Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.
Осы бетте
Видеодағы көңіл күйін жеткізу, атмосфераны беру және видеоның есте сақталуы үшін, видеоға дұрыс аудио таңдау өте маңызды.Слайд-шоу жасасаңыз да, өнімнің демо нұсқасы туралы видео жасасаңыз да, саундтректі дұрыс таңдау керек. Алайда ешқандай авторлық құқық туралы шағымға түспейтін, тегін үздік фондық музыканы қайдан тапса болады?
Clipchamp бағдарламасындағы мазмұн кітапханасында қолдануға дайын мыңдаған фондық аудио бар, кез келген бейнеде пайдалана бересіз. Музыка санаттарының ішінен керегін сұрыптап ал ыңыз: ішінде лоу-фай стиліндегі баяу әуендерден көңілді поп-музыкаға дейін бар.
Clipchamp бағдарламасымен видеоларыңызға арналған үздік фондық музыканы табу туралы толық ақпарат алу үшін әрі қарай оқыңыз.
Видеоңызға сай келетін фондық музыканы қалай табуға болады?
Видеоңызға лайықты аудиотректі қалай іздеу керектігін білмесеңіз, алдымен мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Видеоңыз не туралы?
Видеоңызға дұрыс фондық музыка табу үшін сіз жасап жатқан видеоның стилін анықтаңыз.Өнімді жарнамалап жатырсыз ба, оқу материалымен бөлісіп жатырсыз ба немесе әлеуметтік желіге арналған ақпараттық видео жасап жатырсыз ба?Видеоңыздың мақсатын анықтап, іздеу аясын тарылтыңыз.
2. Видеоңыздағы музыка қандай рөл атқарады?
Фондық музыканы видеодағы атмосфераны жеткізетіндей, эмоция тудыратындай немесе жай ғана фондық әуен беретіндей етіп алыңыз. Аудиотрек видеоңыздың екпіні мен ырғағына сай келуі керек.
3. Видеоңыз қандай көңіл-күй сыйлайды?
Енді видеоңыз қандай көңіл-күй сыйлайтынын және оған қандай жанр сәйкес келетінін анықтап алу керек.Егер видеоңызда күннің батып бара жатқан кадрлары болса, оған жанға жылу сыйлайтын баяу музыка таңдаған дұрыс.Ал егер жаңа шығарылымның ел аузында жүргенін қаласаңыз, ырғақты әуен таңдаңыз.Кантри, джазз, инди-рок, метал және т.б. жанрдағы музыканы тегін таңдай аласыз.
4. Аудиторияңыз бұл тректі түсініп, оған лайықты бағасын бере ала ма?
Аудиторияңыздың демографиялық құрылымын, оларға және сіздің видеоңызға қандай жанрдағы музыка сай келетінін ескеру керек.Видеоның тез тарап кетуіне дұрыс таңдалған трек көп әсер етеді.
5. Аудиотрек тегін бе?
Видеоңызды YouTube және Instagram сияқты әлеуметтік желіге жүктеп салайын деп жатсаңыз, авторлық құқығы қорғалған музыканы міндетті түрде өшіріп тастаңыз және тегін фондық музыка қолданыңыз, себебі видео авторлық құқықты бұзғаны үшін өшірілуі мүмкін. Тегін музыка – орындаушыға ешқандай ақы төлеместен, жеке және коммерциялық мақсатта қолдануыңызға болатын аудиотректер.
Clipchamp бағдарламасында фондық музыкаларды қайдан табуға болады?
Ойынға арналған тректерден бастап, фортепьяно және баяу музыкаға дейін ең танымал тақырыптарға арналған аудиотректер жинап қойдық. Кез келген видеомен үйлесімді. Тікелей Clipchampвеб-сайтынан каталогтік аудио кітапханамызды шолыңыз немесе Clipchamp тіркелгісіне кіріп, құралдар тақтасындағы мазмұн кітапханасының ішенен тегін әуендерді тауып алыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Менің Clipchamp бейнем неліктен YouTube немесе басқа сайттарда авторлық құқық туралы ескерту алып жатыр?
Әлеуметтік желі сайттары мен бейне платформаларында Clipchamp пайдаланушыларының бейнелеріне авторлық құқықпен қорғалған материалдар болуына байланысты шағым түскен, сол себепті олардың контентіне тыйым салынған жағдайлар болды. Неліктен солай болып жатқанын және оған қарсы қандай апелляция жасауға болатыны туралы білу үшін анықтамалық мақаламызды оқыңыз.