Компания жаңалықтары

Clipchamp интерфейсінің дизайны өзгерді

2022 ж. 1 тамыз күні жарияланды
Clipchamp тарапынан жазылған

Heads up! This content is relevant for Clipchamp for personal accounts. Try this link If you're looking for information about Clipchamp for work accounts.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу

Видео – қазіргі таңда оқиғаны баяндаудың ең күшті жолы, ал Clipchamp-тің арқасында видео жасау процесі кез келген адам үшін әлдеқайда оңай, қолжетімді әрі қызық бола түсті.

2021 жылы біздің видеоредактор Microsoft тобына қосылды.Енді Microsoft 365 өнімдер жиынтығына қосылғанымызды ресми түрде мәлімдеп, жұмысымыздың келесі кезеңі басталғанын хабарлағымыз келеді.

Бұл – біраз дамылдап, брендіміздің белгішесін қайта қарастыратын керемет мүмкіндік.Біздің дизайнерлер белгішені қайта жасап, жасампаздығымыз бен қаншалықты өнімді жұмыс істейтінімізді паш еткісі келді. Сонымен қатар ол пайдаланушылардың естерінде қалатындай әсерлі болуы, сондай-ақ жаңа қосылған тобымызға жақындата түсіуі керек.

Бірқатар семинар, сауалнама және пайдаланушылардың пікірін тыңдау сеансынан кейін жаңа белгіше жарыққа шықты.Керемет қой, солай емес пе?

Clipchamp brand logo changes from a C design to a purple clapperboard design in July 2022

Заманауи видеомонтажды паш ететін белгіше

Киноматографиялық шартылдақ пен кинотаспа әлем бойынша видео мен фильм түсірудің символына айналғанына бір ғасырға жуықтады.Дәлл Clipchamp сияқты ол да Австралиядан бастау алады.

Киноматографиялық шартылдақ қазіргі заманда видео түсіру үшін қаншалықты маңызды болса, видеоны монтаждау әлемінде Clipchamp-тің рөлі де дәл сондай. Біздің мақсат – Clipchamp-ті қолданатын кез келген адамның "видеопродюсерлік" қабілеттерін ашу. Оның қаншалықты дарынды, шығармашылыққа жақын екені немесе арнайы мүмкіндіктерді қаншалықты қажет ететіні маңызды емес.

"Классикалық шатырлақ пішінінің және видео өндірісі метафорасының арқасында жаңа белгіше видеоредакторды меңзеп тұрғанын бірден аңғаруға болады",–дейді Clipchamp-тің шығармашылық жөніндегі директоры Брок Кензлер.

"Дегенмен әрі қарай үңіле берсеңіз, оның дизайны заманауи видеомонтажды білдіріп тұрғандай.Блоктардың пішіндері уақыт шкаласында монтажды еске түсіреді немесе түрлі түсті, блоктардан құралған анимациялы видеокенепке ұқсайды."

Біз ресми түрде ескі таңбамен қоштасып, жаңасын ыстық ықыласпен қарсы аламыз.Бұл жаңа белгішені Clipchamp компьютерлік қолданбасынан, мобильдік қолданбадан, веб-сайттан, электрондық хаттардан және т.б. жердерден көре аласыз.

Clipchamp-тің жаңа жазылым жоспарын қолданып көріңіз

Clipchamp image of editing elements

Clipchamp-тегі ақылы үш жазылым деңгейінің орнына Premium деп аталатын жаңа жоспар шықты.Бұл жоспарда алдыңғы жоспарлардың функциялары қамтылған, бірақ бағасы төменірек. Соның арқасында қалтаңыз қаншалықты жұқа болса да, видеоларды кәсіби деңгейде жасай аласыз.Өзінің күнделікті жасайтын видеоларын жаңа деңгейге шығарғысы келетіндер үшін Premium жоспары – таптырмайтын шешім.

Жаңа Premium жоспарына не кіреді?

