Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.
Осы бетте
Анаңызды, әжеңізді, әпкеңізді немесе өмірде сіз үшін орны ерекше әйел атаулыны құттықтап, оларды қалай жақсы көріп, бағалайтыныңызды көрсеткіңіз келе ме?Аналар күніне орай Clipchamp көмегімен есте қалар сайдшоуы бар Reels-терден бастап Аналар күніне арналған сыйлық таңдау нұсқаулары мен жылы сөздер посттарына дейін ерекше бейне жасаңыз.
Бейне түсірудің мына 15 идеясын қарап шығып, бейне жасаңыз да, әлеуметтік желіде санаулы секундта бөлісу үшін осы мақаланы соңына дейін оқыңыз.
1.Аналар күніне арналған слайдшоуы бар бейне
Бейне слайдшоу жасап, биылғы Аналар күнінде анаңыз туралы естеліктер сіз үшін қаншалықты ыстық екенін есіне салыңыз.Баға жетпес сәттерден бейнеленген фотосуреттер мен бейнелерді біріктіріп, монтаж жасаңыз.Бұл — бейне слайдшоу редакторының көмегімен жылдам жасауға болатын керемет сыйлық.
2.Үй жануарларының дауысы бар видео
Жүні үлпілдеген күшіктер мен олардың енелері де Аналар күнімен құттықтай алады!Анаңыздың төрт аяқты досының бір күндік өмірін көрсетіп, үй жануарлары атынан көз қуантар бейне жасаңыз.Кадрдан тыс дауыс қойылған бейненің бұл стилі жазылушыларыңыздың көңілін көтеріп, анаңызды бір марқайтып қояды.
3.Анаңыз туралы оқиға баяндалатын видео
Ең оңай әрі жан тебірентер сыйлықтардың бірі — анаңыз туралы қызықты естеліктерден тұратын немесе жүрек қылын қозғайтын бейне жасау.Смартфон, камера немесе онлайн веб-камерамен жазу құралын пайдаланып, анаңыз туралы оқиғаны баяндап беріңіз.Қателескен жерлерді өшіріп тастау, әлеуметтік желі платформаларына сай келетіндей пропорциясын өзгерту, тіпті Аналар күніне арнап жасалған жапсырмаларды, ауысымдарды, фондық музыкаларды және т.б. әсерлерді қосу арқылы бейнеңізді өңдеңіз.
4.Анаңызбен сұрақ-жауап видеосы
Қайталанбас сұрақ-жауап видеосын жазу арқылы биылғы Аналар күнін ерекше атап өтіңіз. Анаңызға ыңғайсыз сұрақтар қойыңыз, келелі кеңесін сұраңыз немесе ол кісінің сізді қаншылықты жақсы білетінін анықтаңыз.Интервью іспеттес бұл бейне анаңыз туралы бейне жасаудың, оның тұлғалық қасиеттерін желіде көрсетудің ж әне жазылушыларыңызға жеке өміріңіз туралы ақпарат берудің ең керемет жолы болмақ.
Ауқымды аудиторияны қамту үшін автоматты субтитр және мәтін қабаттарын қосуыңызға, тіпті бейне жылдамдығын арттыруға немесе азайтуға болады.Бейне естеліктердің әдетте ғұмыры ұзақ болады, сондықтан анаңызбен түскен бейнені әрбір Аналар күні жыл сайын көріп, қызықты сәттерді еске алып отыруыңызға болады.
5.Аналар күніне орай жасалған видео ашықхаты
Аналар күніне орай анаңызға әдеттегі ашықхат жазғанша, жүрегіңіздің түкпірінен шыққан ізгі ниетті бейне ашықхаты арқылы жеткізіңіз.Егер дайын бейне үлгісін пайдаланып, мәтін мен түстерді өзгертіп, өз суреттеріңізді қосатын болсаңыз, ондай ашықхатты жасау оп-оңай.Clipchamp экспорттау бетінен бейне ашықхатыңызды тікелей TikTok желісінде бөлісіңіз.
6.Анаңыздың жақсы көретін рецептілері туралы видео
Мейрамдарда немесе айтулы жағдайларда үйдегілер аналарынан жасап беруін өтінетін ерекше тамақ рецепті болатыны белгілі.Бұл жолы үйде дайындалған дәмді тамақты үндемей жей салудың орнына, анаңыздың ол тамақты қалай дайындайтыны туралы бейнені әдеуметтік желідегі жазылушыларыңызға көрсетіңіз.Дәмі тіл үйірер оңай рецептілер мен тамақ пісіруге қатысты лайфхактардың TikTok-та тез таралуы әбден мүмкін.
