Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, type: entry-hyperlink id: 6aywL1ughjDB4YCcquEt1H қолданып көріңіз.
Осы бетте
Миссияны баяндайтын бейнелер арқылы компания мақсатын, оның құндылықтары мен өзін айшықтайтын белгілерін оңай көрсете аласыз. Маркетологтердің 94%-ы бейнелердің пайдаланушы қызығушылығы мен түсінігін арттыратынын айтады: бейне жасау брендіңіздің клиенттермен, мүдделі тараптармен және қызметкерлермен санаулы минуттарда-ақ оп-оңай байланысуына көмектеседі.
Clipchamp көмегімен миссияны баяндайтын кәсіби бейнелерді қалай жасау керегін үйрене отырып, мұндай бейнелердің пайдасын зерттейік.
Миссияны баяндайтын бейнелер компанияңызға не үшін маңызды?
Әрекеттестік пен бренд танымалдығын арттырыңыз: миссияңызды бөлісу үшін бейне жасау арқылы айтқыңыз келген хабарды тек мәтінмен бергеннен гөрі тиімді етесіз. Миссияны баяндайтын кәсіби бейне көрермендеріңізді қашықтан да, жақыннан да, интеллектуалдық және эмоциялық тұрғыдан да қызықтырып, бренд мақсатын көрнекі қылады.
Фирмалық таңбаны күшейтеді: миссияны баяндайтын бейне брендіңізді ерекшелігі арқылы құрылған тұлғасын анық жеткізеді. Бейне бренд құндылықтарын көрермен құндылықтарымен үйлестіруге көмектеседі.
Қызметкерлерді шабыттандырып, біріктіреді: миссияңызды бейне форматында баяндау арқылы қызметкерлерді жігерлендіріп, оларға өздерінің мақсаты мен компания мақсатын үйлестіретін сезім бере аласыз. Бейне бірігіп, бір мақсатқа жетуге бағытталған жұмыс ресурстарын жасауға көмектеседі.
Клиенттердің сенімін тудырып, олармен байланыс орнатады: брендіңізді "адамға ұқсатыңыз", клиенттеріңізбен бейне арқылы байланыса отырып, миссияңыз бен құндылықтарыңызды олардікімен бірдей қылып көрсетіңіз. Компанияңыздың хикаясы мен құндылықтарын бөлісу арқылы аудиторияңызбен терең эмоциялық байланыс құра аласыз, осылайша клиентпен ұзақ уақыт бойы адал қатынас құрасыз.
Бөлісу және қамту көрсеткіштерін арттыру: бейнелерді әлеуметтік желіде бөлісу оңай, яғни мазмұныңызды көретін әлеуетті клиенттеріңіздің саны көп болады. Бейне бөлісу платформасында миссияңызды баяндайтын бейнені ерекшелеп қойыңыз, сол кезде қамту мен көріну көрстекіштері артады.
Брендіңізге шабыт беретін миссияны баяндайтын 5 бейне
1. Tesla-ның миссия баяндайтын бейнесі
Tesla-ның миссия баяндайтын бейнесі – назар аудартатын бейне маиериал. Ол компанияның тұрақты дамуға деген ұстанымын айшықтап, озық технологиялар мен инновацияларын көрсетеді. Бейне салмақты хабар айту арқылы бірден көрермен назарын өзіне аударып алады. Tesla-ның электр көліктері мен энергия шешімдері көзге тартымды етіп көрсетілген бейнеде компанияның таза энергиядағы революция көшбасшысы деген позициясы көрсетілген.
Бейне неліктен жақсы болып шықты?
Tesla-ның бейнесі өз миссиясын жаһандық тұрақты даму көзқарасымен үйлестіре білу арқылы сәтті шықты. Инновациялық көрнекі құралдарды және алға қарайтын баяндау тәсілін пайдалана отырып, брендтің экологияға деген беріктігін айшықтап көрсетіп, көрермендерді осынау бір жаһандық қозғалыстың бір бөлігі болуға ынталандырады. Бейне клиенттерге де, қызметкерлерге бағыттала отырып, оларды ортақ болашаққа біріктіреді.
2. Starbucks-тың миссия баяндайтын бейнесі
Starbucks-тың миссия баяндайтын бейнесі компанияның әлемде оң өзгеріс жасауға деген ұмтылысын көрсетеді. Бейне брендтің серіктес таңдауда этикаға сүйенетінін, қоғам өміріне араласатынын және қоршаған ортаны аялайтынын атап көрсетеді. Роликте кофе плантицияларындағы фермерлер мен қоғамдық жобаларға және тұрақты даму практикаларына арналған эпизодтар бар. Осының бәрі Starbucks-тың жарқын болашақ көрінісі туралы баяндамасымен бірге беріледі.
