Назар аударыңыз! Бұл мақаладағы скриншоттар жеке тіркелгілерге арналған Clipchamp редакторынан алынған. Жұмыс және мектеп тіркелгілеріне арналған Clipchamp үшін де сондай қағидаттар қолданылады.
Осы бетте
Кез келген контенті бар бейнелерден қажет емес бөліктерді оңай қиып алыңыз.Жүктеп салынған немесе жазылған бейнелерді кесу және қиып алу үшін тегін бейне редакторын пайдаланыңыз. Бұл кез келген ролик болуы мүмкін: влогтардан бастап жұмысқа арналған слайд-шоу презентацияларына дейін.
Егер платформада ролик ұзақтығына қойылатын талаптар болса немесе сіз жай ғана контентті түсінікті еткіңіз келсе, бейнеңізді бір рет басу арқылы бірнеше бөлікке бөліңіз.ЖИ технологиясының арқасында аудиоклиптердегі қажетсіз ұзақ үзілістерді автоматты түрде анықтауға және жоюға болады.
Clipchamp бейне редакторы бейнероликтер мен дыбыстық файлдарды бөлуге арналған тегін онлайн құралдарды ұсынады. Сізге ештеңе жүктеп алудың қажеті жоқ.
Бейнелерді тегін бөлу әдісі
1-қадам. Өз роликтеріңізді импорттаңыз немесе стоктік мультимедиа материалын қосыңыз
Өңдеуді бастау үшін жеке мультимедиа файлдарын импорттауыңыз немесе стоктік бейнелерді қосуыңыз керек. Компьютер файлдарын шолу немесе OneDrive жүйесін қосу үшін, құралдар тақтасындағы "Мультимедиа файлдарыңыз" қойыншасындағы "Мультимедианы импорттау" түймешігін басыңыз.
Бейнелер мен кескіндер сияқты кез келген стоктік материалдарды қосқыңыз келсе, құралдар тақтасындағы "Мазмұн кітапханасы" қойыншасын басыңыз. Содан кейін осы тегін сток кітапханасынан қажетті контентті табыңыз: сәйкес санатты таңдаңыз немесе іздеу жолағына кілт сөздерді енгізіңіз.
Бейнені жүктеп салғаннан немесе таңдағаннан кейін оны уақыт шкаласына сүйреп апарыңыз.
2-қадам. Бейнелеріңізді арнайы бөлу құралы арқылы бөліңіз
Уақыт шкаласында бөлгіңіз келетін бейнені басыңыз, сонда ол бөлектелетін болады. Содан соң іздеу құралын уақыт шкаласындағы бейнеңізді бөлгіңіз келетін нүктеге жылжытыңыз.
Бейнені бөлу үшін, уақыт шкаласы үстіндегі "Бөлу" (қайшы белгішесі) түймешігін басыңыз.Сондай-ақ бөлу құралының пернелер тіркесімін пайдалану үшін пернетақтаңызда S пернесін қолдана аласыз.Сонымен қатар тағы бір әдіс бар: уақыт белгісін қажетті орынға жылжытыңыз, уақыт шкаласындағы бейнеклипті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және пайда болған мәзірден "Бөлу" тармағын таңдаңыз.
Бейнеңіз енді уақыт шкаласында екі бөлікке бөлінеді.
Уақыт шкаласында бейнені көбірек клиптерге бөлу қажет болса, осы қадамдарды қайталаңыз.
3-қадам. Керексіз бөлінген бейне клиптерін жойыңыз (міндетті емес)
Енді сіз бөлінген бейненің кез келген фрагментін уақыт шкаласынан жоя аласыз. Қажет емес клипті таңдап алу үшін оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз, содан кейін пайда болған мәзірден "Жою" (қоқыс жәшігі белгішесі) опциясын таңдаңыз.Мұны уақыт шкаласында таңдалған клипті басып, содан кейін пернетақтадағы DELETE пернесін басу арқылы да жасауға болады.Осы әдістердің кез келгенін пайдаланған кезде клип уақыт шкаласынан автоматты түрде жойылады. Егер жойылған фргаменттер сізге бір нәрсеге қажет болса, толық клипті құралдар тақтасындағы "Мультимедиа файлдарыңыз" қойыншасынан таба аласыз.
4-қадам. Бейнеңізді алдын ала көріп, сақтаңыз
Жаңа бейнені сақтамай тұрып, "Ойнату" түймешігін басып, жұмысыңызды алдын ала көріп алыңыз. Сақтауға дайын болсаңыз, "Экспорттау" түймешігін басып, бейненің ажыратымдылығын таңдаңыз.
Бейне бөлу құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты YouTube нұсқаулық ролигінен таба аласыз.
ЖИ көмегімен дыбысы бар бейнелерді бөлу тәсілдері
Бейненің дыбыстық жолшығындағы қажетсіз ұзақ үнсіздіктерді автоматты түрде анықтау және жою үшін, ЖИ негізіндегі автоматты түрде кесу функциясын пайдаланыңыз. Бұл өңдеу процесін жеңілдетеді. Сізге ештеңені қайта жазудың немесе сәтсіз сәттерді қолмен іздеудің және кесудің қажеті жоқ.
"ЖИ ұсыныстары" түймешігін (жарқыл белгішесі) басыңыз, содан кейін "Автоматты түрде кесу" опциясын таңдаңыз.
Тілді таңдап, балағат сөздерге сүзгі қойғыңыз келсе, құсбелгі қойыңыз.
Содан кейін ЖИ көмегімен бейнені бөлу үшін "Транскрипциялау" түймесін басыңыз.
