Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, type: entry-hyperlink id: 6aywL1ughjDB4YCcquEt1H қолданып көріңіз.
Осы бетте
Жұмысшыларыңызға мәтіні ұзақ құжаттар пайдаланбай-ақ хабарлар мен маңызды ақпарат жібергіңіз келе ме?Қашықтан және кеңседе жұмыс істейтін жұмысшылармен қарым-қатынасты жақсарту үшін ішкі байланыс бейнелерін жасау – қазіргі кезде кең таралған таңдау.Жұмысшылар бейнелерді көре алады, қайтадан көре алады, олардың ішіне ендірілген маңызды ақпаратқа кез келген жерден қатынаса алады.Тіпті күрделі идеялардың өзін есте қаларлық бейнелер арқылы қорыту және түсіндіру әлдеқайда оңай.
Бизнесіңіз қандай ақпарат не идея бөлісетініне қарамастан, дәстүрлі электрондық хаттар мен нұсқаулық материалдарға сенгеннен гөрі бейнелер арқылы бірлесіп жұмыс істеуді, байланысты және жұмысшылардың түсінігін арттырыңыз.Clipchamp бейне редакторының көмегімен жасауға болатын ішкі байланысқа қатысты бес әсерлі бейне идеясын көру үшін әрі қарай оқыңыз.
Ішкі байланысқа қатысты 5 бейне идеясы (мысалдармен)
1.Жаңа қызметкерлерді бейімдеу туралы бейнелер
Ішкі байланыс бейнелері – жаңа қызметкерлерді бейімдеу үшін ең керемет құрал.Жаңа қызметкерлерге көлемі үлкен нұсқаулық буклеттерді үйіп тастағаннан гөрі Жаңа қызметкерлерді бейімдеу туралы бейнелерді ұсыну арқылы оларды компанияда қарсы алу, негізгі ұжым мүшелерін, компаниядағы мәдениетті және басты деген процестерді таныстыру оңай әрі есте қаларлықтай болады.
Microsoft корпорациясының жаңа қызметкерлерді бейімдеу туралы бейнесін қарап шығыңыз.Бейнеде қызметкерлердің қашықтан да, кеңседе де қалай жұмыс істей алатыны, олардың шынайы өмірдегі әңгімесі көрсетілген, осылайша көрерменмен жеке байланыс орнайды.Осыған ұқсас қызметкерлерді бейімдеу бейнесін жасау үшін өз дауысыңыздан кадрдан тыс дауыс жасайтын дыбыс жазу құралын пайдаланыңыз, бейнелерге ауысымдар мен жеңіл фондық музыка арқылы қабаттасулар қосыңыз.
2.Компания жаңалықтары мен ұжымды тексеру бейнелері
Ұжым мүшелері мен қызметкерлерді арагідік ішкі жаңалықтар бейнелерімен хабардар етіп отырыңыз.Бас директордың тоқсандық мақсаттар туралы айтқаны болсын, бөлім бастығының жаңа жобалар туралы талқылағаны болсын, жаңалықтар мен ұжымды тексеру бейнелері қызметкерлерді қызықты жолмен хабардар ете алады.
Starbucks қызметкерлеріне ұсынылған мына ішкі жаңалықтар бейнесін қарап шығыңыз.Ұжымды тексеру бейнесінде қызметкерлердің күнделікті өмірінен мәлімет беріліп, ұжым мәдениеті мен алдағы бастамалар зерттеледі.Веб-камера жазу құралы арқылы ұқсас жаңалықтар бейнесін қайта жасаңыз.Мәтін мен атауларды, бренд логотипін жабыстырыңыз және автоматты субтитр жасаңыз.
3.Қызметкерлерді оқыту бейнелері
Жоспарланған оқыту бейнелері қызметкерлерге өздеріне ыңғайлы жылдамдықпен, әрқайсысына жеке оқытпай-ақ оқуына мүмкіндік береді.Жаңа құрал таныстырып жастаңыз да, талаптарға сәйкестік туралы түсіндіріп жатсаңыз да, бейне арқылы анық, қадамдық нұсқаулар беру өте ыңғайлы болады.
