"Назар аударыңыз! Бұл мақаладағы скриншоттар жеке тіркелгілерге арналған Clipchamp редакторынан алынған. Жұмыс және мектеп тіркелгілеріне арналған Clipchamp үшін де сондай қағидаттар қолданылады."
Осы бетте
Стильді мәтін анимациялары арқылы баяндау тәсілін жақсартыңыз.Әңгімеңіздің маңызды тұстарын ерекшелеп қойыңыз, көрермендерге контекст ұсыныңыз және бірегей мәтін анимацияларын қабаттастыру арқылы бейненің қолжетімділігін арттырыңыз.
Мобильді құрылғыларда көруге ыңғайлы әлеуметтік желіге арналған есте қаларлық жарнамалар, слайд-шоу бейнелері мен жұмыс бейнелерін жасаңыз. Ол үшін бірегей анимациялық қаріптер қолданыңыз, сол кзеде мазмұныңыз лентада ерекшеленіп тұрады.Машинкаға басылған, грув, бірнеше жолдық, дайын дәйексөздер сияқты креативті және кәсіби анимациялық мәтіннің кең ауқымды түрінен таңдап алыңыз да, бейнеңіздің сыртқы келбетіне сай қалауыңызша бейімдеңіз.
Clipchamp бейне редакторынан мәтін опцияларын зерттеңіз және бейнеге мәтінді оңай қосыңыз.
Clipchamp редакторындағы мәтін опцияларының түрі
Кәдімгі мәтін: мұндай классикалық мәтін опциясын оңай бейімдеуге болады.Бейнеге қажет күңгірт анимациялар мен әсерлер қоса отырып, қаріпті, өлшемді, түсті және туралау параметрлерін өзгертіңіз.Сондай-ақ осы опцияны пайдаланып, өз брендіңіздің қарпін жүктеп салуға болады.
Мәтін стильдері: бұл мәтін опциялары автор, неон, винтаж және көпіршік сияқты дизайнерлікке ұқсас неше түрлі қаріптерді ұсынады.Маңызды мәтін сипаттарын, сондай-ақ өз креативіңізге сай келетін жол биіктігі мен әріптер арасындағы орын өлшемін реттей аласыз.
Анимациялық тақырыптар: көз жауын алар анимациялары бар мұндай мәтін опциясымен кез келген бейне өзгелерден бөлек тұрады.Машинкаға басылған, кедергілер, секіріп тұратын және фанк сияқты тақырыптарды зерттеу арқылы бейнелеріңізге өз қолтаңбаңызды қосыңыз.
Арнайы мәтін: бұлар – анимациялық мәтіннің таңдаулы нұсқалары, мысалы, мем мәтіні, дәйексөздер, пікір түріндегі бағалау мен кері санақтар. Олар сізге әлеуметтік желі мен маркетингіге арналған бейнелер жасауға көмектеседі.
Фирма жинағы қарпі: бұл мәтін опциясын жоғары деңгейде өңдеуге болады және ол сізге арнайы бренд қарпін жүктеп салуға мүмкіндік береді, осылайша фирмалық бейнені оңай жасай аласыз.
Жасанды интеллект негізіндегі жазулар: мұндай қозғалатын мәтін опциялары бейне авторларына қолжетімді мазмұн жасауға береді.Clipchamp бағдарламасында ЖИ арқылы жасалған субтитрлерді жылдам жасаңыз да, жазу қарпін, түстерді, мәтін өлшемі мен туралауды өз эстетикаңызға сай өзгертіңіз.
Бейнелерге мәтінді тегін қосу жолы
1-қадам. Бейнелерді импорттаңыз немесе каталогтік бейнематериал таңдаңыз
Жеке бейнелеріңізді, фотосуреттеріңіз бен GIF файлдарыңызды импорттау үшін құралдар тақтасының "Медиафайл" қойыншасындағы "Медиафайл импорттау" түймешігін басып, компьютердегі файлдарды шолыңыз немесе OneDrive дискісін қосыңыз.
Бейнеклиптер, фотосуреттер, бейне фондары және GIF файлдары сияқты тегін каталогтік медиафайлдар пайдалануға да болады.Құралдар тақтасындағы "Мазмұн кітапханасы" қойыншасын басып, визуалды элементтердің ашылмалы көрсеткісін басып, содан кейін бейнелер, фотосуреттер немесе фондар таңдаңыз.Іздеу жолағын қолданып, әртүрлі каталогтік санаттар арасынан іздеңіз.
