YouTube мақалалары

YouTube кіріспе қыстырма видеосын жасау жолы

2022 ж. 29 шілде күні жаңартылған
Madhushri Banerjee жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу

YouTube видеоларыңызды брендті сақтай отырып оңай танылатын қылғыңыз келе ме? Қызықты YouTube кіріспе қыстырма видеосымен арнаңыздың даралығын білдіру арқылы тамаша алғашқы әсер қалдырыңыз.

Өмір салты мен сұлулықтан спорт пен комедияға дейін YouTube кіріспе қыстырма видеолары кез келген автор мен жанр үшін бағалы құрал бола алады.Тегін кіріспе қыстырма видеосын жасаушымызбен керемет кіріспе қыстырма үлгілерін пайдалану арқылы үздік видео жасауды үйреніп, кіріспе қыстырма видеосына қатысты кеңестер мен үздік тәжірибелерді зерттеңіз.

Керемет YouTube кіріспе қыстырма видеосының элементтері

Мына элементтерді жаңа YouTube кіріспе қыстырма видеоңызға қосуды ұсынамыз.

  • Өз фотосуреттеріңізді не видеоларыңызды пайдаланыңыз немесе тегін кіріспе қыстырма видеосы фондарын таңдаңыз.

  • Анимациялық мәтін қолдану арқылы қозғалыстар жасап, арнаңыздың атауы мен сәлемдеме бөлісіңіз.

  • Арнаңыздың атауы жиі есте қалуы үшін, брендіңіздің логотипін қосыңыз.

  • Пайдаланушыларды баурап алу үшін тегін фондық музыка мен дыбыс әсерлерін қосыңыз.

  • Әрекетке шақыру үшін лайк басу мен жазылу жапсырмаларын және қоңырау белгішелерін қосыңыз.

  • Өз ерекшелігіңізді көрсету үшін эмоджилер, көрсеткілер, GIF-тер және т.б. қолданыңыз.

Кіріспе қыстырма видеоңыз контенттің бас жағына сәйкес келуі үшін, оны әдетте видео жасағандағыдай стильде немесе эстетикада өңдеңіз.

Кәсіби немесе көз тартар кіріспе қыстырма видеоларын іздесеңіз, Clipchamp ішіндегі тегін кіріспе қыстырма видеосы үлгілерін пайдаланып көріңіз. Біздің дизайнерлік үлгілеріміз YouTube талаптарына сай етіп жасалған, сондықтан арнаңыз жинақы тұрады. Кіріспе және қорытынды қыстырма видеоларының неше түрін шолыңыз.

YouTube кіріспе қыстырма видеоңызда мына қателерге бой алдырмаңыз

YouTube кіріспе қыстырма видеоңызға не қосу керегін біліп алдық, енді қандай әрекетті орындамау керегін қарап шығайық.

  • Авторлық құқықпен қорғалған музыканы пайдаланбаңыз. Видеоларыңызды авторлық құқықпен қорғалған музыка болса, YouTube арнаңызды жоюы, монетизациясын өшіруі, тіпті жұмысын тоқтатуы мүмкін.

  • Осы себептерге байланысты авторлық құқықпен қорғалған видеоматериалды кіріспе қыстырмаға қоспаңыз.

  • YouTube кіріспе қыстырма видеосын тым ұзақ жасамаңыз.Видеоңыздың кіріспесі маңызды ештеңе көрсетпей ұзаққа созылып кетсе, көрермендер әдетте одан шығып кетеді.

  • Видеоңызға мәтін толтырып қоймаңыз, қысқа уақытта оған ілесіп отыру қиын болы мүмкін.

Кіріспе қыстырма видеосын қашан ойнату керек?

