"Назар аударыңыз! Бұл мақаладағы скриншоттар жеке тіркелгілерге арналған Clipchamp редакторынан алынған. Жұмыс және мектеп тіркелгілеріне арналған Clipchamp үшін де сондай қағидаттар қолданылады."
Осы бетте
Күнделікті жұмыс хаттарын анық, қызықты және жекелендірілген хабарларға айналдырыңыз, ол үшін Outlook ішіне бейне ендіріңіз. Мынаны ойлап көріңізші: ұзақ жиналыстар мен ұзын электрондық хаттарды қысқа түсіндірме бейнемен немесе жоба жаңалықтары бейнесімен алмастыру, я болмаса тіпті жұмыс орнында болмау мен таныстыру хаттарына өз қолтаңбаңызды қосу.
Outlook бағдарламасындағы бейненің толық әлеуетін ашыңыз. Ол үшін үлкен көлемді бейне файлдарын жазу, ендіру және жіберудің мына үш әдісін пайдаланыңыз. Келесі Outlook хатыңызға бейне қосып, жұмысты тез атқару үшін практикалық идеяларды зерттеңіз.
Ескертпе: кейбір әдістер Outlook тіркелгіңіз корпорацияға тіркелген болса және өзіңіз O365 кәсіпорын тұтынушысы болсаңыз ғана қолжетімді болады,сол себепті өз бейне қажеттілігіңізге сай келетін әдісті таңдаңыз.
Outlook-та OneDrive-тан бейне ендіру
1-қадам. Бейнеңіз үшін OneDrive бөлісу сілтемесін жасаңыз
Бейнеңіз сақталған OneDrive қалтасын ашыңыз. Бөліскіңіз келген бейне файлды таңдаңыз. Содан соң OneDrive сипат панеліндегі "Бөлісу" түймешігін басу арқылы бөлісу сілтемесін жасаңыз.
2-қадам. OneDrive бөлісу сілтемесін көшіріңіз
Сілтеме жасалып болған соң, "Сілтемені көшіру" түймесін басыңыз. Бөлісу сілтемесі автоматты түрде құрылғыңыздың аралық сақтағышына сақталады.
Кеңес: осы беттегі параметрлер белгішесін басу арқылы сілтеме параметрлерін жаңартып көріңіз, сол кезде хатыңызды алушылардың бейнеңізді көре алатынына көз жеткізесіз.
3-қадам. OneDrive бөлісу сілтемесін Outlook-қа қойыңыз
Microsoft Outlook бағдарламасын ашыңыз да, "Жаңа электрондық хабар" түймесін таңдап, жаңа хат жазыңыз. Жай ғана OneDrive бөлісу сілтемесін хаттың негізгі бөлігіне қойыңыз, сол кезде ендірілген бейне ойнатқыш пайда болады. Енді жұмыс электрондық пошта мекенжайы арқылы бейне жібере аласыз.
Outlook-та YouTube бейнесін ендіру
1-қадам. YouTube бейнесінің URL мекенжайын көшіріңіз
Электрондық хатқа ендіргіңіз келген YouTube бейнесіне өтіңіз де, сол бейненің URL мекенжайын көшіріңіз.
2-қадам. YouTube бейнесінің URL мекенжайын Outlook-қа қойыңыз
Microsoft Outlook бағдарламасын ашыңыз да, "Жаңа электрондық хабар" белгішесін таңдап, жаңа хат жазыңыз. YouTube бөлісу сілтемесін хаттың негізгі бөлігіне қойыңыз. Бейненің алдын ала көру нұсқасы пайда болады, онда YouTube бейнесінің нобайы, сипаттамасы және өзге де негізгі мәліметтер көрсетіледі.
Хатыңызды алушылар хаттағы сілтемені басқанда, YouTube ішінен жаңа қойынша ашылады, осылайша бұл электрондық хатқа бейне тіркеудің жылдам жолы болады.
Кеңес: әлдеқайда кәсіби көріну үшін бейнедегі сипаттама мәтінде немесе жарнамалық суретте YouTube бейнесінің URL мекенжайына гиперсілтеме жасай аласыз.
Outlook-та бейне жазу
1-қадам. Outlook-тағы "Бейне жазу" түймесін таңдаңыз
Microsoft Outlook бағдарламасын ашыңыз да, "Жаңа электрондық хабар" түймесін таңдап, жаңа хат жазыңыз. Бейне жасауға дайын болғанда, Outlook таспасынан "Кірістіру" опциясын таңдаңыз.
Outlook таспасынан "Жазу" түймесін басыңыз да, экранды жазып немесе камерамен түсіріп, электрондық хат арқылы бейне жіберіңіз.