Өңдеуді бастау үшін уақыт шкаласына медиафайлдарды сүйреп апарыңыз.
2-қадам.Бейнеге тақырып қосыңыз
Құралдар тақтасындағы "Мәтін" қойыншасына өтіп, бейнеңізге қабаттастыруға болатын барлық мәтін стилін қарап шығыңыз.Мәтінді алдын ала көру үшін тақырып опцияларын айналдырып қарап шығып, курсорды тақырыпқа апарыңыз.Мынаны ескеріңіз: кейбір мәтін опцияларында анимациялар автоматты түрде болатын болса, басқаларына қосымша әсер қосу керек болады.Кейбір танымал анимациялық мәтін опциялары — дөңгелек, грув, таза тақырып, кедергі және секіретін тақырып.
Тақырыпты пайдалану үшін уақыт шкаласына қосу түймешігін басыңыз.Тақырыпты уақыт шкаласына сүйреп апару арқылы да қосуға болады.
Таңдалған мәтінді өзгерту үшін уақыт шкаласында бұрыннан бар тақырып үстіне басқа тақырыпты сүйреп әкеліңіз.
Бейнеге бірнеше тақырып қосқыңыз келсе, уақыт шкаласына тағы бір тақырып сүйреп апарсаңыз болғаны.Уақыт шкаласында бұрыннан бар тақырыптың көшірмесін жасау үшін көшірме жасау түймешігін басуға да болады.Көшірмесі жасалған тақырып ағымдағы тақырыптың жанынан көрінеді.
3-қадам.Тақырыптың мәтінін, қарпін, түсін, стилін және позициясын өңдеңіз
Тақырыпта жазылған мәтінді өзгерту үшін уақыт шкаласынан тақырыпты таңдаңыз да, сахна ішіндегі мәтін мәзірінде орналасқан қарындаш белгішесін басыңыз немесе сипаттар панеліндегі "Мәтін" қойыншасын басыңыз.Әдепкі тақырыпты бөлектеп, өзіңіз қалаған мәтінді терсеңіз болғаны.
Содан кейін сипаттар панеліндегі "Мәтін" қойыншасын басыңыз.Мұнда сіз қаріпті, стильді, өлшемді және түсті жаңарта аласыз.Жол биіктігін, бос орын немесе көлеңке қосу сияқты озық мәтін өңдеу параметрлерін пайдаланып көруіңізге де болады.
Әртүрлі қаріп опцияларының бәрін ашу үшін қаріптің ашылмалы көрсеткісін басыңыз, содан соң өзіңіз қалаған жаңа қаріпті таңдаңыз.Қаріпті қанша рет өзгертсеңіз де, өзіңіз білесіз.Фирма жинағы құралы арқылы қаріп қосқан болсаңыз, өзіңіздің арнаулы фирмалық қарпіңізді осы тізімнен таба аласыз.
Қаріп өлшемін сан ретінде көрсету үшін сахна ішіндегі мәтін мәзірінде немесе сипаттар панеліндегі "Мәтін" қойыншасында орналасқан өлшемді өзгерту ашылмалы мәзірін пайдаланыңыз.Кейбір тақырыптардың өлшемін сахнадағы мәтін стилінің бұрыштарын сүйреу арқылы реттей аласыз.
Мәтінді әрі қарай реттеу үшін сол, ортаңғы немесе оң жақ туралау опцияларын пайдаланыңыз.Сондай-ақ келесі қойыншадағы стиль опцияларымен мәтінді қалың немесе көлбеу қаріппен жазуға болады.
Мәтін түсін өңдеу үшін түс таңдау құралын басып, жаңа түс таңдаңыз.Бұл жерде белгілі бір түсті он алтылық кодты теруге, мөлдірлік пайызын таңдауға, ешқандай түс таңдамауға немесе түсті кеңейтілген палитрадан таңдауға болады.Сонымен қатар түстерді сахнадағы мәтін мәзірінен реттей аласыз.Бренд жинағы құралы көмегімен жекелендірілген түстер қосуға да болады.
