TikTok туралы мақалалар

TikTok бейнелеріне толық нұсқаулық 

2024 ж. 20 мамыр күні жаңартылған
Christie Passaris жазған

Назар аударыңыз!Бұл контент Clipchamp видеоредакторының жеке аккаунттарына қатысты.Жұмыс аккаунттары үшін Clipchamp туралы ақпарат іздеп жүрсеңіз, мына сілтемені қолданып көріңіз.

Clipchamp - тегін онлайн бейне өңдеу құралыТегін пайдаланып көріңіз
Бұл жазбаны бөлісу
Collage of images showing a woman working on her laptop, a woman selling items in a shop and a gaming preview.

Дүниежүзі бойынша 1,8 миллиардтан астам пайдаланушысы және кең ауқымды демографиясы бар TikTok әлемдегі жетекші бейнемен бөлісу қолданбаларының бірі. Дегенмен TikTok жай ғана қызықты видеолар мен билеген адамдардың видеоларын бөлісетін қолданба емес.Жанкүйерлердің таңдаулы қолданбасы трендтер, челлендждер, кадрдан тыс дауыстар және брендтік маркетинг арқасында өркендеп отырған негізгі ойын-сауық және жаңалықтар көзіне айналды.

TikTok туралы толығырақ білгіңіз келсе, осы жерде бәрі жазылған.Авторлар мен брендтер TikTok видеолары туралы білуі керек нәрселердің барлығы (оның ішінде, форматтар мен сипаттамалар, трендтегі дыбыстар) және Clipchamp видеоредакторы арқылы керемет TikTok видеосын қалай жасауға болатыны туралы ақпарат.

TikTok мәдениетінің мәні

Ащы тағам челлендждері мен 15 секундтық би трендтерінен бастап көңілді кадрдан тыс дауыстар мен видеоны монтаждау әдістерін ұсынып, TikTok авторлардың бірге жиналуына, ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне және контент жасау барысында ашық болуына мүмкіндік береді.TikTok челлендждері, трендтер, хэштегтер және дыбыстар әдетте TikTok қолданбасында бірнеше ай трендте болатындықтан, оны көрген сәттен трендке іліге кету маңызды.

Мысалы, "I can buy myself flowers" TikTok трендін қарастырайық.Майли Сайрустың хитке айналған "I can buy myself flowers" әні 24 секундтық аса назарға ие болған трендтік TikTok дыбысына айналды, бұл ән шығарылған күннен кейін 3 ай ішінде 35 миллионнан астам көру санына ие болды. Кейде пайдаланушылар жаңа саундтректі радиодан немесе Spotify-дағы жаңа хиттер тізімінен емес, TikTok-тан естиді.Бұл TikTok трендтерінің қарқыны жақын арада бәсеңдемейтінін және жаңа жасаушылар, бизнестер, тіпті коммерциялық емес ұйымдар үшін ең үздік маркетингтік стратегиялардың бірі.

TikTok форматтарының түрлері

Жасаушылар пайдаланатын танымал 4 TikTok видео пішімі: TikTok жарнамалық бейнелері, кескінді слайд-шоу бейнелер, стич бейнелер және TikTok оқиғалары.Осы TikTok бейнелерінің барлығы бірдей пішім мен сипаттамаларға сәйкес келеді.

TikTok бейнесіне қойылатын талаптар:

  • Бағдар: тік бейне ұсынылады, дегенмен көлденең бейнеге де рұқсат етіледі.

  • Қырлар арақатынасы: 9:16, 1:1 немесе 16:9 қырлар арақатынасы.Барлық бейнені 9:16 кітаптық қырлар арақатынасында жасауды ұсынамыз.

  • Файл өлшемі: iOS жүйесі үшін 287,6 МБ немесе Android жүйесі үшін 72 МБ.

  • Файл түрі: MP4 және MOV.

  • Ұзындығы:TikTok бейнелерінің ұзындығы 15 секундтан 10 минутқа дейін созылады.

TikTok жарнамалық контентінің түрлері

Брендтер мен жасаушылар TikTok бейне жарнамалары мен TikTok кескін жарнамаларын жасай алады.

TikTok видео жарнамасына қойылатын талаптар:

  • Файл түрі: MP4, MOV, MPEG, 3GP немесе AVI.

  • Қырлар арақатынасы: 9:16, 1:1 немесе 16:9 қырлар арақатынасы.

  • Бейне ұзақтығы: 5-60 секунд аралығы (9-15 секунд аралығы ұсынылады).

  • Бейне ажыратымдылығы: ең көбі 540 x 960 пкс, 640 x 640 пкс немесе 960 x 540 пкс.

