Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.
Осы бетте
- Арнаулы YouTube нобайлары не үшін маңызды?
- Аудиторияңызды түсініңіз
- YouTube нобайына арналған дизайн элементтері
- Нобай мәтіні мен оның безендірілуі
- Өз брендіңізді ң стилін жасап, ерекше болыңыз
- YouTube бейне нобайларын арнайы мүмкіндіктер арқылы қолжетімді етіңіз
- Нобайды жоспарлау кезінде жиі кездесетін қателерден сақ болыңыз
- YouTube нобай стратегиясын нақтылау үшін аналитика қолданыңыз
- YouTube-ке арнаулы бейне нобайын қосу жолы
- YouTube-ке арналған тартымды нобай дизайнын жасау
Көрермендер үшін YouTube бейнеңізді елемей кетуді мүмкін емес қылғыңыз келе ме?Көру саны мен басу арқылы өту көрсеткішін арттыру үшін бірден көзге түсетін YouTube бейне нобайымен бейне басталмай тұрып-ақ аудиториямен байланысыңыз.
YouTube нобайын дұрыс өлшемде жасау, өзгелерден ерекшеленуге арналған үздік тәжірибелер және YouTube бейнелеріңізге арналған жекелендірілген нобайларды жүктеп салу жолдары туралы білу үшін әрі қарай оқыңыз.
Арнаулы YouTube нобайлары не үшін маңызды?
Арнаулы YouTube нобайы – бейнеңізден алынатын алғашқы әсер, ол сізге көбірек клик жинауға көмектеседі.Арнаулы нобай арқылы өзіңіздің қосымша күш жұмсағаныңызды көрсетесіз, адамдар бейнелеріңізді бірден танитын болады.Мықты нобай бейнеңіздің хикаясын жылдам айтып береді және оны өзгелерден ерекшелеп тұрады.Қарапайым тілмен айтқанда, жақсы нобай арнаңыздың өсуін көмектеседі.
Мынадай қызық факт бар: YouTube-ке сенсек, ең көп көрілген бейнелердің 90%-нда арнаулы нобай бар екен.Бұдан байқайтынымыз, өз нобайыңызды жасау бейнеңіздің байқалуына және оны көбірек адамның көруіне шынымен көмектесе алады.
Аудиторияңызды түсініңіз
YouTube арнаңыз бен бейнелеріңізді кім көретінін білу өте маңызды.Көрермендеріңіздің не сезетінін және не қалайтынын білсеңіз, олардың назарын аударатын нобай жасай аласыз.Бұл эмоциялық маркетинг деп аталады, ол адамдармен олардың сезімдері арқылы байланысу туралы сала.
Көрермендеріңізді не нәрсе қуантатыны, мұңайтатыны немесе қатты қызықтыратыны туралы ойланыңыз.Олар қандай мәселелерді шешкісі келеді?Осыларды біліп алсаңыз, көрермендерге қаратып сөйлейтін нобай жасай аласыз.
Көрермендер еріксіз түрде адам жүзіне қарай тартылады, сол себепті де оны көптеген YouTube бейнесінен көруге болады.Әйгілі YouTube авторы Mr. Beast-тің кеңесіне сенсек,эмоциялық күйді көрсеткенде баланс сақтай білген маңызды.Жүзіңізден драмаға тым беріліп кеткен эмоция көрініп тұрса, мұндай бейне қызығушылықты керісінше азайтуы мүмкін.
Нобайлар жол белгісі сияқты.Көрермендерге бейнеден не күтуге болатыны туралы хабар береді.Нобайыңыз аудиторияңыз іздеген эмоцияны немесе ақпаратты көрсетсе, нобайды басып, көру ықтималдығы артады.
YouTube нобайына арналған дизайн элементтері
Жақсы көрінетін нобай жасау басқатырғышты шешкенмен тең.Ең маңызды бөлік бәрінен ерекше көрініп тұруы керек, мұны визуалдық иерархия деп атайды.Қарама-қайшы түстер, анық қаріптер мен бос орындар арқылы көрермен назарын бір көргеннен маңызды нәрсеге аудартып алыңыз.
Қолапайсыз түрде қиып алынған немесе сурет бөліктері көрінбей қалған жағдайларды және т.б. қателерді болдырмас үшін, YouTube нобайларын дұрыс өлшемде жасау да маңызды.
Мына жерде компьютер және мобильді құрылғы арқылы көруге жарамды YouTube нобайына арналған ең соңғы сипаттамалар берілген:
Минималды ені 640 пиксель болатын 1280 x 720 пиксель
Ұсынылатын пропорция: 16:9
Максимум 2 МБ
Сурет пішімі JPEG, GIF немесе PNG
Нобай мәтіні мен оның безендірілуі
Нобайда мәтін пайдаланғанда, оны көрермен назарын аулайтындай қылып ұсыныңыз, бейнеден не күтуге болатыны жайлы анық идея беріңіз.
Безендірілуге келдгенде, ең бастысы – анық болу.Қалың әрі бір қарағанда да оқуға оңай болатын қаріптер таңдаңыз.Arial немесе Helvetica сияқт Sans-serif қаріптері әртүрлі экран өлшемінде оқылуына байланысты бәрін басып озады.
Контраст та көмекшіңіз болады. Мәтін түсі фонда ерекшеленіп тұрсын, сондай-ақ дизайн элементтері қабаттаспасын.Контраст енгізгенде, көзі нашар көретін пайдаланушыларды да ескеріңіз.Мәтін мен фон арасында жоғары контраст қолдану барлық көрерменнің оқи алуын жақсартып қана қоймай, көзі нашар көретін жандардың да мәтінді оқи алуына септігін тигізеді.
Кәсіби дизайнерлер мұндайдың егжей-тегжейін біледі.Емле мен грамматикадағы шағын қателер көрерменді алаңдатып, назарын бұрып жіберуі мүмкін.Сондай-ақ мұндай қателер ойнатылмай тұрып-ақ YouTube бейнеңіздің сапасы нашар екен деген әсер қалдыруы мүмкін.Мәтінді тексеріп шығыңыз, я болмаса ең дұрысы, басқа біреуге редактура жасатыңыз: ол сіз байқамай қалуыңыз мүмкін қателерді тауып алады.
Өз брендіңіздің стилін жасап, ерекше болыңыз
YouTube платформасында жарқырап шығу үшін нобайыңыз көп арасынан дараланып тұруы керек.Бәсекелестеріңіздің бейне нобайын зерттеуден бастаңыз.Олар қандай түс, қаріп және стиль қолданып жүр?Бәріндегі ортақ үлгіні тауып алыңыз да, одан өзгеше дүние жасаңыз.Міне, осы жерде шығармашылығыңызды іске қосасыз.Бәрі көк түс қолданса, сіз сарғышқа жүгініп көріңіз.Олар тыныш стиль қолданса, сіз батылдау шешім қолданыңыз.Бұл жерде ең бастысы – бұрын ешкім қолданбаған әдісі бар бос орынды тауып алып, оны өзіңіздің бірегей стиліңізбен толтыру.
Бренд қалыптастыруда бірізділік басты рөлге ие.Нобайларыңызда бәрін біріктіріп тұратын ортақ тізбек болуы керек, ол біркелкі түстер схемасы, үнемі қолданатын логотип немесе өзіңізге ғана тән қарпіңіз болуы мүмкін.Бұл бәрі бірдей болуы керек деген сөз емес, қайта бәрі бір қолдан щыққанын білдіруі керек.Уақыт өте келе көрермендер нобайыңызды арна атын оқымай-ақ танитын болады.
Өзіңізге ғана тиесілі образды былай жасай аласыз:
Брендіңізбен үйлесімді түсті палитра жасап алыңы з да, соны тұрақты түрде пайдаланыңыз.
Бейнеңіздегі эмоциялармен үйлесетін арнайы қаріп не қаріптер жинағын пайдаланыңыз.
Көрермендер бірден анықтай алатын логотип немесе визуалды элемент қосыңыз.
Түрлі форматтарды қолданып көріңіз, қажетін тапқаннан кейін оны алдағы нобайларға үлгі ретінде қолданыңыз.
Бұл қадамдар жай сән үшін емес, нобайларыңыздың көрініп қана қоймай, есте қаларлықтай болуына арналған стратегиялық белес.
YouTube бейне нобайларын арнайы мүмкіндіктер арқылы қолжетімді етіңіз
Бәрін ескере отырып жасау дегеніміз нобайларыңыз кеңірек аудиторияны қамти алады деген сөз.Нобайларыңызға арнайы мүмкіндіктер қосу арқылы көру немесе когнитивті қабілеті нашар адамдарға да мазмұныңызды тұтынуға жағдай жасайсыз.
Жоғары контрастқа ие түстер комбинациясын таңдаудан бастаңыз.Бұл жерде әңгіме нобайларыңызды ерекше қып көрсетуде емес, барлық адам, соның ішінде түстерді ажырату қабілеті нашар жандар да визуалдық элементтерді бағалай алуы керек.Веб-контент қолжетімд ілігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар (WCAG) сияқты құралдар дизайныңызда жеткілікті контраст бар-жоғын тексеруге көмектеседі.
Арнайы мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда мәтіннің анықтығы үлкен маңызға ие.Тым қатты стильденген қаріптер қолданудан сақ болыңыз: олар әдемі болып көрінгенімен, оқуға қиын болуы мүмкін.Оның орнына мобильдік құрылғы экрандарында да оңай оқылатын үлкендеу әрі қалыңдау қаріптер қолданыңыз.
Нобайды жоспарлау кезінде жиі кездесетін қателерден сақ болыңыз
Нобай жасауда ұсыныстарды қолданумен қатар қателерден де бойыңызды алшақ ұстаған жөн.Есіңізде болсын, нобайыңыз YouTube бейнеңіздің құнын жарнамалап тұрады.