Бейне неліктен жақсы болып шықты?
Бейненің көрермендер жүрегінен орын тапқан себебі – оның компанияның кофе ұсынудан да тыс әрекеттерін көрсете білуінде. Компанияның кеңірек ықпалына басты назар қоя отырып, бейне тұрақты даму мен корпоративтік жауапкершілікті қадір тұтатын клиенттерге жағатыны анық. Starbucks бастамаларын аутентик тұрғыда суреттеу арқылы құндылықтары компаниянікімен ортақ көрермендер арасында сенім мен адалдық орнатып, брендті әлеуметтік жауапкершілік көшбасшысы етіп ұсынады.
3. Microsoft корпорациясының миссия баяндайтын бейнесі
Microsoft корпорациясының бейнесі брендтің инновация мен мүмкіндіктер ұсынуға деген тұрақтылығына ден қояды. Онда маңызды межелерге жету үшін Microsoft құралдарын пайдаланған неше түрлі тұлғалар мен ұйымдар бейнеленген. Бейнеде сондай-ақ компанияның білім беру, денсаулық сақтау, бизнес және т.б. салалардағы әсерін сипаттай отырып, технологияның қалайша оң өзгеріс әкеле алатыны ерекше атап көрсетілді.
Бейне неліктен жақсы болып шықты?
Бейне бренд өнімдерінің әлем бойынша адамдар мен ұйымдарға қуат беретінін көрсете отырып, оның шын өмірдегі қолданысын ерекшелеп ұсынады. Бейнеде ұсынылған әралуан оқиға мен нәтижелерді пайдалану көрермендерге Microsoft әсерінің кең көлемін түсінуге көмектесіп, миссия туралы баяндамасын сенімді әрі шабыттандыратын қылады.
4. Nike компаниясының миссия баяндайтын бейнесі
Nike компаниясының миссия баяндайтын бейнесі брендтің әр деңгейдегі спортшылардың мүддесіне адалдығын айшқтайды. Бұл бейнеде әртүрлі спорт пен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысып жатқан әралуан адам тобын көрсетеді. Олардың бәрін біріктіретін нәрсе – спортқа деген құмарлық пен жігер.
Бейне неліктен жақсы болып шықты?
Бейнеде инклюзивті әрі шабыттандырғыш тон қолданылады. Бренд миссиясын нақтылай отырып, көрермендермен байланыс түзеді. Бейнедегі эмоциялық резонанс күшті, мотивациялық хабармен бірге үйлесе отырып, брендті өз саласында ілгері тұруына атсалысады.
5. Dell компаниясының миссия баяндайтын бейнесі
Dell компаниясының миссия баяндайтын бейнесі брендтің инновация мен білім беруге деген тұрақты ұстанымын атап көрсетеді. Бейне компанияның қарапайым бастамадан қазіргі техникалық көшбасшы компанияға дейінгі жүріп өткен жолын жылнама түрінде баяндап, Dell инновациялары әлем бойынша жеке тұлғалар мен ұйымдарға қалай көмектескенін атап көрсетеді. Онда қызметкерлер мен клиенттердің шынайы пікірі ұсынылып, брендтің әртүрлі салаға әсері көрсетіледі.
Бейне неліктен жақсы болып шықты?
Dell бейнесі компания жетістігінің сәттілікке жетелегенін көрсете отырып, табандылық пен даму хикаясын баядайды. Бейне көрермендерді шабыттандырып, сенімділік тудырады, одан бөлек, инновация мен білім беру туралы ойының аудиториямен бірдей екенін көрсетеді.
Кәсіби әрі қызықты бейнелермен компанияңыздың миссиясын баяндап беріңіз. Тағы да шабыт алу үшін брендіңіздің жаңа қызметкерлерді бейімдеу бейнелеріне қатысты идеяларды қалай қолдана алатынын қарап шығыңыз.
Негізгі құндылықтарыңызды аудиторияңызға жақын екенін тиімді түрде көрсететін бейнелер жасаңыз. Ол үшін Clipchamp қолданыңыз немесе Microsoft Clipchamp Windows бағдарламасын жүктеп алыңыз.