  • Ағын жылдамдығы: ≥516 кбит/с

  • Файл өлшемі: 500 МБ ішінде

  • Жарнама сипаттамасы: 1-100 латын әліпбиі әріптері мен 1-50 азиялық таңбалар.

  • Қолданба немесе бренд атаулары: 4-40 латын әліпбиі әріктері мен 2-20 азиялық таңбалар.

TikTok кескіні жарнамасына қойылатын талаптар:

  • Файл түрі: JPG, JPEG, PNG.

  • Кескін ажыратымдылығы: 720 x 1280 пкс.

  • Файл өлшемі: 100 МБ ішінде

  • Жарнама сипаттамасы: 1-100 латын әліпбиі әріптері мен 1-50 азиялық таңбалар.

  • Қолданба немесе бренд атаулары: 4-40 латын әліпбиі әріктері мен 2-20 азиялық таңбалар.

TikTok-тағы жарнамалардың алуан түрлі екенін көрсететін TikTok-тағы үш жарнамадан тұратын жинақ

TikTok жаңа жасаушылар үшін YouTube платформасынан қалай ерекшеленеді?

TikTok трендтерді атап өту және әртүрлілікті қабылдау арқылы тұтынушылардың бейнелерді жасау және көру әдісін өзгертті.Авторлар түрлі жанрдағы бірнеше секундтық шағын тік видеолармен бөлісіп, өздерінің жеке пікірлері мен сезімдерін ортаға сала алады немесе сұрақтарға жауап беріп, фонограммамен ән айтудан жарысқа түсе алады.Тезірек танымал болу мүмкіндігінің, TikTok-тағы трендтердің, челлендждердің және көп таралып жатқан дыбыстардың жылдам өзгеруінің арқасында жаңадан бастап жатқан авторлардың "Ұсыныстар" (FYP) бетіне шығуына және жарнама жасаушыларды іздеп жүрген брендтердің көзіне түсуіне мүмкіндік береді. Пайдаланушы жасаған контент ( мысалдарды қараңыз) TikTok пайдаланушы мәдениетінің үлкен бөлігі, бұл жаңа жасаушыларға таңдаулы брендтерінің назарына түсуіне, ауқымды арттыруға, тіпті демеушілік көмек алу мүмкіндігін береді.

Екінші жағынан YouTube-ке 16:9 кең экранды ойын видеоларын, влогтер және қорап ашу видеоларын салған жөн.Дегенмен видеоплатформада жазылушылар мен қауымдастық құру ұзағырақ уақыт алуы мүмкін, өйткені алгоритм іздеу жүйесін оңтайландыруға, іздеуге және ұсынылған видеоларға негізделген. Өзекті тақырыптарды қозғап, қауымдастықты қызықтыру үшін TikTok авторлары видеоны TikTok платформасына жариялаудың ең ұтымды уақытын таба алуы керек, сондай-ақ YouTube арнасын жасап алғаны да жөн. Сондай-ақ кейбір авторлар TikTok платформасында өз YouTube подкастілерін насихаттағанды ұнатады.

Брендтер де контент авторлары сияқты трендтен қалмай, видеолардың көмегімен ерекше маркетингілік қадамдар жасау үшін авторларға жазылып қоюына болады.Сахна сыртындағы және қызметкерлердің үй жануарларымен кездесуі сияқты қызықты бейнелер арқылы брендтер қолданбаны пайдалану ұзақтығын арттыру мақсатында кез келген нәрсе туралы TikTok бейнелерін жасай алады.Тұтынушылар өздеріне таныс брендтерді сатып алғанды жақсы көреді. Сондықтан TikTok – есте қаларлық видеомен бөлісудің және трендте болудың таптырмайтын құралы.Мақсатты аудиторияңыз миллениалдар немесе бумерлер болсын, TikTok бренд туралы хабардарлықты, ықтимал тұтынушылар санын көбейтіп, сатылымды арттырады, тіпті қысқа уақыт ішінде трендке айналуы мүмкін.

TikTok-тағы тренд дыбыстары

TikTok дыбыстары – қолданбаның негізгі атрибуты және TikTok пайдаланушыларының 90%-ы жаңадан шығарылған синглдар мен күлкілі дауыстық әсерлер қолданбаның сәтті болуында маңызды рөл ойнайды деп санайды. Бірақ кейде авторлар қолданбадан қажетті TikTok дыбысын таба алмай жатады. Оның орнына TikTok-тағы видеоңыздың деңгейін бірегей дауыс әсерлерінің көмегімен көтеріңіз.Үй жануарларыңыздың ішкі ойларына еліктеген немесе өз дауысыңызға арнайы әсерлер қосқан жағдайда да, дауысты дыбыстау функциялары арқылы бейнеңіздің ортақ пайдалану мүмкіндігі мен қызықтыру деңгейін арттырыңыз.

Жақсы TikTok видеоларын қалай жазуға болады?

Жақсы TikTok бейнелерін жазу үшін, оны жарияламас бұрын бейне контентіңізді жоспарлауды ұсынамыз.

  1. TikTok бейнесінің стилі мен эстетикасын және оның трендке сәйкестігін анықтаңыз.

  2. Сценарий жазыңыз және қайталаңыз.

  3. TikTok бейнеңізге суреттік сценарий жасаңыз.

  4. Заманауи смартфон немесе сапасы жақсы камерамен жазыңыз.

  5. Сапалы видео жасау үшін оны Clipchamp видеоредакторымен монтаждаңыз.

  6. Оған кадрдан тыс дауыстар, ауысымдар және сүзгілер сияқты арнайы әсерлерді қосыңыз.

  7. TikTok видеоңызға субтитрлер қосып, дыбыссыз көре беруге болатындай жасаңыз.

  8. Clipchamp видеоредакторынан TikTok платформасына тікелей бөлісіңіз.

Тікелей TikTok қолданбасында жазып жатсаңыз, жазбаны бастамас бұрын максималды бейне сапасын (1080p және 30 кадр/сек) қолмен қалпына келтіруді ұсынамыз.Сондай-ақ деректерді сақтау режимі қосулы болса, оны өшіріп қойыңыз.Бұл TikTok қолданбасында аса ықтимал жазба сапасын қамтамасыз етеді.

Эстетикалық TikTok контентін қалай жасауға болады?

TikTok – ерекше стиль мен сән үлгісін паш етуге, көңіл күйіңіздің қандай екенін көрсетуге және субмәдениетке қосылуға арналған әлеуметтік желі платформасы.Y2K және коттеджкордан қараңғы академия мен роялкорға дейін әр пайдаланушыға тән TikTok эстетикасы бар. Көңіл-күйіңізге сәйкес келетін стильді таңдайсыз да, Clipchamp арқылы видеоңызды монтаждап, қиялға толы аудиотрек сияқты стиліңізге сәйкес келетін әсер қоссаңыз болғаны.

@cozyteatok Just a little morning vlog! Making breakfast for my children. 🥹 my true happiness. #fyp #cozyathome #cottagecore #aesthetic ♬ original sound - marianne

Шығармашылығыңызға қанат байлап, видеоларыңыздың фонын өшіріп тастауыңызға және оның орнына стиліңізге сай келетін креативті суреттерді қойып қоюыңызға да болады.Clipchamp видеоредакторындағы Жасанды интеллект негізіндегі фондық суретті өшіріп тастайтын функция суреттеріңіздегі негізгі элементтерді оқшаулап алуға мүмкіндік береді. TikTok-тағы контентіңіз расында ерекшеленіп тұруы үшін, осы оқшауланған элементтерді видеоңыздың кіріспесінде, қорытындысында немесе тіпті креативті мәтіндік қабат ретінде де қолданыңыз.Мына мысалды қарап көріңіз.

Clipchamp видеоредакторының көмегімен жұмыс істелінде TikTok видеосын қалай жасауға болады?

Қарапайым 5 қадамды орындасаңыз, Clipchamp тегін онлайн видеоредакторының көмегімен трендтегі TikTok видеоларын жасап, оларды тікелей қолданбада бөлісу арқылы басқа контенттен ерекшеленіп тұрыңыз.

  1. Жаңа 9:16 пішімінде бейне жасаңыз немесе TikTok үлгісімен бастаңыз.

  2. Видеоларды уақыт шкаласына еш қиындықсыз сүйреп апарыңыз немесе каталогтегі алуан түрлі видеолардың бірін таңдаңыз.

  3. Бейнеңізді мәтін, ауысымдар, сүзгілер және дыбыстар арқылы жылдам жекелендіріңіз.

  4. Видеоңызды 1080p HD ажыратымдылығымен сақтаңыз.

  5. Экспорттау бетінен тікелей TikTok платформасына оп-оңай бөлісуге болады.

TikTok аналитикасын пайдалану жолы

TikTok бейнеңіздің сәтті болуына бірнеше фактор ықпал ететінін есте сақтаңыз.Оған хэштегтің ауқымдылығы, нишаның өлшемі және дауыстық қаншалықты көп таралғандығы сияқты факторлар кіреді.Хэштегтер, жазылушылары бар пайдаланушы профильдері, "Ұнату" белгілері бар толық жазбалар, кілт сөздер, тіпті бейне идеяларын жоспарлау кезінде бәсекелестерді зерттеуде көмектесетін комментарийлер бойынша іздеу нәтижелерін алу үшін жақсы TikTok скреперін пайдалануға болады. Дегенмен TikTok видеоларыңыздың қамту ауқымын қалай арттыруға болатынын түсінуге көмектесетін сандарды іздесеңіз, TikTok аналитикасын қараңыз.

Қолданбаға кіріктірілген жасаушы құралы жазылушыларыңыздың жасын, орналасқан жерін, демографиялық деректерін, контентті көру санын, тіпті көрермендер аудиториясы мен трафик көзі сияқты көрсеткіштерді өлшеуге мүмкіндік береді.Осы TikTok аналитикасының мағынасын түсіну және оны өз пайдаңызға пайдалану профиліңізді кеңейтуге көмектеседі.

TikTok жасаушы аналитикасын табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Профиліңізді түртіңіз, содан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы көлденең сызықтарды түртіңіз.

  • Жасаушы құралдарын түртіңіз.

  • "Аналитика" қойындысын түртіңіз.

Screenshot of how to access TikTok's analytics platform from the mobile app

Жиі қойылатын сұрақтар

TikTok-та "расталған тіркелгіні" қалай алуға болады?

Авторлар TikTok-та расталған танымбелгі сұрай алады, бірақ ол үшін тіркелгі ерекше, бірегей әрі белсенді болуы керек. TikTok профиліңіздің қауымдастық нұсқаулары мен қызмет көрсету шарттарына сай болғаны да өте маңызды.

TikTok-та барлық комментарийді жасыруға бола ма?

Иә. Авторлар кілтсөздерді жасыру және комментарийлер бөлімін толықтай өшіру арқылы барлық комментарийге сүзгі қолдана алады. Комментарийді жасыру үшін комментарийді солға сырғытып, "жасыру" түймесін түртіңіз. TikTok бейнесінде комментарийлерге сүзгі қолдану әдісі туралы ақпарат алу үшін TikTok нұсқаулығына өтіңіз.

TikTok профиліңізде басуға болатын сілтемені қалай жасауға болады?

TikTok-тағы өмірбаяныңызға сілтеме қосу үшін "Профильді өңдеу" түймешігін, содан кейін "Веб-сайтты қосу" түймешігін басыңыз.Сілтемені қалаған жеріңізге көшіріп қойыңыз.

Бейне сапасын жоғалтпай, TikTok-қа қалай жүктеп салуға болады?

TikTok қолданбасында бейне жазып немесе өңдеп жатқан кезде, TikTok жүктеп салынатын бейне сапасын ескертпей автоматты түрде өзгертеді.Сапа жоғалмауы үшін, TikTok бейнесін Clipchamp-та жасауды ұсынамыз.Қосымша ақпарат алу үшін нашар бейне сапасын түзету жолы туралы блогты қараңыз.

Бейнені Clipchamp-тан TikTok-қа жүктеп салу тегін бе?

Иә, Clipchamp-тың TikTok интеграциясын пайдалану тегін. Алайда бейнеңізде каталогтік бейне немесе аудио сияқты премиум элементтер болса, тіркелгіңізді қолжетімді Premium жоспарына жаңартуыңыз керек болуы мүмкін.

Тіркелгіңізді жаңартқыңыз келмесе, каталогтік ресурстарды ауыстырып, тегін каталогтік ресурстармен кәсіби деңгейдегі бейнені қайта жасасаңыз болады.

Есте қаларлық TikTok видеоларды жасауға дайынсыз ба?Бірнеше рет басу және түрту әрекеті арқылы Clipchamp көмегімен трендтегі TikTok видеоларын монтаждаңыз және бөлісіңіз.

TikTok-қа қатысты пайдалы кеңестер ала бергіңіз келсе, ауқым мен қызықтыру деңгейін еш қиындықсыз арттыру үшін TikTok видеоларын Instagram платформасына жариялау жолын көріңіз.

Clipchamp блогынан қосымша

Ойынға қатысты брендті кіріспе қыстырма видеоны жасау әдісі

2024 ж. 19 қазан
YouTube-тағы 443 000 астап ойын арналары арқылы ойын тамашалауға және контент жасау…

Ойынға қатысты жарқын сәттер видеосын жасау әдісі

2024 ж. 18 қазан
Ойын процесіндегі ең үлкен жеңістерді немесе көңілді сәтсіздіктерді қорытындылағыңыз…

Жаңа! Clipchamp-тегі ЖИ негізінде жұмыс істейтін видеоредактор

2024 ж. 8 қазан
Clipchamp-тегі ЖИ негізінде жұмыс істейтін видеоредакторды қарсы алыңыз. Автоматты…

Clipchamp көмегімен тегін бейнелер жасауды бастаңыз

It looks like your preferred language is English