Жиі кездесетін қателердің бірі – нобайға тым көп ақпарат қосып қою, мұндайда көрермен шатасып, шошып кетуі мүмкін.Толтырып сурет салып қойсаңыз, айтқыңыз келген ой көрінбей қалып, көрермендерді қашыруы мүмкін.Барынша ықшам қылыңыз: бір анық көрнекі элемент, қысқаша атау және барынша аз мәтін.
Екіншіден, басуға итермелейтін YouTube нобайлары арқылы көру санын арттыр уға болады, алайда нобай басқа ақпаратты көрсетіп тұрса, көрермендер бейнеңізден тез шығып кетеді, нәтижесінде YouTube арнаңыздың көру уақыты азаяды. Нобай бейне мазмұнының шынайы алдын ала көрінісін беруі керек.Мақсат көрерменнің күтетін нәрсесін дұрыс қойып, соған сәйкес болу, сол арқылы сенім орнатып, YouTube көру уақытын арттыру.
YouTube нобай стратегиясын нақтылау үшін аналитика қолданыңыз
YouTube аналитикасын түсіну көрермендердің мазмұныңыздан нені ең көп ұнататынын көрсететін қазына картасы сияқты.Бейнелеріңіздің сілтемелер бойынша өту жиілігі (CTR) көрсеткішіне дұрыстап мән беріңіз.Нобай көп көрілсе, онда бәрін дқрыс істедіңіз деген сөз.Көп көрілмесеғ әдісіңізді өзгерту керек болады.
A/B тестілеуі – YouTube нобайыңызды соңына дейін өңдеуге арналған тамаша әдіс.Бұл дегеніміз мынау: бір бейнеге екі түрлі нобай жасайсыз да, қайсысын көрермендер көбірек басатынын көресіз.Біреуінің түсі, мәтіні не суреті өзгеше болуы мүмкін.Бейне нобайларын белгілі бір уақыттан кейін қолмен өзгертіп, нәтижесін салыстыра аласыз.Бұдан бөлек, YouTube өзінің A/B тестілеу құралын шығарғанын хабарлады.Оны дәл қазір бета нұсқасынн қолдануға жазылғандар пайдалана алады.
Сондай-ақ бәсекелестеріңіздің YouTube аналитикасынқарап шығып, оларда қандай әдістер жақсы шыққанын көре аласыз. Есіңізде болсын, кішкентай өзгерістің өзі нобайды едәуір жақсатуы мүмкін.Аналитикадан түйгеніңізді пайдаланып, уақыт өте келе жақсырақ нобайлар жасаңыз.
YouTube-ке арнаулы бейне нобайын қосу жолы
Арнаулы YouTube бейне нобайын жүктеп салуға дайынсыз ба?Қадамдық нұсқаулыққа өтпей тұрып, YouTube тіркелгіңізді растағаныңызды тексеріңіз.
Жаңадан жүктеп салынған бейнелер
1.YouTube Studio бағдарламасына кіріңіз.
2.Жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Жасау" түймешігін, содан кейін "Бейне жүктеп салу" түймешігін басыңыз
3.Бейнефайлды таңдаңыз
4."Нобай" бөлімінде арнаулы YouTube нобайын жүктеп салыңыз
Бұрыннан жүктеп салынған бейнелер
1.YouTube Studio бағдарламасына кіріңіз.
2.Сол жақ бүйірлік жолақтағы "Мазмұн" қойыншасын басыңыз
3.Жүктеп салынған бейнені басыңыз
4."Нобай" бөлімінде "Опциялар" (үш нүкте) түймесін, содан соң "Өзгерту" түймесін басыңыз
5.Жаңа арнаулы YouTube нобайын жүктеп салыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
Is there a limit on how many custom thumbnails a channel can upload?
Yes. There is a limit on how many thumbnails can be added to your channel daily. If you see an on-screen error reading “Daily custom thumbnail limit reached,” try again in 24 hours. This will vary by country, region, and channel history.
YouTube нобай үлгісін пайдалана аламын ба?
Иә. Қолдануға дайын YouTube нобай үлгісі жаңадан бастағандар үшін тамаша және арнаңыздың тұрақтылығын сақтайды.
Бейнелерімнің YouTube нобайын жарияланғаннан кейін өңдей аламын ба?
Иә. Авторлар YouTube студиясында бейнені жариялағаннан кейін YouTube бейнесінің нобайын өзгерте алады.
YouTube-ке арналған тартымды нобай дизайнын жасау
YouTube – мазмұнға толы платформа. Осы нұсқаулық сізге дараланып тұратын YouTube нобайын жасауға көмектеседі деп үміттенеміз.
YouTube бейнелеріңізге көрермен тарту бойынша көмек керек десеңіз, YouTube тегтері жөніндегі толық нұсқаулығымызды қарап шығыңыз сондай-ақ YouTube-те демеушілер тарту туралы нұсқаулығымызбен монетизация мүмкіндіктерін шолыңыз.
YouTube бейнелерін жасау үшін Clipchamp бағдарламасын тегін пайдаланып көріңіз немесе Windows жүйесіне арналған Clipchamp бағдарламасын жүктеп алу ақылы бастаңыз.