіз келе ме?Видеоклиптеріңіздің арасына "Сұйық жолақтар" және "Тамшылар" видеоауысымдарын қосыңыз.Бұлар – кез келген жанрдағы кәсіби видеоны санаулы секундта жасауға арналған таптырмайтын ерекше әдемі арнайы әсерлер.
"Сұйық жолақтар" немесе "Тамшылар" видеоауысымдарын пайдалану үшін, Clipchamp видеоре дакторында "Сұйық жолақтар" немесе "Тамшылар" деп іздеңіз.
2. "Біртіндеп қараю" және "Біртіндеп ағару" видеоауысымдары
"Ауысымдар" қойыншасында біртіндеп жоғалу әсерінің екі түрі болады."Біртіндеп қараю" ауысым видеоны біртіндеп қара фонға ауыстырып жіберсе, "Біртіндеп ағару" ауысымы видеоны біртіндеп ақ фонға ауыстырып жібереді.Бұл қарапайым видеоауысымдар YouTube-тегі оқу материалдары, музыкалық видеолар және көрініс видеолары сияқты кез келген видеоға келе береді, себебі ол кадрлар арасында шиеленіс сезімін сыйлайды."Біртіндеп жоғалу" видеоауысымына аудионың дауысын біртіндеп қосу және өшіру әсерлерін қолдансаңыз да болады.
Біртіндеп жоғалу ауысымдарын пайдалану үшін, Clipchamp видеоредакторында "Біртіндеп ағару" және "Біртіндеп қараю" ауысымдарын іздеңіз.
3. "От" видеоауысымы
"От" видеоауысымының көмегімен өзіңіздің спорттық қабілетіңізді, TikTok-тағы жаңа биіңізді немесе құпияны әшкерелейтін видеоңызды көрсетіңіз.Арнаңыздың аудиториясы кеңеюі үшін, арнайы әсерлер қосып, көрерменнің көңілінен шығатын қысқа әрі нұсқа, әдемі видеолар жасаңыз."От" ауысымы кадрлар арасында жанып жатқан алау сияқты анимациялық "от" графикасын ұсынады.
"От" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "От" деп іздеңіз.
4. "Жабу" видеоауысымы
"Жабу" видеоауысымы бір видеоклипті диагоналінен жабады да, айналып барып, келесі видеоклипті ашады.Бұл қайталанбас кадр ауысымы кез келген видеоға, атап айтқанда әлеуметтік желідегі сатылым жарнамаларына, саяхаттау туралы влогтерге және Instagram Reels және TikTok сияқты мобильдік видеоконтентке ерекшелік сыйлайды.
"Жабу" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Жабу" деп іздеңіз.
5. "Плиткалар" видеоауысымы
Видеоклиптердің арасына ерекше ауысым қосқыңыз келсе, "Плиткалар" – таптырмайтын ауысым.Бір видеоклиптен екіншісіне ауысқанда, ол плиткалар немесе шаршы дизайнындағы ауысым жасайды және кез келген видеоға креативті әсер қосады. Ол слайд-шоулар мен презентацияларға, видеолардың демо нұсқасына және сатылым жарнамалары, саяхаттау туралы видеолар, тіпті ойын видеолары сияқты қысқа метражды видеоларға керемет үйлеседі.
"Плиткалар" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Плиткалар" деп іздеңіз.
6. "Тік және көлденең перделер" деп аталатын видеоауысымдар
Жылжымайтын мүлік туралы видеоларыңызды, кеңсеңіздің қандай екені туралы видеоларды және әдетте кадр сыртында қалатын процестердің видеосын "Тік және көлденең перделер" видеоауысымымен безендіріңіз.Instagram, TikTok немесе YouTube Shorts үшін видеолар жасап жатсаңыз да, толық экранды жұмыс үстеліне арналған видео жасап жатсаңыз да, мұндай ауысымдар кез келген пропорцияға келе береді.Видеоклиптер арасындағы қарапайым перделер ауысымдарының көмегімен видеоңызға қайталанбас ерекшелік сыйлаңыз.
"Тік және көлденең перделер" ауысымын пайдалану үшін Clipchamp видеоредакторында "Тік және көлденең перделер" деп іздеңіз.
7. "Сия" видеоауысымы
"Сия" видеоауысымы екі видеоклип арасында сұйық сияны қыл қаламмен жүргізіп өткендей әсер қалдырады.Бұл – өнер туындыларының көрмелеріне арналған слайд-шоуларға, TikTok видеоларына, мектепте жобаларға, оқиға баяндалатын видеоларға және музыкалық видеоларға креативті видеоәсер.
"Сия" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Сия" деп іздеңіз.
8. Кедергілер және кедергілерді көрсету видеоауысымы
Бір видеоклиптен екіншісіне ауысқанда, камераның немесе видеокодтаудың кедергісін жасағыңыз келе ме?Кедергілер және кедергілерді көрсету видеоауысымын қолданып көріңіз.Хроматикалық абберация деп те аталатын бұл ауысым видеосигналда кедергі бардай шиеленісті әсер туғызып, видеоңызға драмалық көрініс береді.Кедергілер Хэллоуинге орай жасалған видеоларға көп қолданылады және ол – жаңа өнім шығатыны туралы сөздің таралуына және әлеуметтік желі контентіне таптырмайтын видеоауысым.
"Кедергілер" ауысымын пайдалану үшін Clipchamp видеоредакторында "Кедергілер" және "кедергілерді көрсету" деп іздеңіз.
9. "Ұлғайту" және "Кішірейту" видеоауысымдары
"Ұлғайту" және "Кішірейту" ауысымдары кез келген видеоредактордың құралдар жинағында ойып тұрып орын алады."Ұлғайту" ауысымы негізгі нысанды жақындатады, ал "Кішірейту" ауысымы видеодағы негізгі нысаннан немесе фокусталған нүктеден алыстайды.Бұл оңай қолданылатын әсер көрермендердің назарын аударуға көмектеседі және ол – ойын видеоларына, YouTube видеореакцияларына, әлеуметтік желідегі жарнамаларға және видеослайд-шоуларға таптырмайтын әсер.
"Біртіндеп жоғалу" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp в идеоредакторында "Біртіндеп жоғалу" деп іздеңіз.
10. "Айналу" видеоауысымы
"Айналу" видеоауысымы – видеодағы клипті келесі клипке жылдам 180 градус айналдыратын танымал әсер.Кадр ауысымының бұл түрі – саяхаттау туралы влогтерге, экшн және спорттық видеоларға, сәнге және өмір салтына арналған видерларға, іс-шаралардың жарнамаларына және музыкалық видеоларға жарасатын қызықты әрі әдемі әсер."Айналу" ауысымы гуілдеген, сытырлаған дауыс әсерлерімен, сонымен қатар тегін музыканың ырғағымен керемет үйлесімділік табады.
"Айналу" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Айналу" деп іздеңіз.
11."Жүре к" видеоауысымы
"Жүрек" видеоауысымын пайдаланып, Ғашықтар күніне және Аналар күніне орай жасалған видеоларыңызға романтикалық нота немесе видеокарталарға, үйлену тойыңызға арналған слайд-шоуыңызға немесе ұсыныс жасаған видеоларыңызға жүрек қылын қозғайтын нәзік элемент қосыңыз.Махаббат пен сүйіспеншіліктің символына айналған жүрек пішінді әсермен видеоңызды ерекше етіп жасаңыз.
"Жүрек" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Жүрек" деп іздеңіз.
12."Оңға қарай ығыстыру" және "Солға қарай ығыстыру" видеоауысымы
Парақтау немесе бетті аудару әсерін қайта жасағыңыз келсе, "Оңға қарай ығыстыру" және "Солға қарай ығыстыру" видеоауысымын қолданып көріңіз.Ығыстыру ауысымы оқиға баяндалатын видеоларға, YouTube Shorts, Instagram Stories және кез келген видеослайд-шоуға қосымша әсерлер беріп, өзгелерден ерекшелеп тұрады.
"Оңға қарай ығыстыру" және "Солға қарай ығыстыру" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Оңға қарай ығыстыру" және "Солға қарай ығыстыру" деп іздеңіз.
