Видеомаркетинг

Компанияңыз туралы оқиғаны видеолар арқылы айтудың 5 жолы

2024 ж. 21 қазан күні жарияланған
Clipchamp жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, type: entry-hyperlink id: 6aywL1ughjDB4YCcquEt1H қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу
Graphical representation of social media videos playing

Қысқа видеоконтент – бренд туралы оқиғаны айтып берудің ең маңызды құралы.Қысқа видеолар тұтынушылар мен көрерменге қызық болады, оның үстіне маркетологтер оны оп-оңай қайта пайдалана алады.Компанияңызды видео арқылы таныстырудың бес жолын (мысалы, YouTube Shorts, Facebook стористері және LinkedIn видеолары) зерттеп шығыңыз.

1. Facebook видеоларының көмегімен әлеуметтік желідегі көрерменді кеңінен қамтыңыз

Facebook-те күн сайын 4 миллиардтан астам видео көріледі, бұл – суреттерге қарағанда 135% жоғары көрсеткіш.Facebook стористері мен Reels-тері – Facebook оқырмандарына брендіңіз туралы толық мәлімет ұсынудың тиімді жолдары. Ұсынылған видеолар бетінде стористеріңіз бен Reels-теріңіз сізге жазылмаған пайдаланушыларға да көрсетіледі, осылайша брендіңіздің өрісі кеңейіп, танымалдығы артады.Пайдаланушылар бір-ақ түймені түртіп, қысқа видеоларды (өнімді қалай пайдалану керектігі туралы материалдардың қысқаша бөліктері мен жаңа шығарылымдардың жарнамасынан бастап жиі қойылатын сұрақтар мен сахна сыртындағы видеоларға дейін) көре алады.

Facebook стористері мен Reels-терін ақылы жарнама ретінде қайта қолдану арқылы да брендіңіздің танымалдығын арттыра аласыз, себебі көрермен мақсатты аудиторияға айналады.Бұл ең тиімді маркетингілік стратегия емес, бірақ сілтемеге өткені үшін төленетін жарнамаларды көрген адамдардың сатып алу ықтималдығы әдеттегі пайдаланушыларға қарағанда 50%-ға жоғары. Ақылы видеожарнамалар Facebook дерекқорының мүддесін пайдалануы, контентті көрген оқырманды мақсатты аудиторияға айналдыруы, сатылымды арттырып, брендтің танымалдығын нығайтуы мүмкін.Facebook-тегі көздің жауын алатын қысқа видеолар арқылы ақпарат ұсыныңыз, жарнама жасаңыз және оқиғаларды бөлісіңіз.

2. YouTube Shorts-та компанияңызды адам кейпінде көрсетіңіз

YouTube платформасында компанияңыз туралы видеолар жариялау арқылы аудиторияңыз оның атын ғана емес, оның сипаты мен ерекшелігін біле алады.Тұтынушылар әдетте өздері қолдау көрсететін компаниялар туралы, сонымен қатар олар ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы толық ақпарат алғысы келеді.Влогтер, сахна сыртындағы көріністер және стористер сияқты YouTube видеолары – аудиторияңызбен қарым-қатынас орнатудың таптырмас жолы.

Комментарийлер бөлімінде көрермен және тұтынушылар өз ойларын айтып, пікір қалдырады, тіпті өз сұрақтарына жауап ала алады.Көрерменге қандай мазмұн және өнім ұнайтынын білгіңіз келсе, қаралым саны мен көру уақытына қатысты статистикаға қараңыз. Өнімдер мен қызметтерді жарнамалау мақсатында YouTube Shorts видеоларын қысқа үзінділерін бөлісуіңізге немесе ұзақ видеоларды қайта өңдеуіңізге болады.

3. Видеолар мен анимациялар арқылы электрондық хатты ашу көрсеткішін арттырыңыз

Тұтынушыларыңызға электрондық хаттағы видеолар арқылы хабарласып көріп пе едіңіз?Электрондық пошта арқылы бренд туралы контентті жаңаша таратуға болады. Мысалы, жарнамалық видеолардың көмегімен қайта сатып алғандарға ынталандыру сыйлығын беру. Электрондық хатыңыздың тақырыбына "видео" сөзін қосып қойсаңыз, оны ашу көрсеткіші 6%-ға артады және видеолар сілтемені басу көрсеткішін 65%-ға арттыруы мүмкін.

Электрондық пошта арқылы жасалатын маркетинг үшін арнайы жаңа видео жасаудың қажеті жоқ.Бұған дейін жасалған видеолардың мақсатын өзгертіп, оларды электрондық пошта форматына лайықтаңыз. VideoScribe деп аталатын қолжетімді платформаның көмегімен электрондық хаттарда анимацияларды қолдану арқылы сілтемені басу көрсеткішін арттырыңыз.

4. Instagram видеоларын пайдаланып, тұтынушыларды тартыңыз

Instagram – тұтынушылардың видеоконтентті көру тәсілін өзгертетін алдыңғы қатарлы әлеуметтік желілердің бірі.Қысқаша нұсқаулық материалдары, демеушілер қолдауымен түсірілген видеоконтент, видеолардың демо нұсқалары, Instagram стористері және Reels-тері сияқты қысқа видеолар брендтің танымалдығын арттыруға және тұтынушылардың белсенділігін арттыруға сеп болады.

Тұрақты түрде контент жариялау және жүйелі түрде постар салу арқылы Instagram қауымдастығын құруға және қамтылатын аудитория ауқымын кеңейтуге болады.Көрермен брендіңіздің видео мазмұнын қаншалықты көп көрсе, сілтемені басу және брендіңізді тану ықтималдығы соншалықты артады.Неден бастау керек екенін білмесеңіз немесе шабытыңыз келмей тұрса, Clipchamp видеоредакторындағы дайын Instagram видеоүлгілерін қолданыңыз.

5. Компанияңыз туралы оқиғаны демеушілер қолдауымен түсірілген видеолардың көмегімен бөлісіңіз

Маркетингіні ықпалды тұлғалардың көмегімен жасау – бизнестегі маркетинг стратегиясының басты бөлігі екенін бәріне мәлім. Әйелдердің 86%-ы бірдеңе сатып алар алдында, әлеуметтік желідегі ұсыныстарды және жарнамаларды көреді, ал компаниялардың кемінде 17%-ы маркетинг бюджетін ықпалды тұлғаларға бөледі. Ықпалды тұлғалар қысқаша видеолардың көмегімен брендтерге шынайы жарнама жасап, миллиондаған оқырманына бренд туралы ақпарат береді.Жаңа аудиториямен жұмыс істегісі келетін компаниялар үшін YouTube-тегі демеушілер қолдауымен түсірілген видеолардан бастап Instagram, Facebook, Snapchat және TikTok-қа дейін көптеген таңдау бар.

Ықпал жасаушы маркетингілік агенттіктер компанияларды брендтің құндылықтарына, стиліне, мақсатты аудиториясына және маркетингілік стратегиясына сәйкес келетін авторлармен байланыстырады.

Қысқа видеолар арқылы компанияңызға пайда әкеліңіз

Брендіңіздің қалай құрылғанын көрсеткіңіз келсе де, жаңа өнімді таныстырғыңыз келсе де, оқу материалын ұсынсаңыз да немесе жұмыс орныңыз туралы влог түсірсеңіз де, видео – кез келген платформада көрермен тартудың ең жақсы жолы.Clipchamp видеоредакторының көмегімен әлеуметтік желіде тартымды видеолар жасаңыз.

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз