Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, type: entry-hyperlink id: 6aywL1ughjDB4YCcquEt1H қолданып көріңіз.
Осы бетте
Қандай зат сатып жатсаңыз да, өнім көрсетілімі бейнелерімен өзіңізді бәсекелестерден ерекшелеп тұратын жеріңізді оңай көрсетіңіз, кемшіліктерді жою әдісін ұсыныңыз және сатып алушыларға мәлімет беріңіз. Ақпараттық көрсетілім бейнесі көрермендеріңіздің сатып алу туралы шешіміне бірден әсер етуі мүмкін, нәтижесінде бейне маркетологтарының 88%-ы өздерінің маркетинг стратегиясына өнім көрсетілімі бейнелерін қосады.
Кез келген салаға арналған, бейне мысалдары бар 10 үздік өнім көрсетілімі бейнесі мен таңдаулы кеңестерді қарап шығайық. Өнім көрсетілімі бейнесін онлайн әрі тегін Clipchamp арқылы да жасай аласыз.
Өнім көрсетіліміне қатысты бейнелердің 10 мысалы
1. Monday.com
45 секундтық қысқа өнім көрсетілімі бейнесі өнімнің бірегейлігін көрсетеді, шынайы өмірде қолданылған оқиғалары жайлы айтады, анық графикаға ие, бейнежазба бойы қуатты қарқынды ұстап тұрады. Monday.com өзінің пайдаланушыларға ыңғайлы функцияларын қызықты анимациялармен және суреттермен ерекшелей отырып, пайдаланулар қалдырған жақсы пікірлерді де бөліседі.
Өз бизнесіңізге осыған ұқсас өнім көрсетілімі бейнесін жасағыңыз келсе, бәрін жаңадан істегенше, сток кітапханамыздың ішінен өзіңізге дәл келетін сток бейнежазбасын тауып алсаңыз болады. Көрермендеріңізге тауар функцияларын көрсетіп шығу және маңызды ақпаратты бөлісу үшін ЖИ арқылы жасалған кадрдан тыс дауысты қосыңыз.
2. Microsoft Teams
Microsoft Teams үшін жасалған өнім көрсетілімі бейнесіне қарап, өз идеяларыңызды шыңдаңыз. Бұл көрсетілім бейнесі пайдаланушылардың қашықтан жұмыс істейтін қызметкер болса да, әртүрлі уақыт белдеуіндегі кеңселерде жұмыс істесе де, өнімнен қандай пайда ала алатынын анық білдіреді.
Осындай әсері бар өнім көрсетілімі бейнесін жасау үшін Clipchamp бағдарламасындағы YouTube бейнесін жасау құралын пайдаланыңыз. Жұмысқа немесе танымдық бейнелерге арналған сток бейнелерін ендіріңіз, дыбыс жазыңыз және субтитр генераторы арқылы жазулар қосыңыз. Көрсетілім бейнесін тікелей YouTube сайтына 1080p HD бейне ажыратымдылығымен бөлісуді ұмытпаңыз.
3. Slack
Slack жасаған өнім көрсетілімі бейнесі ыңғайлы байланыс пен бірлесіп жұмыс істеуді ерекшелеп көрсетеді. Онда ұжым өнімділігін автоматтандыру мен ЖИ арқылы арттыра алатын шынайы өмірден алынған сценарийлер көрсетілген. Бейне Slack қызметін жылдам команда құруға, рұқсаттарды бөлісуге және файлдардың бәрін бір жерден табуға мүмкіндік беретін интеллектуалды платформа ретінде жарнамалайды.
Сток анимациялары мен дыбыс әсерлері арқылы өз оқиғаңызды баяндау үшін тиімді әрі креативті өнім көрсетілімі бейнесін жасаңыз. Бейне қарқынын реттеу үшін жылдамдық жүгірткілерін, ал көрермен назарын ұстап тұру үшін тегін динамикалық фондық музыка қолдана аласыз.
4. Zendesk Sunshine
Zendesk сияқты өнім көрсетілімі бейнеңізді ауыр тиетін жерлерді бөлісу арқылы бастаңыз. Ауыр тиетін жерлерді көрсетілім бейнесінің алғашқы 30 секундында бөлісу арқылы көрермен өзін тыңдап, түсінгеннің қандай екенін сезеді.
Жай ғана кадрдан тыс дауысты, анимациялық атаулар мен мәтінді және сток бейнелерін қолдану арқылы кез келген платформамен үйлесетін осыған ұқсас өнім көрсетілімі бейнесін жасай аласыз.
5. Trello
Trello-ның өнім көрсетілімі бейнесі пайдаланушыларға өздерінің басқару құралынан пайда табу және әрекеттегі өнімді бөлісу жолын көрсетеді. Жарқын бейнеклиптер, анық хабарлар және шынайы өмірде қолдану жайттары арқылы Trello артықшылықтарды түсінікті түрде түсіндіре отырып, көрермендердің жүрегінен орын таба алады.
Онлайн экран жазу құралын пайдаланып экран жазу арқылы Trello сияқты бірден көрсетілім бейнесін жасай аласыз. Бірегей әдіспен сахналар арасындағы өтулер, жазулар қосып, өз брендіңіздің логотипін қосуды ұмытпаңыз.
6. Microsoft Copilot
Microsoft Copilot-тың өнім көрсетілім бейнесіндегідей арнайы мүмкіндіктерді, функцияларды және бірегей артықшылықтарды ерекшелеу арқылы өзіңізді бәсекелестерден бөлек көрсетіңіз. Microsoft 365 және смарт ЖИ мүмкіндіктерін қолдану арқылы Microsoft өзінің ұжым мүшелерімен нақты уақыт режимінде бірлесіп жұмыс істеуге болатынын көрсетеді.