ЖИ бейнеде 3 секундтан ұзақ үзілістердің бар-жоқтығын автоматты түрде тексереді.Бұл үзілістер уақыт шкаласындағы бейнеклипте бөлектеледі.ЖИ ұсыныстары терезесінде сіз транскрипциясы және уақыт белгісі бар әрбір үзілісті көре аласыз.
Барлық үзілісті бірден жою үшін, "Барлығын жою" түймешігін басыңыз.
Барлық үзіліс автоматты түрде жойылады және бейне уақыт шкаласында бірнеше клипке бөлінеді.Сондай-ақ ЖИ ұсыныс терезесін пайдаланып, маркерді қажетті уақыт белгісіне қолмен жылжыту арқылы үзілістерді бір-бірден жоя аласыз.
Дыбыстық жолшық бөліктерін ЖИ көмегімен автоматты түрде кесу жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін осы YouTube нұсқаулық ролигін қараңыз.
YouTube бейнесін бөліктерге бөлу жолы
Егер сізге YouTube бейнесін қысқарту немесе Instagram, TikTok және басқа платформаларға бейімдеу үшін бөліктерге бөлу қажет болса, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
YouTube бейнеңізді импорттап, уақыт шкаласына сүйреп апарыңыз.
Іздеу құралын YouTube бейнеңізді бөлгіңіз келетін уақыт белгісіне жылжытыңыз.
YouTube бейнеңізді бөлу үшін бөлу құралы түймешігін (қайшы белгішесі) басыңыз.
Қажетсіз фрагментті жою үшін, клипті басып, пернетақтадағы DELETE пернесін басыңыз.
Дыбыстық файлдарды тегін бөлу әдісі
Бейнені бөлу құралы арқылы сондай-ақ стоктік музыкалық тректерді, дауыстық жазбаларды, ЖИ көмегімен жасалған дыбыстық сүйемелдеу роликтерін және басқа да дыбыстық материалдарды бөлуге болады. Дыбыстық файлды онлайн режимде бөлу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Аудио файлыңызды импорттаңыз, мазмұн кітапханасы қойыншасынан стоктік аудионы таңдаңыз немесе дыбысты бейнеден ажыратыңыз.
Уақыт шкаласында аудиоклип бөлектелуі үшін оны басыңыз. Содан кейін уақыт белгісін бөлуді орындағыңыз келетін белгіге жылжытыңыз.
Дыбыстық файлды екі клипке бөлу үшін, "Бөлу" түймешігін (қайшы белгішесі) басыңыз.Мұны істеудің тағы бір жолы: аудиоклипті бөлгіңіз келетін жерді басыңыз, содан кейін пайда болған мәзірден "Бөлу" опциясын таңдаңыз немесе пернетақтадағы S пернесін басыңыз.
Қажетсіз дыбыстық фрагментті жою үшін, клипті басып, пернетақтадағы DELETE пернесін басыңыз.
Бейне немесе дыбыстық файлды бөлудің 6 себебі
Контентті түрлі әлеуметтік желі платформаларына сәйкестендіру мақсатында үлкен бейне файлдарды шағын клиптерге бөліңіз.
YouTube-ке жүктеп салу кезінде дайындау ұзақ уақыт алмауы үшін бейнелерді шағын бөліктер түрінде сақтаңыз.
Ұзақ бейнелерді шағын клиптерге бөлу арқылы оларды әлеуметтік желілерде уақыт немесе көлем шектеулерінсіз бөлісіңіз.
Қажет емес фрагменттерді алып тастаңыз және нұсқаулық роликтерде маңызды ақпаратты ғана қалдырыңыз.
Саяхаттың маңызды сәттері бар динамикалық бейнелерді қысқа әрі жылдам көруге ыңғайлы клиптерге бөлу арқылы көрермендерді қызықтырыңыз.
Презентациялардағы масыл сөздер мен ыңғайсыз кідірістерді жою арқылы ойыңызды тезірек жеткізіңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бейнені бөліктерге қалай бөлуге болады?
Clipchamp-тағы тегін бейнені бөлу құралы арқылы бейнематериалдарды бірден бірнеше клипке бөлуге болады.Өңдеу уақыт шкаласындағы уақыт белгісін бейнені бөлу қажет жердегі уақыт белгісіне жылжытып, "Бөлу" түймешігін басыңыз.Жеке бейнеклиптердің кез келген қажетті санын жасау үшін мұны бірнеше рет орындауға болады.Уақыт шкаласында бір уақытта бірнеше клипті жылжытқыңыз келсе, топтау функциясын пайдалануға болады.
Clipchamp бейне редакторындағы бейнені бөлу құралы тегін бе?
Бейнені бөлу құралы Clipchamp бейне редакторының барлық пайдаланушылары үшін, соның ішінде тегін және ақылы жазылушылар үшін тегін.
Ұзақ видеоны 1 минуттық бөліктерге қалай бөлуге болады?
Ұзақ бейнеклиптерді қалаған ұзындықтағы бөлімдерге бөлу үшін іздеу құралы мен уақыт белгісін пайдалануға болады.
Уақыт шкаласында қандай активтерді бөле аламын?
Бейнелерді, аудионы, кескіндерді, стикерлерді, GIF файлдарын, мәтінді, субтитрлерді, фондарды, қабаттасуды, векторлық кескіндерді және басқа графикалық элементтерді қоса, уақыт шкаласында барлық активтерді бөлуге болады.
Басқа өңдеу функцияларына қол жеткізу үшін бейнеге субтитр қосу әдісін қарап шығыңыз және бейнеге ЖИ көмегімен жасалған дыбыстық сүйемелдеу роликтерін қосу туралы толық ақпарат алыңыз.
Clipchamp онлайн редакторымен бейнелерді оңай бөліңіз немесе Windows жүйесіне арналған Clipchamp қолданбасын жүктеп алыңыз.