Premium жоспарының көмегімен 1080p форматына дейінгі ажыратымдылықта су белгісінсіз эспорттауға, премиум деңгейдегі тегін видеоларды, аудиоларды және суреттерді пайдалануға, премиум деңгейдегі фильтрлерді, әсерлерді, бренд жиынтықтарын және контент резервтерін пайдалануға болады.

Айлық немесе жылдық жазылым жоспарларын сатып алғанда, жаңа жазылушыларға жеңілдіктер беріледі.Бұл жоспар туралы толық мәліметті мына жерден оқи аласыз.

Clipchamp видеоредакторы енді Microsoft 365 қызметіне кіреді

Microsoft 365 – миллиондаған пайдаланушының чат арқылы сөйлесуіне, жиналыстар ұйымдастыруына, құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне, тіпті Office бағдарламаларымен біріге жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қуатты қызметтер жинықтығы.Microsoft 365 қызметін жеке мақсатта пайдалансаңыз да, отбасыңызбен бірге қолдансаңыз да, енді тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Clipchamp-пен видеоңызды монтаждай аласыз.Бұдан жеңіл болуы мүмкін емес.

Clipchamp in M365 productivity suite

Жаңа қолданайын деп жатырсыз ба?Clipchamp видеоредакторы туралы толық мәлімет алыңыз

Сәлем!Clipchamp – интерфейсінде апарып тастау функциясы бар тегін онлайн видеоредактор.Санаулы минутта тамаша видеолар жасай алуыңыз үшін, онда алдыңғы қатарлы видео монтаждау мүмкіндіктері бар.Видеоны монтаждау сиқырларының барлығы браузерде болады, сондықтан керемет видеолар жасау үшін соңғы үлгідегі компьютеріңіздің болуы шарт емес.

Мұнда негізгі функциялардың барлығы бар: оңай кесу, қию, қысқарту, жылдамдығын реттеу және видеоларыңызға ауысымдар қосу.Экраныңызды жазып алуыңызға да, веб-камерамен түсіруіңізге де, жасыл экранды видеоларды монтаждауыңызға да, тіпті жасанды интеллектің көмегімен дауыстық сүйемелдеуді дәл браузерде қосуыңызға да болады.

Әлеуметтік желілерге лайықтап, өлшемін өзгерту функциясымен, оңай монтаждау таңбашаларымен және арнайы құралдарымен Clipchamp ұжымы қарапайым идеяны кәсіби деңгейдегі видеоға айналдыруға мүмкіндік жасады.

Шығармашылық қабілетіңіз жоқ па?Әлеуметтік желіге, ойын кіріспесіне, тауарды жарнамалайтын видеоларға, оқу материалдарына және т.с.с. үшін қызықты видеолар жасау үшін дизайнерлік шаблондарды және миллиондаған сток медиасын қолданыңыз.

Бүгін бастау үшін https://clipchamp.com/en/ веб-сайтына кіріңіз немесе Windows жүйесіне арналған қолданбаны жүктеп алыңыз.

Clipchamp блогынан қосымша

Жаңа және жетілдірілген: сізге ұнайтын 12 қызықты Clipchamp жаңартылымдары!

2023 ж. 28 сәуір
Clipchamp тобы бейнені өңдеу тәжірибеңізді жеңіл, жылдам және қызықты ету үшін әрқашан…

Clipchamp-тің Premium жоспарымен таныс болыңыз

2022 ж. 3 тамыз
Clipchamp баға жоспарлары өзгерді. Премиум деңгейдегі Clipchamp тіркелгісіне төлеудің…

Clipchamp қызметінің жаңартылған шарттары мен талаптары және құпиялық саясаты

2023 ж. 3 қаңтар
Бұл мақала жеке тіркелгілерге арналған Clipchamp үшін қолданылады. Clipchamp бағдарламасының…

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз

It looks like your preferred language is English