13."Жоғары ығыстыру" және "Төмен ығыстыру" видеоауысымдары
Дәл "Оңға қарай ығыстыру" және "Солға қарай ығыстыру" видеоауысымы сияқты, бұл видеоауысым да видеоклиптер арасында біркелкі айналдыру әсерін береді.Жарнамалық видео, корпоративтік презентация, слайд-шоу немесе сурет ішіндегі сурет сияқты YouTube-тегі оқу материалын дайындап жатсаңыз, ығыстыру ауысымы өнімді таныстырып, мәтінді көрсетеді.
"Жоғары ығыстыру" және "Төмен ығыстыру" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Жоғары ығыстыру" және "Төмен ығыстыру" деп іздеңіз.
14."Айқас бұлыңғырлық" және "Айқас өту" видеоауысымдары
"Айқас бұлыңғырлық" және "Айқас өту" видеоауысымдарының көмегімен бір видеоклиптің соңында кадрды бұлыңғырлап, келесі клипке бірқалыпты өтіңіз.Су астындағы видеолардан слайд-шоу жасасаңыз да, әлеуметтік желідегі сатылым жарнамаларын немесе корпоративтік презентациялар жасасаңыз да, видеоларыңызды кәсіби маман сияқты монтаждаңыз.Оған аудионың дауысын біртіндеп қосу және өшіру әсерлерін қолдансаңыз да болады.
"Айқас бұлыңғырлық" және "Айқас өту" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Айқас бұлыңғырлық" және "Айқас өту" деп іздеңіз.
15."Солға итеру" және "Оңға итеру" видеоауысымдары
"Итеру" видеоауысымының көмегімен видеоклиптеріңізді сол жақтан немесе оң жақтан жылдам сырғытыңыз."Солға ығыстыру" және "Оңға ығыстыру" сияқты бұл ауысым видеоклиптер арасында жылдам әрі әдемі қозғалады.Орналасқан жерлер немесе тақарыптар ауысқанда,"Солға итеру" және "Оңға итеру" видеоауысымдарын қосып, мерекелік видеоларды, YouTube влогтерін безендіре аласыз.Ол дауыс әсерлерімен және аудиомен керемет үйлесімділік табады.
"Солға итеру" және "Оңға итеру" ауысымын пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Солға итеру" және "Оңға итеру" деп іздеңіз.
16.Жоғары және төмен бағытталған видеоауысымдар
Өмір салты туралы видеоларға, каталогтерге, фотосессия видеоларына немесе саяхаттау туралы влогтерге слайд-шоу әсерін жасағыңыз келсе, видеоклиптер арасында жоғары және төмен бағытталған видеоауысымдар қолданыңыз.Бұл видеоауысым YouTube және Instagram сияқты әлеуметтік желіге жүктеп салынатын кез келген видеоның ажарын кіргізеді.
Жоғары және төмен бағытталған ауысымды пайдаланғыңыз келсе, Clipchamp видеоредакторында "Жоғары және төмен бағытталған ауысымдар" деп іздеңіз.
Видеоауысымдарға қатысты кеңестер
Көрермендердің көңілінен шығуы үшін, видеоңызға арналған ауысымды таңдағанда, оның стилін, ол беретін көңіл-күйді және тонды ескеру керек.Видеоларыңызды түрлі ауысымдармен монтаждап көріңіз және сіздің эстетикалық талғамыңызға қайсысы сай келетінін көріңіз.Бірден дұрыс видеоауысым табу міндетті емес, өзіңізге ұнайтынын таңдау үшін мұқият қарап шығыңыз.Ауысымдар жинағындағы алуан түрлі ауысымдардың көмегімен видеоңызды безендіріңіз.
Clipchamp видеоредакторындағы алуан түрлі ауысымдар мен арнайы әсерлердің көмегімен видеоклиптеріңіздің бірінен екіншісіне бірқалыпты ауысып отырыңыз.Видеомонтажға қатысты басқа әдістерді видеоларға мәтін қосу бөлімінен таба аласыз.