Өнім көрсетілімі бейнесі үшін Мәтін қойыншасындағы "Машинкаға басылған" тақырыбы арқылы дәл сондай машинкаға басылған мәтін әсерін жасаңыз. Бейне бөлу құралымен жылдам кесулерді қолданыңыз. Оның ішінде ЖИ арқылы жасалған кадрдан тыс дауыс, субтитрлар және жүктеп алуға болатын бейне транскрипциялары бар.
7. Asana
Бұл ақпараттық өнім көрсетілімі – алдыңғы камерамен және визуалдық әсерлермен түсінуге оңай қадамдық нұсқаулық стиліндегі бейне. Көрермендер бейнеден брендтің даралығын, түсіндірмелерді және практикалық мысалдарды оңай анықтай алады.
Осыған ұқсас кәсіби өнім көрсетілімі бейнесін жасағыңыз келсе, веб-камера арқылы жазу құралын пайдаланып, еш қиындықсыз өзіңізді бейнеге түсіріп, көрсетілім бейнесінің үстіне салып қойыңыз. Бене фоны көңіліңізге томай тұрса, жасыл экран мүмкіндігін пайдаланып көріңіз.
8. SEMRush
SEMRush ақпараттық болса да, жаңа пайдаланушыларға қолайлы өнім көрсетілімі бейнесін бөліседі. Онда олар өздерінің не істейтінін және пайдаланушылардың да соны оңай жолмен істей алатынын көрсетеді. Бөлінген экран бейнелерін қолдану арқылы күрделі ақпаратты пайдаланушылармен қызықты әрі бастапқы деңгейде бөлісуге болады.
Сондай мәнердегі өнім көрсетілімі бейнесін жасау үшін веб-камера арқылы жазу құралымен өзіңізді бейнеге түсіріңіз де, экранды бөлу бейне техникасын пайдаланып, сурет ішіндегі сурет мүмкіндігін қосыңыз.
9. Adobe Creative Cloud
Adobe Creative Cloud ұсынған бұл көрсетілім бейнесі графикалық суретшілер өздерінің креативті дизайндарына пайдалана алатын 20 қолданбаға толық шолу жасап көрсетеді. Көрсетілім бейнесі әралуан қызметтерді түсіндіріп жатса да, көрермендер олардың негізгі мүмкіндіктерін, артықшылықтарын және қолдану жолдарын оңай анықтай алады.
Өнім көрсетілімі бейнеңізді Adobe сияқты өңдеңіз: жоғары бейне қарқынын, жапсырмалар мәтін және эмоджилер сияқты қабаттасуларды, сондай-ақ бір-екі тегін фондық музыка пайдаланыңыз.
10. Notion
Notion AI өнім көрсетілімі бейнесі – жасанды интеллектіні Notion қызметіне интеграциялауды атап көрсететін қысқа түсіндірме. Бейнеде Notion AI қызметінің сізге посттар генерациялауға және идеяларыңызды алға тартуға қалай көмекстесе алатыны түсіндіріледі.
Осындай өнім көрсетілімі бейнесін жасау үшін экран жазбасын, кадрдан тыс дауысты, автоматты субтитрларды және мәтін қабаттасуын пайдаланыңыз.
Қызықты өнім көрсетілімі бейнелерін жасауға қатысты кеңестер
Бейнеңіздің мақсатын анықтап алыңыз: ол үшін суреттік сценарийді қолданыңыз. Сатылымды арттыру және бұрыннан адал пайдаланушыларға нұсқаулық беру үшін өнімнің мүмкіндіктерін немесе функцияларын көрсетуді ұмытпаңыз.
Аудиторияңызбен әрекеттесіңіз: онымен танысыңыз, қажеттіліктері мен кедергілері туралы біліңіз. Айтқыңыз келген негізгі ойды бейнеңіздің алғашқы 30 секундында жеткізуге тырысыңыз, сол кезде болашақ клиенттеріңіз бейнені елемей кетіп қалмайды. Бейнеңіз тым ұзақ болса, оны бейне қию құралымен қиып көріңіз.
Маңызды мүмкіндіктер мен артықшылықтарды ерекше бөліп көрсетіңіз: ең маңызды өнім мүмкіндіктерін талқылап, олардың белгілі бір мәселелерді қалай шеше алатынын түсіндіріп беріңіз. Болашақ клиенттерге өніміңіздің бағалылығын және оны қалай дұрыс қолдануға болатынын білуге көмектесу үшін артықшылықтарды ерекшелеп қойыңыз.
Кәсіби бейне техникаларын пайдаланыңыз: анық өнім көрсетілімі бейнелерін жасау үшін жоғары сапалы сток бейнелерін, суреттерді, арнайы әсерлерді және анимацияларды пайдаланыңыз. Сонымен қатар көрсетілім бейнеңіздегі белгілі бір эмоцияны көрсету үшін бейне сүзгілерін, дыбыс әсерлерін және түс түзету құралын пайдалана аласыз.
Әлеуметтік желіге HD сапасындағы бейнелерді жариялаңыз: көрсетілім бейнеңізді қай платформада бөліскіңіз келсе де, HD бейнелеріңізді үнемі 1080p бейне ажыратымдылығында экспорттап жүріңіз.
Фирмалық бейне жасаудың қосымша жолдарын білгіңіз келсе, бейне презентация жасаумен немесе фирма жинағы құралын пайдалану жолымен танысыңыз.
Clipchamp көмегімен кәсіби көрсетілім бейнелерін өңдеуді бастаңыз немесе Windows-қа арналған Microsoft Clipchamp бағдарламасын жүктеп алыңыз.