YouTube кіріспе қыстырма видеосын негізгі видеоңыздың алғашқы 30 секундына орналастыруды ұсынамыз, одан кеш қойсаңыз, видеоның ырғағын бұзуы мүмкін. Автор болсаңыз және видеоларды камераға қарап сөйлеу арқылы жасасаңыз, кіріспе қыстырма видеосын көрермендерді тақырыппен таныстыратын назар аударғыштан кейін орналастырыңыз. Корпоративтік YouTube арналары брендинг мақсатында кіріспе қыстырма видеосын көбіне контент басына орналастырады. Бұл әдетте қысқа логотиптік анимациялық видео түрінде беріледі.

Кіріспе қыстырма видеосының ұзындығы мен көлемі қандай болған жөн?

YouTube кіріспе қыстырма видеосының ұзындығына қатысты ресми ережелер жоқ, дегенмен кіріспе қыстырманы 3-10 секунд аралығында қысқа пішімде сақтауға ұсынамыз.Қорытындылаушы қыстырма видеоңызды YouTube контентіңізге сәйкес келетіндей кең экранды 16:9 қырлар арақатынасында және 1080p видео ажыратымдылығында жасаңыз.

Кіріспе қыстырма видеосын ерекешелеу жолдары

Видеоларыңызды басқа авторлардан ерекшелеу үшін YouTube видеосының кіріспе қыстырмаларының деңгейін көтерудің мына қарапайым әдістерін қарап шығыңыз.

  • Контентке, арна құндылықтарына, әзіліне, жанрына немесе бағытына сәйкес келетін бірегей фраза жасап алыңыз.

  • Бейнені қандай бағыт үшін жасап жатқаныңызды атап өтуді ұмытпаңыз, мысалы, бейне ойынның негізгі сәттері, өмір салты, күнделікті влогтер,саяхат видеолары және басқалары.

  • Кіріспе қыстырма үзіндісін YouTube видеосына назар аударғыштан видеоның негізгі бөліміне қызықтырып ауысатындай етіп өңдеңіз.

  • Көрермендерге видеоны немесе кестеңізді қай күндері жариялауды жоспарлап отырғаныңызды еске салу үшін ақпараттық мәтін қосыңыз.Мысалы, "Жаңа видеолар әр дүйсенбі және бейсенбі күндері шығады!".

  • Көрерменнің өзімен жеке байланыс тудыру үшін өз жүзіңізді қосыңыз немесе қол бұлғап қойыңыз.

YouTube брендіңізді кіріспе қыстырма видеолармен жақсартыңыз

YouTube кіріспе қыстырма видеосын жасағанда, барлық контентке бірдей видео қосыңыз, сол кезде оларды тану оңай болады. Оған өз арнаңыздың жарнамасы сияқты қарап, динамикалық графиканы, ауысымдар мен анимацияларды пайдаланыңыз, осылайша видеоңыз басынан бастап-ақ қызық болады. YouTube кіріспе қыстырма видеоңыз жақса болса, окнтентіңіз жинақы көрінеді. Кіріспе қыстырма видеоңыз бүкіл YouTube арнаңыздың эстетикасына, мысалы, видеолардың түстердің реттілігі мен видео өңдеу стиліне сай болсын.

YouTube кіріспе қыстырма видеоларының әртүрлі мысалдары

Қарапайым логотип анимациялары мен тақырыптық қысқа әндерден бастап монтаждалатын видеолар мен анимацияланған мәтінге дейін арнаңыздың стиліне сәйкес тамаша YouTube кіріспе қыстырма видеосын жасаудың опциялары шексіз. Ең танымал төрт YouTube видео кіріспе қыстырмасын зерттеңіз.

1. Кіріспе қыстырма видеоны жылдам монтаждау

Түпнұсқа YouTube видеолары туралы ойланғанда, олар логотиптің алдындағы клиптер монтажынан тұратын кіріспе қыстырманы қамтитын. Бұл классикалық кіріспе қыстырма видеосы қазір де танымал, авторлар монтаждалатын видео кіріспе қыстырмаларын ескі видеоклиптерден, жаңа көрсетілмеген материалдан, абстрактылы видеолардан және логотип әсерлерінен жасайды.

2. Музыкасы бар анимацияланған логотип

Кіріспе қыстырма видеоңызды шынайы видеоматериалды пайдаланғыңыз келмесе, орнына фондық музыкасы бар анимацияланған логотипті видео жасаңыз.Көптеген YouTube авторлары жеке логотип жасап алған. Стандартты логотипті анимацияға айналдыру, тегін музыка қосу және көрермендердің назарын аударғыңыз келсе, әлеуметтік желі идентификаторларына сілтеме қосу оңай.

3. Қозғалмалы тақырыптар және музыка

Анимацияланған қозғалмалы тақырыптың кіріспе қыстырма видеоларын жасау жылдам әрі оңай. Уақыт шектеулі болса, уақыт шкаласына фон түсін қоса салыңыз, содан соң тақырып, тегін музыка қосыңыз да, Clipchamp тегін кіріспе қыстырма жасау құралын пайдалану арқылы 1080p сапасында экспорттаңыз.

4. YouTube арнасының тақырыптық әні бар видео

Өзіңізді шығармашыл тұлға ретінде сезінесіз бе?Қолмен салынған суретіңізге тапсырыс беру және оны бірегей анимациялық кіріспе қыстырма видеоға айналдыру арқылы суретшіге немесе шағын бизнеске қолдау көрсетіңіз.Анимация фонына есте қаларлық тақырыптық музыка орналастырыңыз, қозғалмалы мәтінмен бейнеленген YouTube арнаңыздың атауын, тіпті дыбыстық әсерлер қосыңыз.

YouTube кіріспе қыстырма видеосын Clipchamp арқылы жасау әдісі

1-қадам. YouTube кіріспе қыстырма видеосы үлгісін таңдаңыз

Құралдар тақтасындағы үлгілер қойыншасын басыңыз да, кіріспе мен қорытындылау қыстырма үлгілерінің жинағын басыңыз. Clipchamp ішінен тегін әрі премиум сапасындағы кіріспе қыстарыма видеосы үлгілерінің неше түрінен таңдаңыз.

Кіріспе қыстырма үлгілерінің ішінен айналдырып, өзіңізге ең көп ұнаған YouTube үлгісін таңдаңыз. Видео үлгісін таңдау үшін + түймешігін басыңыз.Сол кезде YouTube кіріспе қыстырма видеосы үлгісі уақыт шкаласына қосылады.

2-қадам.Мәтінді реттеу

Мәтінді өңдеу үшін уақыт шкаласындағы мәтін енгізу аймағын басыңыз. Сипат тақтасындағы мәтін қойыншасының ішінде мәтін мен қаріпті өңдеңіз. Арна атауын, сәлемдемені немесе өзіңіз бөліскіңіз келетін арнаңыздың кез келген бірегей тіркесін жазыңыз. Қаріпті мәтін астындағы қаріп опцияларын басу арқылы өңдеңіз.

3-қадам.Фондық видео әсерлер мен сүзгілерді қосыңыз

Үлгідегі эстетикалық YouTube кіріспесінің фонына әсерлер мен сүзгілер қосқыңыз келсе, уақыт шкаласындағы мультимедианы басыңыз. Стандартты фондық каталогтік видеоның түсін өзгерту үшін жай ғана сипат тақтасындағы сүзгілер қойыншасынан сүзгіні таңдаңыз. Кейбір сүзгілер фондық видеоның түсін өңдей алады.

Содан кейін сипат тақтасындағы әсерлер қойыншасын басыңыз. Әсерлер опцияларын қарап шығып, қалаған әсерді видеоңызға қолдану үшін оны басыңыз. Видеоға қажет болса, әсердің жылдамдығы мен қарқынын өзерте аласыз. Кедергілер, айналдыру және VHS сияқты неше түрлі әсерлердің ішінен таңдаңыз.

