Бейнені өңдеу

Бейнефайлдарды онлайн режимде біріктіру жолы

2024 ж. 13 қыркүйек күні жаңартылған
Gladys Labsan жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу
An image of Clipchamp's video editing timeline combining a travel video.

Екі немесе одан да көп бейнеклипті біріктіріп, кескіндерді бейне слайдшоуына айналдырғыңыз келе ме әлде бөлінген бейнені түзеткіңіз келе ме?Түймені бір-екі рет бассаңыз болғаны, Clipchamp-тың тегін онлайндық бейне өңдегіші көмекке келеді.Бейнені онлайн өңдеуді бастау үшін бағдарламалық жасақтама жүктеп алу қажет емес.

Веб-браузерде бейнефайлдарды онлайн біріктіруді үйрену үшін осы мақаланы әрі қарай оқыңыз.

Clipchamp-та бейнелерді біріктіру жолы

1-қадам.Медиафайлды жүктеп салыңыз немесе каталогтік материал таңдаңыз

Медиафайлды импорттау түймешігін басу арқылы компьютердегі бейнелерді, кескіндер мен аудиофайлдарды "Медиафайл" қойыншасына жүктеп салыңыз.

An image of uploading media to Clipchamp.

Болмаса "Каталогтік кескін" немесе "Каталогтік бейне" қойыншаларын қолданып, тегін каталогтік ресурстарды таңдаңыз.

An image of selecting stock videos in Clipchamp.

2-қадам.Біріктіру үшін медиафайл қосыңыз

Медиафайл ресурстарын уақыт шкаласына бір-бірінің жанына сүйреп апарыңыз.Сонда бейнелер автоматты түрде бірігеді.Дайын болған кезде, біріктірілген бейнені толық экраннан алдын ала көре аласыз.

An image of adding video clips to Clipchamp timeline.

Бейнклиптер ретін өзгерту үшін бейне ресурсын таңдап, уақыт шкаласындағы қажетті орынға сүйреңіз.Уақыт шкаласындағы ресурстардың ретін қалағанша ауыстыруға болады.

An image of reordering video clips in Clipchamp.

3-қадам.Бейнеклиптерді кесіңіз

Кескіңіз келген бейне ресурсын таңдаңыз.Бейне ресурсының ұзындығын өңдеу үшін кесу маркерлерін апарыңыз.

An image of trimming in Clipchamp

Бейнеклиптер арасында қара түсті бос аралықтар болса, интуитивті бос орынды өшіру функциясын пайдалансаңыз болады.Бос орынды жою үшін себет белгішесін бассаңыз болды. Әрі қарай бейнені қайта біріктіріңіз.

An image of gap removal in Clipchamp timeline.

Бейнеклиптердің бір толық бейнеге қалай біріккені көңіліңізден шықса, Clipchamp-тың жоғарғы оң жақ бұрышында 1080p HD ажыратымдылығында экспорттауға және сақтауға болады.Бірақ бейнені одан әрі түзеткіңіз келсе, жақсартып, қызықты еткіңіз келсе, өту әсерлерін қосыңыз.

4-қадам.Ресурстар арасына өту әсерлерін қосыңыз

Бейне біркелкі көрсетілуі үшін, әр бейне ресурсының арасына өту әсерлерін қосуға болады.Сол жақ бүйірлік жолақтағы өту әсерлері қойыншасына өтіп, өту әсерін уақыт шкаласындағы екі клип арасына сүйреп апарыңыз.

An image of adding transitions in Clipchamp.

5-қадам.Бейнеңізді экспорттаңыз және сақтаңыз

Бейне сақтауға дайын болғанда, "Экспорттау" түймешігін басыңыз.Экспорттау үшін бейне сапасын таңдаңыз.Бейнені әлеуметтік желіде жариялауға болатындай, жоғары сапалы 1080p ажыратымдылықпен экспорттауға кеңес береміз.

An image of exporting a video in Clipchamp.

Жиі қойылатын сұрақтар

Clipchamp қызметінде бейнелерді біріктіру тегін бе?

Иә. Бейнелерді Clipchamp қызметінде онлайн біріктіру тегін. Каталогтік премиум бейнелерді, кескіндерді немесе біріктірілген бейнеңізге дыбыс қосқыңыз келсе, Премиум жоспарына жаңартылуды қарастырыңыз.

Бейнелер мен кескіндерді біріктіруге бола ма?

Иә. Уақыт шкаласында бейнелерді, кескіндерді, аудионы, GIF пен жапсырмаларды оңай біріктіріп, слайдшоу бейнелерін, промонауқан бейнелерін жасап, басқа идеяларды жүзеге асыруға болады.

Қанша бейнені біріктіруге болады?

Біріктіруге болатын бейнелер санына шектеу қойылмайды. Соңғы бейнені жасау үшін қанша бейне біріктіру қажеттігін өзіңіз білесіз.

Windows-та бейнелерді қалай өңдеп, біріктіруге болады?

Clipchamp-тың тегін онлайн бейне өңдегіші барлық Windows 10 және Windows 11 (алдын ала жүктелген) жүйесінде интернет қосылымымен жұмыс істейді. Clipchamp-қа Edge браузері арқылы немесе Windows-қа арналған қолданбаны жүктеп алу арқылы кіруге болады.

Онлайн бейне өңдегіштің пайдаланушыға ыңғайлы уақыт шкаласы және жан-жақты каталогтік опциялары көмегімен ерекше бейне жасау мақсатында бейнелерді, кескіндерді, аудионы, GIF файлдары мен жапсырмаларды біріктіруге болады. Clipchamp-та бейнелерді біріктіруді бастаңыз.

Оның орнына бейне монтаж жасағыңыз келсе, клиптер арасына өту әсерлерін және бейне тақырыбын толықтыратын фондық музыка қосқан жөн.Фотосуреттермен және музыкамен бейне жасау жолы туралы ақпарат алыңыз.

Clipchamp блогынан қосымша

Ойынға қатысты брендті кіріспе қыстырма видеоны жасау әдісі

2024 ж. 19 қазан
YouTube-тағы 443 000 астап ойын арналары арқылы ойын тамашалауға және контент жасау…

Ойынға қатысты жарқын сәттер видеосын жасау әдісі

2024 ж. 18 қазан
Ойын процесіндегі ең үлкен жеңістерді немесе көңілді сәтсіздіктерді қорытындылағыңыз…

Жаңалық! Clipchamp-тағы автоматты жазу құралы

2024 ж. 5 қазан
Кадрдан тыс дыбыстамалар жазу арқылы бейнелеріңізді кәсіби деңгейге көтеріп, түсінікті…

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз

It looks like your preferred language is English