7.Балалармен жасалған видеоинтервью
Аналарыңызға ерекше сыйлық жасау үшін Аналар күніне орай барлық баланы жинаңыз.Олардан аналарының қандай қасиеті ұнайтынын, аналарымен бірге не істегенді жақсы көретінін және аналарының орны не үшін ерекше екенін сұраңыз.Жүректі тебірентер мұндай бейнелер өте қызық болады және анаңыздың жанарына жас ұялатып, күлкі сыйлайды.Видеоклиптерді кесіңіз, оларды біріктіріңіз, жанға тыныштық сыйлайтын фондық музыка қосыңыз, мәтін жазыңыз және дайын видеоны YouTube сияқты әлеуметтік желіде бөлісіңіз.
8.Аналар күніне арналған мем
Аналар күніне арналған көңіл көтерер ерекше мем жіберіп, биылғы Аналар күнінде анаңыздың езуіне күлкі сыйлаңыз.Аналар күніне орай желіден лайықты мем тауып алыңыз немесе тегін каталогтік бейнежазба көмегімен өзіңіздікін жасап, смартфонға сақтаңыз да, анаңызға жіберіңіз.Мем арқылы анаңызды қаншалықты жақсы көретініңізді көрсете аласыз.
9.Анаңыздың рөліне кіріп, TikTok-тағы тренд видеоны жасау
Биылғы Аналар күнінде анаңыздың езуіне күлкі ұялағанын көргіңіз келсе, анаңыздың рөліне кіріп, шағын бейне жасаңыз.TikTok-тағы анасын ойнаған адамдардың бейнесі миллиондаған қаралам жинайды және бұл TikTok-тағы ең танымал трендтердің біріне айналып үлгерді.Бұл трендті алғаш рет Kat Stickler деген автор шығарған, ол өзінің бейнелерінде испандық анасының айтқандарын айнытпай келтіреді. Ал бейнелерді анасының өзі түсіреді екен.Анасының кадр сыртындағы күлкісі бейнені одан да күлкілі қылады.
10.Анаңыз туралы өлең жазыңыз
Кейде анамызды қаншалықты жақсы көретінімізді сөзбен айтып жеткізе алмай жатамыз.Биыл Аналар күніне орай анаңызға әдеттегі ашықхатта жазғанша, шығармашылық қабілеттеріңізді оятып, жүрекжарды тілектеріңізді өлең жолдарына сыйғызып, Аналар күніне деген сыйлығыңызды келесі деңгейге көтеріңіз.Неше түрлі етіп жазуға болады. Мысалы, "Қызыл түсті раушан гүлдер, Көк түсті шегіргүл, Ұйқаспен өлең жазатын ақын емеспін, бірақ мен сізді қантты жақсы көремін".
Тағы шабыт қажет болса, ChatGPT-ге анаңыз туралы оқиғалар не мәліметтер берсеңіз болды, ол сізге теңдессіз өлең шумақтарын шығарып бере алады.
11.Аналар күніне арналған сыйлық жасау туралы бейне нұсқаулық
Қолдан жасалған сыйлықтар аналар үшін баға жетпес жәдігер болмақ.Өнерлі, шығармашыл адам болсаңыз, достарыңыз бен жазылушыларыңызға бейне нұсқаулықпен неліктен шабыт бермеске?Балалар да жасай алатын оригами сияқты қарапайым қолөнерден бастап қыш құмыра, әшекей жасау не гүлмен безендіру сияқты өнерге жақын идеялар болса да, Аналар күні қарсаңында қолөнер мен "Өзіңіз жасаңыз" бейнелері түсірілген Reels-тер көпке танылады.
Бейне өңдеу жылдамдығын арттыру үшін нұсқаулық сипатындағы осы қарапайым бейне үлгісін пайдаланыңыз.
12.Аналар күніне сыйлық таңдауға арналған бейне нұсқаулық
Сыйлық таңдауға арналған нұсқаулар Facebook, Reels, сондай-ақ TikTok желілерінде өте танымал, себебі көрермендер сыйлықты Amazon мен басқа веб-сайттардан іздеп отырудың орнына жасырылған құнды өнім ұсыныстарын қауымдастықтан таба алады.Тақырып қойып, сыйлық таңдауға арналған пайдалы нұсқаулық жасаңыз. Мысалы, "тамақ пісіруді жақсы көретін аналарға арналған сыйлықтар" немесе "саяхаттауды ұнататын аналарға арналған сыйлықтар" сияқты тақырыптар таңдауға болады.
Сыйлық таңдау идеяларын слайдшоу бейнесімен реттеңіз және өнімдерді, олардың бағалары, купон кодтарын және көрермендер оларды қай жерден таба алатыны туралы мәтінді бейненің төменгі үштен бір бөлігіне қосыңыз.