Мәтін позициясын өңдеудің үш жолы бар.Жай ғана тақырыпты сахнада еркін сүйреңіз немесе сахнадағы мәтін мәзірінде және сипаттар панелінің "Мәтін" қойыншасында бар дайын позицияларды пайдаланыңыз.
Мәтін мәзірі арқылы өңдеу үшін үш нүктені басқанда ашылатын ашылмалы мәзірді пайдаланыңыз.Неше түрлі позиция ішінен керегін таңдаңыз: сол жақ, орта, оң жақ, сондай-ақ жоғары, орталық және төмен.
4-қадам.Мәтін ұзақтығын кесіңіз немесе арттырыңыз
Мәтін маркерлерін уақыт шкаласында солға және оңға сүйреу арқылы мәтін ұзақтығын арттырыңыз.Солға сүйресеңіз, қысқарады, ал оңға сүйресеңіз, ұзарады.
5-қадам.Мәтіні бар бейнені алдын ала қарап алып, сақтаңыз
"Ойнату" түймешігін басып сақтамас бұрын, бейнеңізді алдын ала қарап шығуды ұмытпаңыз.Сақтауға дайын болсаңыз, "Экспорттау" түймешігін басып, бейненің ажыратымдылығын таңдаңыз.
Толық анықтама алғыңыз келсе, бейнеге тақырыптар мен мәтін қосу бөлімін қараңыз немесе мына пайдалы YouTube бейнесін көріңіз.
Бейне мәтініне арнайы әсерлер қосу жолы
Біртіндеп пайда болатын және жоғалатын тақырыптар
Уақыт шкаласынан мәтін опциясын таңдаңыз.
Сипаттар панеліндегі "Біртіндеп бәсеңдету" қойыншасын басыңыз.
Мәтіннің күңгірттігін орнату үшін баяу күңгірттену және баяу көріну жүгірткілерін реттеңіз.
Тақырыптарға мәтін әсерлері мен анимация қосу
Уақыт шкаласынан мәтін опциясын таңдаңыз.
Сипаттар панеліндегі "Әсерлер" қойыншасын басыңыз.
Мынадай әртүрлі мәтін әсерлерін алдын ала көру үшін курсорды олардың үстіне апарыңыз: жарқыл, баяу ұлғайту және VHS әсері.
Қолданғыңыз келетін әсерді басыңыз.
Бейнеге мәтін жапсырмаларын қолдану жолы
Дайын анимациялық мәтін жапсырмаларын қарап шығу үшін құралдар тақтасындағы мазмұн кітапханасы қойыншасына өтіңіз.
Визуалды элементтер түймешігіндегі ашылмалы көрсеткіні басып, жапсырмалар таңдаңыз.
Сұрыпталған қалталарды қарап шығыңыз немесе іздеу жолағында "жазылу" немесе "сәлеметсіз бе" сияқты кілтсөз көмегімен нақты бір анимациялық мәтін жапсырмасын іздеңіз.
Таңдалған жапсырманы уақыт шкаласына сүйреп апарыңыз да, мәтін қабаттастырғыңыз келген бейненің үстіне қойыңыз.
Frequently asked questions
Бейнеме қанша мәтін қабаттастыру мүмкіндігін қолдана аламын?
Clipchamp бағдарламасында бейне өңдеу кезінде саны шексіз мәтін қабаттастыра аласыз. Мәтін қабаттастыруды жылдамдату үшін "Көшірмелеу" түймесін пайдаланыңыз, сосын бірдей қаріп, түс қойып, бірдей орналастырыңыз, әсіресе ұзақ бейне өңдеу кезінде жақсы.
iPhone құрылғысындағы бейнелерге Clipchamp арқылы мәтін қоса аламын ба?
Иә, iOS жүйесіне арналған Clipchamp бағдарламасы арқылы кез келген жерден бейне жасап, бейнеге мәтін қоса аласыз. Сондай-ақ ЖИ арқылы істейтін ақылды мүмкіндіктермен автоматты субтитрлар жасай аласыз.
Анимациялық тақырыптар жасауды меңгеріп болған соң, әлеуметтік желіге арналған үздік қаріптерді бір қарап шығыңыз да, бейнелеріңізге сахна ауысымдарын қосу жолдары туралы біліңіз.
Clipchamp-ты тегін пайдаланыңыз немесе Windows-қа арналған Clipchamp бағдарламасын жүктеп алып, бүгін өңдеңіз.