2-қадам. Бейне жазуды бастаңыз
Экран мен камера жазу құралы пайда болады. Бейне қажеттіліктеріңізге қарай, экран жазуды,веб-камера арқылы жазуды немесе аудио жазуды таңдай аласыз. Камера белгішесін қосу арқылы экран мен веб-камераны қатар жазыңыз. Outlook веб-камераңызға қатынаса алуы үшін, қалқып шығатын рұқсаттарды мақұлдаңыз. Сондай-ақ "Сценарий" белгішесін пайдалану арқылы бейне жазып жатқанда сценарий оқу үшін телесуфлер қоса аласыз. Дайын болғанда "Экран жазуды бастау" түймесін басыңыз.
Белгілі бір браузер қойыншасын, терезені немесе бүкіл экранды бөлісуді таңдаңыз да, "Бөлісу" түймешігін басып, іске кірісіңіз. Осы жерден қойынша аудиосын қосуға не өшіруге де болады.
Таңдаған экраныңыз жаңа қойыншада жазыла бастайды. Бейнематериал жазып болған соң, "Бөлісуді тоқтату" түймесін басыңыз, сол кезде бейнеңіз Outlook-та өңделе бастайды.
3-қадам: жазылған бейнені өңдеңіз
Бейнежазба тексеруге және өңдеуге дайын. Қайшы белгішесі арқылы бейнежазбаны кесе аласыз, я болмаса бейнедегі артық бөліктерді өшіру үшін бөлу белгішесін пайдаланыңыз. Ұзағырақ бейне жасау үшін бейнеклип жазуды жалғастыра берсеңіз де болады, ол үшін көбірек жазу белгішесін таңдаңыз.
Әрі қарай музыка белгішесі арқылы өңделген бейнеңізге фондық музыка қоса аласыз. Бейне өңдеуді аяқтау үшін көрсеткі түймесін басыңыз.
4-қадам. Электрондық хатқа ендіру үшін бейнені сақтаңыз
Бейне сақтала бастайды да, автоматты түрде хаттың негізгі бөлігінде ендірілген бейне ойнатқышта пайда болады.
SharePoint-тағы кең экранды бейне ойнатқышты ашу үшін хат алушылар бейнені басса болады. Сондай-ақ файл атауын ауыстырып, сақталған бейненің орналасқан жерін өзгерте аласыз және бейнені осы қойыншадан жүктеп ала аласыз.
Outlook хаттарыңызға бейне қосуға арналған 10 идея
Жекелендірілген бейнехабар жасап алыңыз да, оны жұмыс орнында болмағанда немесе демалыста болғанда жіберілетін автоматты жауап хатына тіркеп қойыңыз.
Нұсқаулар немесе процесс барысын сүйемелдеу үшін орындау әдісінің бейнелерін немесе оқулық бейнелер жасаңыз.
Мамандар бөліміне қатысты бейнелер ендіру арқылы жаңа қызметкерлерге арналған бейімделу бейнесін жасаңыз.
Экранды жазу арқылы корпоративтік бейне есеп жасаңыз да, бизнес аналитиканы бөлісіп, оны кадрдан тыс дауыспен түсіндіріңіз.
Жаңа жұмысшы ретінде, я болмаса жаңа ұжым не жобамен жұмыс бастағанда байланыс орнату үшін таныстыру бейнесін жазыңыз.
Ақпараттық технология мен қызмет көрсету бөлімі үшін ақауларды жоюға арналған бейне мысалдар жасау мақсатында экраныңызды жазыңыз.
Нәтижелер мен ұжымдағы өзгерістер туралы хабарлау үшін ақпараттық бюллетенбдерге компанияның жаңалықтар бейнесін тіркеп қойыңыз.
Алда болатын жұмыс іс-шарасы бойынша ажиотаж тудырыңыз: трейлер бейнесін немесе шақыру бейнесін жасаңыз.
Белгілі бір бизнес үшін тұтынушы ретінде пікіріңіз айтылған бейне түсіріңіз, оның өнімі мен қызметі туралы айтыңыз
Бейнехабар жасау арқылы жұмыс орнында маусымдық сәлемдемелер мен құттықтаулар жіберіңіз.
Outlook қызметінде еш қиындықсыз бейне жазып, ендіріңіз, осылайша жұмыс орныңыздағы қарым-қатынасты жақсартып, хаттарыңызды динамикалық әрі қызықты етіңіз.
Жұмысқа арнап бейне жасауды жалғастыру үшін мына корпоративтік бейне идеялардан шабыт алыңыз немесе тиімді оқыту бейнесін жасау жолдарын үйреніңіз.
Жұмысқа арнап тағы да бейне жасағыңыз келсе, Microsoft Clipchamp сияқты онлайн бейне редакторын қолданыңыз.