4-қадам. Логотипіңізді қосыңыз

Логотипіңізді фирма жинағы арқылы қосыңыз, я болмаса мультимедиа қойыншасына логотипіңіздің PNG форматындағы файлын жүктеп салыңыз. Логотипіңіздің мөлдір фон болмаса, сурет фонын жою құралын пайдалана аласыз. Логотипіңізді уақыт шкаласына сүйреп апарыңыз.Логотипіңіздің көрінісін, күйін және өлшемін қалқымалы құралдар панелі арқылы өңдеңіз немесе логотипті үлкейту немесе кішірейту үшін бұрыштарды ішке және сыртқа сүйретіңіз.Логотипті видеоны алдын ала қарау айналасына еркін жылжытыңыз.

5-қадам.YouTube кіріспе қыстырма видеосын сақтау

YouTube кіріспе қыстырма видеосын сақтау үшін, экспорттау түймесін басыңыз және видео ажыратымдылығын таңдаңыз.Ең жақсы ажыратымдылық үшін 1080p видео сапасында экспорттауды ұсынамыз.Видеоны компьютеріңізге сақтап алған соң, кіріспе қыстырманы алдағы уақытта кез келген YouTube видеосына қоса аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

YouTube студиясында кіріспе қыстырма жасау құралы бар ма?

Жоқ.YouTube студиясында кіріспе қыстырма жасау құралы жоқ.Clipchamp видео өңдеу құралының онлайн кіріспе қыстырма жасау құралы арқылы көздің жауын алатын YouTube кіріспе қыстырма видеоларын жасаңыз.

YouTube кіріспе қыстырма видеосы 30 секундқа ұзақ болса бола ма?

YouTube кіріспе қыстырма видеоңызды 5-10 секунд арасында сақтауды ұсынамыз.Көрермендер немесе жазылушылар YouTube кіріспе қыстырма видеоңыз 10 секундтан ұзақ болса назарын жоғалтуы немесе шығу түймесін басуы мүмкін.

YouTube кіріспе қыстырмасын қаншалықты жиі өзгертуім керек?

YouTube кіріспе қыстырма видеоларын қалағаныңызша бірнеше рет өңдеңіз.YouTube брэндингін жаңартқан немесе жаңа тақырып жасаған болсаңыз, жаңа YouTube кіріспе қыстырма видеосын жасаудан тартынбаңыз.Отбасылық арналар YouTube кіріспе қыстырмаларын жиі жаңартады (әсіресе олардың балалары өсіп келе жатқанда немесе олардың отбасы кеңейген сайын).

YouTube кіріспе қыстырма видеоларын реттеп алдыңыз, енді ойын видеоларының қыстырмасы мен YouTube қорытындылау қыстырма видеолары мен аяқтау карталарын жасау туралы біліңіз. Дайын болғанда, кәсіби түрде YouTube видео үлгілерімен безендірілген тегін кіріспе қыстырма жасау құралымызбен бастап көріңіз.

Clipchamp-ты пайдаланып бастаңыз немесе Windows-қа арналған Microsoft Clipchamp бағдарламасын жүктеп алыңыз.

Clipchamp блогынан қосымша

YouTube баннерінің өлшемінің негіздері: параметрлері, пішімі және соңғы кеңестер

2024 ж. 9 қараша
Сіздің баннеріңіз YouTube бейнелерінің тынымсыз әлемінде арнаңызға келген барлық…

TikTok немесе YouTube - авторлар үшін қайсысы жақсы?

2024 ж. 9 қараша
TikTok және YouTube күнделікті миллиардтаған қаралымдарды, ұнатуларды және бөлісулерді…

YouTube жүйесінде әнді пайдалануға рұқсат алу әдісі

2024 ж. 16 қазан
Фондық әуендер мен көтеріңкі зыңылдардан бастап тырсылдау, шапалақтау және шерту…

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз

It looks like your preferred language is English