Жасанды интеллект көмегімен видеоны өңдеу
Clipchamp-тағы жасанды интеллект негізіндегі функциялар арқылы видеоңызды өңдеңіз.
Жасанды интеллектіге негізделген бейне редактор
Жасанды интеллектіге негізделген бейне редактордың көмегімен ішкі режиссерлік қабілетіңізді ашыңыз. Осы функциямен тартымды қысқа видеоларды оңай жасауға болады.
Бейненің стилін таңдаңыз, фотосуреттер мен бейнелерді араластырып қосыңыз және жасанды интеллектінің сиқырына куә болыңыз!
Clipchamp бейне редакторында көздің жауын алатын слайд-шоуларды, саяхат туралы бейнелер мен әлеуметтік желіге арналған мазмұн жасап, сақтап қоя аласыз.
Мәтінді сөзге түрлендіру
TikTok трендіне қосылыңыз немесе жасанды интеллектіге негізделген кадрдан тыс дауыс жасау технологиясымен коммерциялық бейне жасаңыз.
Бірнеше тілде жасанды интеллект арқылы жасалған неше түрлі дауыстың ішінен ұнағанын таңдап алыңыз.
Бейнеңізге сай қарқынды және оның қалай дыбысталатынын өзгертуге, сонымен қатар бейтарап дауысты, әйелдің немесе еркектің дауысын таңдауға болады.
Үнсіз бөліктерді өшіру
Үнсіз бөліктердің монтажын автоматтандыру арқылы бейненің анықтығы мен фокусын жақсартыңыз, сапасы мен өнімділігін жетілдіріңіз.
Үнсіз бөліктерді жою функциясын пайдаланып, кез келген тілде транскрипцияны автоматты түрде жасаңыз, боғауыз сөздерге сүзгі қойыңыз, содан кейін жасанды интеллектінің көмегімен 3 секундтан артық үнсіз қалған жерлерді жойып тастаңыз.
Бейнеңіздің қажеттіліктеріне қарай үзілістерді алдын ала көріп, ұсыныстарды қабылдаңыз.
Баяндамашы нұсқаушысы
Камераға сөйлеген әрбір жазбаңызға нақты уақытта пікір айтылады, осылайша ел алдында сенімді сөйлеуді үйренесіз.
Бейнеге сай болу үшін сөйлеу қарқыны мен екпінін тексеріп, дауысыңызды қайта жазыңыз.
Паразит сөздердің қайсысын жиі қайталайтыныңызды анықтап, сөзіңіз өтімді болуы үшін, оларды қолданбауға тырысыңыз.
Автоматты субтитрлер
Бейнеңіз барынша түсінікті әрі тартымды болуы үшін, смарт автоматты субтитрлер қосыңыз.
Дауысты анықтаудың қауіпсіз технологиясымен 80 тілде субтитрлер жасаңыз.
Бейнеңіздің мазмұнына сай қаріп стилін, түсін, туралануын және өлшемін реттеуге болады.
Шуды басу
Бейнелердің, аудио тректердің фондық шуын азайтыңыз және жасанды интеллектіге негізделген шуды басу мүмкіндігі арқылы дыбыстың анықтығын жақсартыңыз.
Ш улы көшелердегі нашар дыбысты қалпына келтіріңіз, балалардың әңгімесін немесе тіпті жел мен көгал шапқыштың дыбыстарын өшіріңіз.
Дауыстың сапасына нұқсан келтірместен немесе қымбат микрофондарды сатып алмай-ақ, гуілдерді немесе қатты алаңдататын дыбыстарды автоматты түрде жойыңыз.
Фонды жою
Бейнедегі суреттің фонын еш қиындықсыз санаулы секундта жойып тастауыңызға болады.
Фонды мөлдір қылып, суреттегі нысанды оқшаулаңыз.
Логотиптің мөлдір су белгісін жасаңыз немесе суретіңізге жаңа түрлі түсті фон қойыңыз.
Clipchamp-та жақында пайда болады
Маңызды элементтер
...және тағы басқалары!
Жасанды интеллект негізіндегі функцияларды қалай қолдану керектігі туралы ақпарат алыңыз
Clipchamp- та автоматты субтитр қолдану әдісі
Жаңа! Clipchamp редакторында шуды басу
Жаңа функция! Clipchamp видеоредакторында дыбыссыз бөліктерді өшіру құралы пайда болды
Бейне үшін кадрдан тыс дыбыстама жасау жолы
Бейнені транскрипциялау жолдары
Жиі қойылатын сұрақтар
Are AI video editing features free in Clipchamp?
Is there a limit to how many AI video editing tools I can use?
Do I need to download AI video editing software to use Clipchamp?
How to use the AI video editor in Clipchamp?
Миллиондаған редакторлардың таңдауы
Тегін нұсқада осы мүмкіндіктердің бәрі болады деп мүлде ойламап едім.Тегін әрі мүмкіндіктерді жақсы қамтыған, сондай-ақ түсінікті бейне өңдеу сайты ның болғанына қатты таң қалдым және шын айтсам, қатты ризамын.Пайдалану кезінде әр сәттен ләззат алдым.Clipchamp – әлеуметтік желі контентім үшін қолданатын басты бейне өңдеу құралым.
Маған Clipchamp-ты пайдаланудың оңай болғаны ұнайды. Ол шынымен тәжірибесі мен машығына қарамастан кез келген адам үшін керемет бейне жасау мүмкіндігін ашып берді. Болашақта көп үміт күттіретін автор немесе маусымдық бейнеблогер болсаңыз да, Clipchamp сізге әрдайым көмектеседі.