Clipchamp-тың бейне өңдеу нұсқаулық бейнесі жаңадан үйренушілерге ыңғайлы әрі қызықты оқыту бейнесінің керемет мысалы бола алады.Бейне кіріспесінде жасыл экран әсерін пайдалану арқылы дәл осы мысалдағыдай бейне жасап көріңіз.Арнайы мүмкіндіктерді көбейту үшін субтитрлар, жапсырма түріндегі ескертпе қабаттасулар қосыңыз, тіпті оқыту бейнеңіздің жылдамдығын арттыру не баяулату үшін жылдамдық селекторын пайдаланып көріңіз.
4.Компанияның мерейтойы мен жетістіктері көрсетілетін бейнелер
Компанияның жетістіктерін мерейтойлық бейнелер арқылы тойлаңыз: осыған дейін үріп өткен жолыңызға бір қарап, болашаққа деген үмітті де бөлісіп қойыңыз.Жетістіктерді, еңсерген белестерді және компания тарихындағы маңызды сәттерді атап өту арқылы қызметкерлерге деген алғысыңызды білдіріп қойыңыз.
Popeye компаниясының мерейтойлық бейнесін қарап шығыңыз: мұнда брендтің өсуі, пероналға деген алғыс және есте қаларлық жетістіктер бейнеленген.Осындай ғажап жетістік бейнесін кез келген бейнежазбадан жасаңыз: ол үшін кесу және қиып алу құралын пайдаланыңыз.Маңызды нәрселерді ерекшелеу үшін ұзақ клиптерді қысқартыңыз, бұлыңғырлық және ұлғайту сияқтыбейне әсерлерін қосып, мәтін түріндегі анимациямен қабаттастырыңыз.
5.Қызметкерлерді марапаттау бейнелері
Қызметкерлердің ерен еңбегін елеп, марапаттау олардың жұмысқа адалдығын арттырып, марапаттау мәдениетін дамытады.Мұндай бейнелер ай қызметкерін анықтауға, ұжымдық жұмысты атап өтуге және жекелеген жетістіктерді де назардан тыс қалдырмауға себепкер болады.
McDonald's жасаған мынадай марапаттау бейнесін қарап шығыңыз: мұнда қызметкерлердің жұмыс орнында қаншалықты бағаланатыны, ескерілетіні әрі марапатталатыны көрсетілген.Осыған ұқсас ішкі байланыс бейнесін жасаңыз, ол үшін бейнеклиптерді біріктіріңіз, баяу қозғалыс бейне әсерін қосыңыз және білінер-білінбес бейне ауысымдарын да үйлестіріңіз.
Үздік ішкі байланыс бейнесін жасауға арналған кеңестер
Ішкі байланыс бейнелері қызық, түсінуге оңай әрі жоғары сапалы болуы керек.
Бейнеңіздің мақсатын анықтап, айтқыңыз келген ойды анық әрі тура мағынасында беріңіз.
Сценарийден ауытқып кеткенде тұрған ештеңе жоқ, ішкі байланыс бейнелерінің ресми болуы міндетті емес.
Бейнені кеіеден не үйден түсірсеңіз, тыныш, жақсы жарықтандырылған жерді таңдаңыз.Қызметкерлер сіздің жүзіңізді немесе нысанды анық көруі керек.
Ішкі байланыс бейнесі жарияланған соң, өзіңіз таңдаған платформадан бейне көрсеткіштерін тексеруді ұмытпаңыз.Қызметкерлердің бейнені неше рет көргені, неше рет қайта ойнатқаны және қандай құрылғылар қолданғаны туралы көмекші мәліметтер алыңыз.
Ішкі байланыс бейнелері арқылы қызметкерлердің әрекеттестігін арттырыңыз, бірлесіп жұмыс істеуді жақсартыңыз және ұжым жетістіктерін қызықты әрі көзге тартымды жолмен тойлаңыз.Бизнес бейнелеріне қатысты көбірек идея алғыңыз келсе, корпоративтік бейне идеялары және бейне сценарийі кеңестерін қарап шығыңыз.
Clipchamp көмегімен өзіңізге ішкі байланыс бейнелерін жасаңыз немесе Windows жүйесіне арналған Microsoft Clipchamp бағдарламасын жүктеп алыңыз.Компаниялар сондай-ақ Жұмысқа арналған Clipchamp-қа тіркеле алады.